лық-экспрессивтік мағына бергенде сөздердің мағынасы екі түрлі
болады. Бірінші топқа одағай және
тек эмоциялық-экспрессивтік
мағынаны білдіретін сөздер енсе, екінші топқа зат, амал-әрекеттер
мен заттардың түрлі сый-сипаттарына берілген бағалармен байла-
нысты болған эмоцияны, экспрессияны білдіретін сөздер енеді.
Эмоциялы-экспрессивті сөздердің
екінші тобына көп мағыналы
сөздер де енеді. Әрине көп мағыналы сөздердің барлық сыр-құпия-
сын ашып, табиғатын жан-жақты анықтау күрделі еңбекті талап
етеді. Сонымен бірге барлық көп мағыналы сөздер эмоциялық-экс-
прессивтік мағына білдіру үшін қолданыла да бермейді. Мысалы,
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
бас
сөзінің 15 мағынасы бар-
лығын
көрсеткен, бірақ бір де бір мағынасында эмоциялық мағына
не мағыналық реңк жоқ (К.ТТС 2, 111 —112) *. Сондай-ақ
жи
етіс-
тігінде 16 мағына барлығы көрсетілген. Оның да мағынасында
эмоциялық-экспрессивтік мағыналық реңк білдіретіндігі көрсетіл-
меген (КТТС 4, 118—119). Қолдағы бар материалдардың көрсе-
туінше, сөздердің көп мағыналық қасиеті
мен ауыспалы мағынада
қолданылуы арқылы да эмоциялық мағына беруге болады. Мыса
лы,
былтылда
етістігінің негізгі мағынасы жұмсау, былбырау. Bi-
рак, ол сөйлеу етістігі мағынасында қолданылып, сөздің майын
тамызу, шешен сөйлеу сияқты жағымды эмоцияны да білдіреді.
Кызыл тілі қылтылдап, Сөзі жібек былтылдап, Сонда түлкі сөй-
лейді
(О. Тұрманжанов).
Ал енді иііркін көмей былтылдасын, Сө-
зімді әиіекейсіз кім тыңдасын
(С. Сейфуллин).
Эмоциялы-экспрессивтік мағынаны берудегі өнімді жолдың
бірі — сөздердің метафоралы қолданылуы. Эрине метафора жо-
лымен мағынасын ауыстырған сөздердің барлығы бірдей эмоция-
лық-экспрессивтік мағынаны білдіре бермейді (Хасенов 66) *. Мы
салы,
Орыстық ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние
Достарыңызбен бөлісу: