қанда, біз негізінен, сөздердің сөйлеу процесі кезінде қолданыла-
тын лексико-семантикалық варианттарымен байланысты боламыз.
Сонымен эмоционалды-экспрессивтік мағыналық қабат (созначе-
ние) сөздің лексикалық мағынасының құрамына ене ме деген сұрау
басқа формаға ие болады, яғни эмоционалды-экспрессивтік сөздер-
дің лексико-семантикалық варианттарына негіз бола алады ма,
оны заттық-логикалық факторлар негізінде қалыптасқан лексико-
семантикалыК варианттармен бір қатарға қоюға болады ма? Сөзсіз
бұл сұрауға қанағаттанарсыз, теріс жауап беру керек»,— дейді
(Звегинцев 57, 172) *. Кітаптың екінші бір жерінде «Егер эмоцио-
налды-экспрессивтік сөзбен (оның тіл стиліндегі орнымен, дыбыс-
тық ерекшелігімен, ритмдік сипатымен, олармен ассоциациялык
байланысымен т. б.) байланысты болмай, өзі атауы болған заттар-
мен, құбылыстармен, ұғыммен байланысты болса, ерекше жағдайға
тап болғандай боламыз. Мысалы,
смерть, гроб, ужас, грязьпод-
ласть,
т. б. Бұл мысалдарымызда сөз — адамдардың эмоциялдық
ықпалындағы психологиялық процестердің негізінде бейнелейтін
түсінік атауы. Бүл жерде эмоция түсінік ретінде өмір сүреді. Сон-
дықтан да сөздің лексикалық мағына құрамында заттық-логикалық
белгі шешуші роль атқаратындығын ескерсек, онда бұл жерде сөз
мағынасындағы заттық-логикалық мағына мен эмоционалдық-экс-
прессивтік мағына тең түседі, сөздің лексикалық мағынасының тең
компоненті болып саналады деген түсініктің тууы заңды. Бірак
шындығында, бұл жағдайды этикалық және эмоционалдық қаты-
настар сөздің заттық мағынасына «көлеңке» түсіргенімен, оларды
сөздің лексикалық мағынасының кұрамына енгізуге болмайды»,—
деп қорытынды жасайды (Звегинцев 57, 178).
Автор жоғарыдағы пікірлерін дәлелдеу үшін сөз мағынасындағы
үш нәрсеге сүйенетіндігін көрсетеді. Бірінші, жоғарыдағы сөздер
сезім мен эмоцияны көрсетпейді, олардың атауы ретінде қолданы-
лады. Сондықтан да кей сөздердін эмоция мен зкспрессивтікті көр-
сетуі адамдардың психологиялық қалпын емес, сол хабарды көрсе-
тетін логикалық түсінікті білдіреді. Ал логикалық түсінік болса,
эмоциялық-экспрессивтік снпатқа ие болмайды. Екінші, жоғарыдағы
жағдайда жалпы халықтық сипатқа ие болған түрлі қатынас-
тарды білдіреді. Эрине,
Достарыңызбен бөлісу: