Алматы «мектеп»


ПРАГА (ФУНКЦИОНАЛДЫ ЛИНГВИСТИҚА)



бет8/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

ПРАГА (ФУНКЦИОНАЛДЫ ЛИНГВИСТИҚА)
МЕКТЕБІ
Структурализм тіл біліміндегі өз алдына белгілі бір сипатқа ие болған бағыт ретінде XX ғасырдың 30 жылдарында қалыптасты. Ол алдымен Прага лингвистері қоғамы арасында қалыптасты. Ең алдымен Прага лингвистика үйірмесі ашылды. Бұл үйірмеде орыс лингвистерінен Н. Трубецкой, Р. Якобсон, чех лингвистерінен В. Матезиус, В. Скаличка, Ф. Травничек, Б. Гавранек т. б. болды. Үйірменің ұйтқысы да — осылар еді. 1929 жылы прагалық лингвистикалық үйірме чех тілінде «Прага лингвистика үйірмесінің тезистерін», яғни өз программасын жариялады. Онда зерттеу жұмыстарының негізгі теориялық қағидалары мен тілдік материалдарды талдаудың тәсілдері айтылды. Шетел лингвистикасының тарихында әйгілі болған бұл программа Прага мектебінің арнаулы «Еңбектер» («Труды») деп атала тын органының бірінші санында жарияланды. Мұнда өздерін Ф. де Соссюрдің шәкірті санайтын барлық тілшілердің еңбектері жарияланатын. Сөйтіп, ресми түрде дәл 1926 жылы құрылған Прага лингвистика үйірмесі Ф. де Соссюрдің идеяларын дамытып қана қойған жоқ, сондай-ақ, Бодуэн де Куртенэнің де көптеген ойларын, әсіресе, оның фонема жайлы қағидасын жандандыра түсті. Мәселен, Прага структурализмінің көрнекті өкілдерінің бірі Н. С. Трубецкой (1890—1938) структурализмнің дамуы үшін Бодуэн де Куртенэ еңбектерінің зор маңызы болғандығы жайлы былай дейді: «Дыбыстар жайлы жүйелей баяндайтын екі түрлі ілімнің болуы қажет деген ойды бірінші болып айтқан — Бодуэн де Куртенэ болды».
Прага мектебі өздерінің фонология деп атаған фонема жүйесі туралы ілімді егжей-тегжейлі зерттеуге ерекше назар аударды. Прага структуралистерінің концепциясы бойынша, тілдің жалпы грамматикалық және лексикалық құрылысын фонема жүйесі мен осы жүйенің ерекшеліктері анықтайды. Сондықтан да фонология структуралық зерттеулердегі негізгі пән ретінде тіл білімінде оқшауланып бөлініп шығарылды.​​
Жоғарыда структуралистердің фонетика мен фонология арасына шек қоятынын айтып өттік. Мәселен, Н. С. Трубецкой фонетиканы тілдегі дыбыстардың физика-физиологиялық табиғатын,.ал фонология әрбір нақтылы тілдегі дыбыстардың мағына ажырату функциясын зерттейтін ғылым деп түсіндірді. Бұл арада Н. С. Трубецкой индивидуальды сөйлеу акты мен тіл құрылысы .арасындағы айырмашылықтың бар екендігі туралы Ф. де Соссюр тезисіне сүйеніп, қорытынды жасап отыр. Н. С. Трубецкой: «Тіл структурасы сол тілдік коллективтің барлық мүшелерінің санасында өмір сүреді және ол санасыз көп нақтылы сөйлеу актылары ның негізінде жатады»,— дейді. «Осыған сәйкес,— деді одан әрі Н.С.Трубецкой,— сөйлеудегі дыбыстарды, фонемаларды ажырата білу керек». Оның түсінігі бойынша, сөйлеудегі дыбыстар — индивидуальды сөйлеудің элементі. Ал фонема — физикалық материяға ие емес, тек қана функция болып табылатын тіл структурасының элементі.
Н. С. Трубецкой 1939 ж. Прага үйірмесінің органын да басылған еңбегінде фонеманы анықтау мәселесін сөз еткен Бодуэн де Куртенэ ойына қосылмай, басқаша пікір айтады. 
Н.С. Трубецкой фонемаға өзінше материалдық қасиеттен айрылған элемент деген анықтама береді. Ол былай дейді: «Фонема дегеніміз — алдымен өзінің функциясы тұрғысынан анықталатын функционалдық ұғым». Сонымен фонеманы Трубецкой реалды дыбыстық кұбылыс ретінде емес, барлық материалдықтан айрылған толық абстнакция ретінде қарайды.
Фонеманы бұлайша түсіну идеалистік көзқарас болып табылады, өйткені ол ой мен тіл бір-бірінен бөлек, байланыссыз өмір сүруі мүмкін деп ұйғарады. Сөйтіп, структуралистердің ойы бойынша фонетика — индивидуальды сөйлеу туралы ғылымның бөлімі, ал фонология — тіл туралы ғылымның негізгі бөлімі.
