3. « Менің кіші Отаным» атты жоба қорғау
- Қарасай ауданының орталығы - Қаскелең қаласының шығысында 5 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстігіндегі тау алды қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Алмалыбақ ауылының тарихы Қазақ егіншілік және өсімдік шарушылығы ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланысты. 1934 жылы Алматы қаласындағы орталық тәжірибе танабында зерттеу жұмыстарын бастаған ғылыми-зерттеу институты 1959 жылы институт директоры Ерлепесов Мұхамеджан Ноғайұлының ұсынысы бойынша Алматы қаласынан қашық емес Алматы-Ташкент күре жолына таяу, суы мол, топырағы құнарлы, шөбі шұрайлы жерге қоныс аударды. Мұхамеджан Ноғайұлы аз ғана уақытта бос жатқан жерге ғылыми қалашық тұрғызуға көп еңбек етті.
Институт ғалымдары КИЗ атауын өзгерту үшін жабық конкурс жариялаған болатын. конкурс нәтижесін шығару үшін жалпы жиналыс ұйымдастырылды. Жабық конкурсқа 5-6 ғылыми қызметкерден ұсыныстар түскен екен. Дауысқа салған кезде Алмалыбақ атауы ғалымдардың көп даусын жинады. Бұл атауға ұсыныс жасаған ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нұрғали Әлдеков екен. Осы жиналыстың хаттамасы Алматы облыстық мәслихатына жолданғаннан кейін 1998 жылдың 30 қазандағы №23-181 шешімімен Алмалыбақ кенті болып аталды.
Алмалыбақ орта мектебі 1963 жылы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының мектебі болып ашылды. 2005 жылы мектепке гимназия статуты беріледі. 50 жылдан астам тарихы бар білім ордасы.
Қарасай аудандық атқару комитетінің 1991 жылғы 15 маусымдағы шешімі бойынша Әбу-Насыр Әл Фараби есімі берілді.
2007 жылы 7 тамызда Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясы статусына ие болды.
Бүгінде Зерттеу институты шығарған сорттар мен будандар Қазақстанда және таяу шетелдерде 2,5 млн. га егістік алқапта өсірілуде. Бұған қосымша соңғы 10 жыл ішінде институт ғалымдары 57447 үлгіге талдау жүргізіп, астық, дәнді бұршақ, техникалық, майлы, жарма және мал азықтық дақылдардың ұлттық генетикалық қорын қалыптастырды. Мәселен, осындай көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде институтта жоғары өнімді әрі өнімі сапалы, қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының 400-ден астам сорты мен буданын шығарды. Олардың 135-і өндіріске пайдалануға рұқсат етілген.
1998 жылы негізі қаланған болатын. кәсіпорын Үндістанның, Цейлонның және Кенияның плантацияларында өндірілген "Алтын Кесе", "Табо", "Даржилинг", "Сарацин", "Самовар", "Лондон", "Байховый №1", "Той", "Radj", "Традиция", "Бодрость", "Заварка из Индии" деп аталатын шай өнімдерін нарыққа шығаруда. Өнімдер Қазақстанның барлық аймақтарына және ТМД елдеріне таралады.
Болатбек Омаров ұжымдастыру кезінде «Политотдел» колхозының малын қорғау жолында бай-кулактарға қарсы күресте қаза тапты. Пионер Болатбек Омаровтың мүсіні және тарихи ескерткіш ретінде 1972 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Алматы-Бішкек тас жолының бойында орнатылды. Ескерткіш биіктігі 5 метр, гранит тасынан жасалған. Авторы Т. Досмағамбетов-ҚазССР мемлекеттік премияның лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ескерткіштің ені-3,15 см, ұзындығы-5,15 см.
4. Әр топ жобаны талқылап сұхбат өткізу және өз ойларын ортаға салады. Берілген сұрақтар бойынша постер қорғайды.
1.Өз ауылыңыздың болашағы үшін не істер едіңіз?
2.Өз туған еліңді болашақта қалай елестетесің?
Әр топ постерлерін қорғайды. Топтардың жұмысына өзара баға беру.
Достарыңызбен бөлісу: |