кесе, шәйнек, тостаған, зере, қасық, астау, шара
сияк
ты сөздер болмаса, көпшілігі жаңадан, кейінірек сөздік қорга
енген сөздер. Бірак бүлардың ыкпалынан
кесе, қасық
сөздерінің
1 7 4
мағынасы тарылған жоқ. Бұл типтес мысалдарды басқа темати-
калық топтардың мүшелері арасынан да байқауға болады.
Ал лексико-семантикалық топтың мүшелері болса, өзара лек-
сикалық мағынасы жағынан байланысады, тематикалық топтар-
дың мүшелеріне бұл шарт емес. Сондықтан да
бас
сөзі мен
қол
сөз-
дерінің тікелей лексикалық мағыналары жағынан байланысы жоқ,
тек адамның дене мүшелерінің атауы болғандығы үшін бір топка
енгізілген.
Кел, кет, өт, шап, секір, бар, жорғала, атта, сырғана,
еңбекте
сияқты етістіктер бір лексико-семантикалық топтың құ-
рамына енгенде қозғалысқа түскен адам не заттың бір орыннан
екінші орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіретін ма-
ғына сыбайластығымен байланысты біріктірілген. Ал,
сөйле, айт,
де, жеткіз, өсекте, сыбырла, сыпсыңда, мысқылда, ма^та
спяқты
етістіктердің мағына құрамында да мағыналық байланыс болған-
дықтан біз оларды сөйлеу етістіктерінің қатарына қосқанбыз. Те-
матикалық топ пен лексико-семантикалық топтың арасындағы
екінші айырмашылық — лексико-семантикалық топтың мүшелері
арасында белгілі оппозициялық байланыс болады. Егер лексико-
семантикалық топтың құрамына бір сөз енсе не шығып қалса
оппозициялық байланыс өзгереді; лексико-семантикалық топтың
бір мүшесінің мағынасы не тарылады, не кеңейеді; не бір мүше
орнын жаңа келген сөз басады. Сол үшін де Ф. де Соссюр
қорқу,
қауіптену, сескену
сияқты синоним сөздердің біреуі қолданылудан
шығып қалса, қалған мүшелерінің мағынасында өзгеріс болады
деп дұрыс айтқан болатын (Соссюр 77, 148) *. Мысалы, Абай шы-
ғармаларында
арыс
сөзі қолданылған. Мағынасы — ру, тайпа, ел.
Бұл сөз баска ақындардың шығармаларында да бар. Мысалы,
Бас
қосылса арысқа, кім шабады намысқа
(Абай). Бұл сөз үстіміздегі
ғасыр басында да қолданылған. Мысалы,
Біздің Адай халқы сегіз
арыс ел болады
(Айқап). Ал, қазіргі қазақ тілінде колданылмай-
ды, оның есебіне
тайпа
сөзінің мағынасы кеңейіп,
арыс
сөзінің
орнына да қолданылып жүр. Егер бұл типтес сөздерді туыстас
тілдер материалдарымен салыстырсақ, жоғарыда айтқан пікіріміз
өте айқын болады. Мысалы, өзбек тілінде парсы-тәжік тілдерінен
алынған
гапирмоқ
етістігі колданылады да, мағынасы жағынан
қазіргі қазақ тіліндегі
сөйле, айт
етістіктерімен мәндес болады.
Сонымен бірге өзбек тілінде
сөйлеу
етістігі де бар. Өзбек тілінің
түсіндірме сөздігінде
сузламоқ, сузланилмоқ, сузлашмоқ
етістікте-
рінің барлығын да көрсеткен (УТИЛ—2, 94—95) *. Сөздікте бұл
екі сөздің мағынасында айырмашылық барлығын көрсеткен.
Га-
пирмоқ
етістігі бейтарап лексикасының қатарынан орын алады да
көп колданылады. Ал
сузламоқ
етістігі кітаби лексиканық эле
мент! ретінде колданылады да, күнделікті өмірде сирек колданы
лады (Кучқартаев 77, 90) *.
Лексико-семантикалық топ мүшелері арасында болған өзге-
рістер сол топтағы сөздердің барлығына бірдей эсер ете бермейді,
белгілі бір мүшелеріне ғана эсер етеді. Мысалы, қазақ тілінде
жалыну, өтіну, сүрау, тілеу, жалбарыну
сияқты етістіктер бір кіші
лексико-семантикалық топ жасайды. Әрине бұл сөздердің мағына
175
құрамында өздеріне ғана тән болған, басқаларында кездеспейтін
мағына элементтерінің болатындығы анық, себебі олар жеке-жеке
сөз.
Сұрау
етістігінін мағынасында біреуден бір нәрсені қалау,
өтіну, жауап күту, жалбарыну сияқты мағыналық элементтер бар.
Ал,
Достарыңызбен бөлісу: |