Баска структуралистер сияқты, Трубецкой де бір тілдің фонология жүйесін анықтау үшін оны баска тілдің Фонологиялык жүйесіне қарама-қарсы қою керек деген ой айтады. Структуралистердің пікірі бойынша, екі тілдің арасындағы Фонемаларлың айырмашылығын аныктауға мүмкіншілік береді. Бұл арада структуралистер «жүйе» және «структура» терминдерінің мазмұнына ерекше мағыналық реңк береді, дегенмен, өздері осы бір ізділікті ұстамайды, Фонология — Прага структуралистерінше, тіл жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын ілім. Ең алдымен, ол нақтылы тілдердің фонологиялық жүйесін талдау және анықтаумен шұғылданады. Бұл — Прагалық мектептің «Фонология жүйесі» деп аталатын негізгі бөлімі. Фонологияның екіңші міндеті—тіл өзінің фонологиялық жүйесін, тілдің ірі единицаларын, атап айтқанда сөз, морфема, сөйлемді кұрау үшін қалай пайдалану керек деген проблеманы шешу.
Зерттеліп отырған тілдік единицалардың ерекшелігіне сай фонологияның мынадай салалары құрылады: сөз фонологиясы, морфонология, синтагма фонологиясы. Фонологияның бұл салалары дыбыс комплекстерін құру үшін фонемалық тіркестердің комбинациялық мүмкіншілігін анықтайды. Бұл комбинациялық мүмкіншілік тілдердегі фонемалардың санына, немесе Н.С.Трубецкой сөзімен айтқанда, зерттеліп отырған тілдің фонемалық инвентарына сүйенеді. Оның пікірі бойынша, фонеманың санын сөз байлығы, тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігі, интонациялық тәсілдер т. с. с. анықтайды.
Тілдің фонологиялық құрылысының ролін бұлайша артықбағалау, әрине, дұрыс емес, өйткені тіл — өз-өзінен және өзі үшін пайда болған емес. Тілді жаратқан — қоғам, тіл қоғам қажетін өтейді, қоғамға қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қоғам тілді. оның ішінде фонемаларды өз қажетіне қарай, өзінің ой-өрісінің, әлем жөніндегі түсінігінің даму дәрежесіне қарай пайдаланып отырады.
Тілдің фонемалық құрамындағы түр өзгерістері мен сандық қатынастарды белгілі бір дәрежеде оның грамматикалық және лексикалық элементтері анықтауы мүмкін. Мысалы, қытай-тибет тобына жататын түбір тілдер структурасының бір буынды болуы, оның фонемалық құрамының сан жағынан артуын талап етеді. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың айтуынша, бирма тілінде 112 фонема бар. Бұл жайт сөз құрылымының қандай да бір түрінде болмасын, (сөз бір буынды болуға және дауысты дыбысқа бітуге тиісті) сөздік қордың қажетін өтейді, оларды керекті сөзбен қамтамасыз етеді.
Ондай фонемалар адам ойынан шыққан барлық ұғымдарды материалдандыру үшін толық жеткілікті. Ал индоевропа тілдерінің флективті кұрылысы олардын көп буынды болуына әсер етеді. Бірақ бұл тілдердің бір ерекшелігі — фонемалық құрамның сан жағынан мол. көп болуын қажет етпейді.
Н. С. Трубецқойдың ойы бойынша, осы белгілердің бірі жоқ тілді (тіпті сөздікте ұқсастықтары болса да) индоевропа тілдер семьясына жатқызуға болмайды. Ол кісіше, өзінің формальдық элементтерін және сөздік құрамының басым көпшілігін индоевропа тілдерінен басқа тілдерден қабылдап алғанымен, жоғарыда аталған структуралық алты белгіні сақтаған болса, ондай тіл индоевропа тілі деп есептеледі. Трубецкойша, егер тіл осы алты белгінің бірінен ажыраса, ол индоевропа тілі қатарына жатудан қалады. Осыған орай, Н. С. Трубецкой тіл құрылымындағы осы алты белгінің бәрі бірден бір тілден табылған күні — индоевропаның тағы да бір тілінің туылған күні болып есептеледі деп қуаиды. «Территориялық жақындық та бірнеше тілдердің индоевро па тіліне айналуына себеп болуы мүмкін»,—деді.
Н. С. Трубецкойдың индоевропа тілдерінің қалыптасу процесіне тарихи даму процесі тұрғысынан қарауы дұрыс-ақ. Ол процеске белгілі бір халықтар тобының атам заманғы тарихы және территориялық іргелестігі себепкер.
Бірқатар тілдерді зерттеу үшін тілдер одағы идеясы тиімді тәсілдің бірі. Мысалы, Қавказ, қытай-тибет т. б. сол сияқты Балқан халықтары тілдерінің өзара байланысын зерттеу ол тілдердің құрылымдық және материалдық жалпылылығын анықтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет