тердің барлығын ескере отырып, A. А. Уфимцева атауыш сөздерді
а) заттың атын білдіретін (предметный), ә) заттың түрлі белгісін,
қасиетін (признаковый) білдіретін сөздер деп бөліп жүр. Бірінші
топқа тек зат есімдерді ғана енгізсе, белгіні білдіретін сөздерге
сын есім, сан есім, етістіктерді және үстеулерді енгізген (Уфимце
ва 80, 36) *.
Заттың атын білдіретін сөздердің заттың сынын, белгісін білді-
ретін сөздерден айырмашылығы сол— зат есімдерде денотаттық,
сигнификаттық мағына компоненттер анық байқалынады да мағы-
на солармен тікелей байланысады. Нақтылы денотаттық негіз жоқ
делінетін абстракты зат есімдердің де идеалдық денотаты, гнесио-
логиялық бейнесі нақты болады. Ал етістіктер мен сан есім, сын
есімдерде олар мұндай нақтылылық қасиетке ие бола алмайды.
«Етістіктер мен сын есімдерде болса, олардың денотаты, дұрысы-
рағы сигнификаты, заттар, адамдар, тағы басқаларға тікелей бай-
ланысты болады да белгіні білдіреді»,— дейді А. А. Уфимцева
(Уфимцева 86, 94) *. Түркі тілдерінде де етістіктер ағылшын тіл-
деріндегідей қасиетке ие. Сондықтан да кез келген етістік белгілі
бір заттың не табиғи құбылыстың қалпын, қозғалысын, амал-әре-
кетін білдіреді де зат есімдерге катысты болады. Ал, үстеулер бол
са мезгіл, мекен, амалдың орындалу тәсілімен байланысты болады
да етістіктерге мағына жағынан жақындығы байқалынады. Мыса-
лы,
Достарыңызбен бөлісу: