нысты ғана мағынасын анықтайды. Сондықтан да олардың мағы-
насын анықтауда екінші бір жағдайды (ситуацияны) өлшем етіп
аламыз. Мысалы,
кеіае
деген сөздің мағынасын анықтау үшін
бу-
гінгі
мерзімді,
бүгін
деген сөздің мағынасын анықтау үшін айтылып
не жұмыс орындалып жатқан мерзіммен салыстырылады.
Жоғары,
төмен, оң жақта, сол жақта, алыста, ұзақта, кейін, ары, бері
сияқ-
ты мекен үстеулерінің мағыналарын да салыстыра анықтауды та-
лап ететін мағыналық компонеттер бар.
Қазірше диектикалық сөздердің ішінде ең көп сөз болып жүр-
гендері— жіктеу және сілтеу есімдіктері. Жалпы есімдіктердің
барлығы да диектикалық сөздердің қатарынан орын алады ма де
ген сұраудың туатындығы анық. Бұған бір сөзбен жауап беру қи-
ын-ақ. Себебі есімдіктер қазіргі күнге дейін грамматикалық жақ-
тан зерттелінгенімен, семантикалық талдаудың талқысына түсе
қойған жоқ. Қазақ тілі материалы негізінде есімдіктерді өз зерт-
теулеріне объект етіп алған А. Ибатов та, А. Ысқақов та есімдік-
тердің семантикасына қысқаша шолу жасаумен ғана шектелген
(Ибатов 61; Ысқақов 63) *. Қолдағы бар материалдарымыздың
көрсетуінше, барлық есімдіктер бірдей диектикалық мағынада
қолданыла бермейді. Тіпті есімдіктердің бір семантикалық тобын-
дағы сөздердің өздері де бұл мәселеде бөлектеніп жатады. Мысалы,
Әрбір
адымын санап басқандай...
(Ғ. Мүсірепов).
Бейбіт өмірдің
тағдыры үіиін әрбіріміз жауаптымыз
(Газет). Бірінші мысалымыз-
дағы
әрбір
сөзі санау мағынасымен ұштасып жатады да диектика-
лық мағынаны білдірмейді. Екінші мысалымызда болса,
әрбіріміз
зат есімдермен ұштасып тұр да зат есімнің орнында (барлық адам-
дар) қолданылып тұр. Сондай-ақ сұрау есімдіктерінде де екінші
бір сөзге сілтеу болмайды, тек анықтау, білу мағынасында қолда-
нылады. Мысалы,
Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз
(Абай) деген мысалымыздағы
кім
есімдігі сілтеп тұрған жоқ, анық-
тау мақсатында сұрау мәнінде қолданылып тұр. А. А. Уфимцева
ағылшын тілдеріндегі жіктеу, сілтеу және меншікті (притяжатель
ный) есімдіктерін ғана диектикалык сөздердің қатарына косқан
(Уфимцева 86, 98) *. В. Г. Гак француз тіліндегі есімдіктерге шолу
жасай отырып, диектикалык мағынада тек есімдіктер ғана емес,
зат есімдер (rnoi, celu, ci) де, сын есімдер (се mon, guel) де, үстеу-
лер (ainsi, la-bas, ou) де қолданылатындығын ескертеді (Гак 76,
61) *. Демек диектикалық мағына-категориялдық мағынамен сәй-
кес келмейтін, сөздердің лексикалық мағынасымен байланысып
жататын мағынасы.
Көпшілік тілшілер есімдікті мағынасы мен сөйлемдегі атқара-
тын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөліп: 1) диектикалык,
2) анафоралық мағынада қолданылатын есімдіктер деп атайды
(Вольф 74; Современный 81; Гак 86) *. Олардың көпшілігі диекти
калык сөздерге сөйлеу процесіндегі сөйлеушілер не соған катына-
сушылар, мекендік не мезгілдік қатынастағы сөздерді косса, ана-
Достарыңызбен бөлісу: