Алматы «мектеп»


САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТАРИХИ ТӘСІЛ ЖӘНЕ ТІЛ



бет3/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТАРИХИ ТӘСІЛ ЖӘНЕ ТІЛ
БІЛІЛІІ
XX ғасырдың басынан бастап лигвистикалық теорияның маңызы күшейе түсті, тіл проблемаларына математик, физик, физиолог, психолог, логопед тағы басқалардың назары шұғыл аударылды. Олар лингвистика жетістіктерін пайдалана отырып, тіл біліміне қазір де үлкен үлес қосуда.
XIX ғасыр тіл білімі тарихында ерекше орын алады. Өйткені бұл кезде тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ғылыми негізде дұрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп қарауға мүмкіндік туғызған салыстырмалы-тарихи тәсіл пайда болды. Бұл тәсіл тіл білімінде көптеген күрделі проблемаларды зерттеп, олардыц қыр-сырын дұрыс аңғаруға бір сыдырғы мүмкіндік жасады. Мәселен, бұл тәсілдің қалыптасуына байланысты туыстас тілдердің өзара қарым-қатынасын, төркіндестігін сондай-ақ, әрбір нақты тілдің дамуын кезеңдерге бөлу тәрізді мәселелер қарала бастады. Салыстырмалы-тарихи тәсіл дамуындағы жалпы және жалқы заңдылықтарды дұрыс түсінуге едәуір әсерін тигізді.
Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде әлдеқашаи өмір сүруден қалған көне, өлі тілдердің құпия сырларына үңілуге мүмкіндік туды. Бұл жайт, біздің ертедегі халықтар тарихы жөніндегі, тілдің грамматикалық және лексика-семантикалық даму процестері туралы бұрынғы, әсіресе, индоевропалық топтағы тілдер жайлы түсінігімізді біршама толықтыра түсті.
Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке тілдер мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам жасалды. Сөйтіп, ғылыми тәсіл тіл білімінің жеке, дербес пән ретінде дамуына кең жол ашып берді. Лингвистика тарихындағы аса бір шешуші кезең, міне, дәл осы уақыттан басталады.
Салыстырмалы-тарихи тәсіл жеке бір елде ғана пайда болған жоқ. Тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеу идеясы бірсыпыра елдерде, ірі лингвистер еңбектерінде бір кездерде, дәлірек айтсақ, XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Оған себеп болған — европа тілдерінен жинақталған азды-көпті материалдар мен санскрит тілі сырының ашылуы.
Алғашқыда, көбінесе, тілдердегі кейбір сөздердің фонетикалық және семантикалық ұқсастығы өзара салыстырылды.
XIX ғасырдың бас кезінде салыстырмалы-тарихи тәсілді қалыптастыруға себеп-негіз болған басты-басты лингвистикалық еңбектердің бірі даниялық Расмус Расктың (1787—1832) «Ертедегі солтүстік немесе исланд тілінің шығу тегін зерттеу» атты кітабы. Ғалым бұл еңбегімен 1814 жылы конкурсқа қатынасты, еңбек 1818 жылы баспадан шықты.
Бұл еңбектердің жарық көруі нәтижесінде салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізі қаланды деуге болады. Бұл шығармаларда тілдерді өзара салыстыруды олардың грамматикалық формасына талдау жасаудан бастау керектігіне көңіл бөлінді. Тілдердің туыстығы деген мәселе грамматикалық формалардың жақындығы байқалғанда ғана дәлелденетініне назар аударылды.
Ал сөздік құрамға келетін болсақ, жеке сөздердің ұқсастығы салыстыра-зерттеліп отырған тілдер бір-бірімен туыс дегенге сенімді дәлел бола алмайды. Өйткені белгілі бір дәуірде белгілі бір халықтар тілдерінің лексикалық элементтері түрлі себептермен бірінен екіншісіне, екіншісінен үшінші-төртінші, тіпті одан да көп тілдерге ауысып отырады.
Сондықтан тілдердің грамматикалық форманттарында дәлме-дәл ұқсастықтар байқалғанда ғана сөздердің лексикалық ұқсастығын (сайма-сай келуін) көмекші материал ретінде пайдалаиуға болады. Оның үстіне лексикада алдымен түбір сөздер алынады да, олардың қазіргі және ертедегі мағынасы ескеріледі.
Тіл тарихын кезеңдерге бөлгенде, тілдің барлық аспектілерінің дамуы түгелдей дерлік есепке алынуы шарт емес. Өйткені тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, оған белгілі бір тұрақтылық қалып қажет. Ал, тілдің тұрақтылығы өзінің жеке компоненттерінің бір қалыпты емес, түрлі-түрлі уак.ыгтардагы даму дәрежесінен көрінеді. Тілдің белгілі бір сапасы өзгеріс процесінде болған кезде, оның басқа сапалары шартты түф- де тұрақты деп алынады. Сөйтіп, тіл функниясында ешбір үзіліс болмайды, оның коммумикативтік күші еш- қашан да әлсіремейді.
Мәселен, сөздік кұрам жаңа сөздермен едәуір толығып отырады. Жаңа сөздер мағынасы сол тілдің байырғы сөздерімен тіркесуі арқылы, контекст арқылы оп- оңай ашылады. Жаңадан пайда болды деген сөздер контексті түсінуге кедергі келтірмейді. Ал тілдегі грамматикалық сапаның өзгеріске ұшырауы өте жай, баяу түрде жүзеге асады; грамматикалық сапалар тұрақты, өзгеріссіз қалыпта болады. Грамматикалық критерийлер, негізінен ерекше бытыраңқы болады және әр мезгілде туады. Сондықтан да олар тілді тарихи кезеңдерге бөлуге бірден-бір меже бола алмайды. Солай бола тұра, кейбір тілдерді даму ерекшеліктеріне байланысты тарихи кезеңдерге бөлгенде, олардыц грамматикалық критерййлері де катыстырылған кездер болған. Мәселен, ертедегі иран тілінің орта иран тіліне ауысу процесінде флекциялары бұзылып, грамматикалық қарым-қатынас әдісі синтетикалық тәсілден аналитикалық тәсілге көш- ті. Дегенмен, грамматикалық бұл кұбылыстардың түп төркіні дыбыстык факторларда жатыр еді. Ол — сөз өзгерту элементтерінің фонетикалық ыдырауьт. Сондықтан, лексикалық критерийлер де тиімсіз. Өйткені тіл өмір сурген барлық уақытта лексика азлы-көпті толығып (байып) отырады да, тіл тарихын кезеңдерге бөлуге тиек боларлықтай негіз бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет