И. Р. Гальперин ағылшын тілінің стилистикасын зерттей оты-
рып, эмоционалды-экспрессивті сөздерді жеке топ ретінде бөліп
алуды ұсынады да, эмоциялық мағына мен эмоциялық мағыналық
реңкті, сөздердегі эмоциялық бояуды ажыратады (Гальперин 58,
118) *. Шындығында да эмоционалды-экспрессивті мағыналы сөз-
дердің негізгі лексикалық мағынасы ретінде эмоцияны алу керек
те, ондай сөздерде эмоция-экспрессия контекстен тыс та, контек
сте де берілуі керек. Мысалы,
жексүрын
сөзін қазақ тілінің түсін-
дірме сөздігінде жеккөрінішті, сұмпайы, сүйкімсіз деп анықтама
берген.
Сүлтанмахмүт туберкулездің мүндай жексүрын жебір сыр-
ларын білісімен сақтануға ойланды
(Д. Әбілов) (КТТС 4, 54) *.
Сондықтан да бұл типтес сөздердің лексикалық мағына ядросының
өзі адамның көңіл-күйімен, бағасымен, қысқасы эмоциясымен тіке-
лей байланысты болады. Эмоциялық мағыналық реңк болса, сөз-
дің лексикалық мағынасымен қабаттаса жүреді де, қосымша ма-
ғына ретінде өмір сүреді. Мысалы, қазақ тіліндегі
азына
— желдің
қатты соғуымен байланысты қолданылатын сөз.
Ауа райы күрт
бүзылып, аспанды сірескен қара бүлт басып кетті, азынап жел
түрды
(Б. Соқпақбаев). Мысалымызда қолданылған
азына
тек
желдің қатты соғуын ғана көрсетіп қоймастан, жағымсыз, денені
түршіктіретін, тондыратын желдің соғуын көрсетіп тұр. Сондай-ак,
адақтау
тек аралау, шарлау мағынасын білдіріп қоймастан, мақ-
сатсыз бос сандалуды білдіріп эмоциялық реңкті де коса беріп
тұр.
Достарыңызбен бөлісу: