Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет68/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130
арзанырак, түседі
(Абай) деген сөйлемдегі 
кілт
сөзі метафоралы 
мағынада қолданылып тұр; ашқыш құрал мағынасын білдірместен 
шешілетін түйіні, шешуі деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, 
сөз-
дің төркіні, мәселенің төркіні; ағаіитың көзі, бүлақтың көзі, істің
көзі
деген мысалдардағы 
төркін, көз
сөздері де метафоралы ма- 
ғынада қолданылып тұр, бірақ мағыналарында эмоциялық-экс- 
прессивтік реңк жоқ. Ал, 
Хан емессің
— 
қасқырсың, Кара албасты
басқырсың... Хан емессің
— 
ьілаңсың, Кара шүбар жылансың, Хан
емессің
— 
аянсың, Айыр қүйрық иіаянсың
(Махамбет) деген мы- 
салымыздағы 
қасқыр, жылан, шаян
сөздері метафоралы мағынада 
қолданылып, мағынасында эмоциялық мән беріп тұр.
Сөздер метафоралы мағынада қолданылғанда ол сөздің номи- 
лативтік мағынада қолданылған кездегі мағынасының бір элемен- 
тіне — семасына негізделінеді. Мысалы, 
Туғанда дүние есігін аша-
ды өлең, Өлеңмен. жер қойнына кірер денең
(Абай). 
Есік
сөзінің 
номинативтік мағынасы үй мен бөлменің, ауланың т. б. ашып-жау- 
ып, кіріп-шығатын орны. Демек үйдің есігі дегенде €із үйге кіретін, 
•енетін бірінші шекараны түсінеміз. Осы бірінші меже, ары қарай 
үйдің іші басталынатындығын білдіретін мағыналық элемент (се­
ма) дүние сөзімен байланысып (төрт жағы дуалмен т. б. заттармен
119


қоршалынбаса да) бастау, араласатын бірінші меже мағынасында 
қолданылып тұр. Метафоралы қолданылу арқылы эмоциялық-экс- 
прессивтік мағына білдіргенде де осы қасиет сақталынады. Жоға- 
рыда Махамбеттен келтірген мысалымызда қолданылған 
қасқыр
жаман мағынаны білдіріп тұр. Нақ сол тіркесте қасқырдың жа- 
байы аңдығы, түсінің сұр болуы, т. б. есепке алынбастан, жырт- 
қыштығы, тойымсыздығы метафоралы 
қасқыр
сөзінің мағына ядро- 
сын жасап, жағымсыз эмоцияда қолданылып тұр. Қазақ тілінде
керісінше, төрт түлік малдардың төлдерінің атауы метафоралы 
мағынада қолданылып, жағымды мағынаны білдіреді. Салысты- 
рыңыз: 
Лна қатарынан умтылған қос қозысын бауырына басып,
ыстық беттерінен кезек-кезек сүйіп жатыр
(Саржайлау). 
Баяғы
анасы:
— 
Сенің ажарыңнан айналайын ботам,
— 
деп, тағы да
шағын жайды
(А. Лекеров).
Қазақ тіліндегі мынадай сөздер метафоралы мағынада қолда- 
нылып, эмоциялық-экспрессивтік мағынаны білдіре алады.
1. Құс атаулары метафоралы мағынада қолданылып жағымды 
не жағымсыз мағынаны білдіреді. Мысалы, 
лашын, қариіыға, сүң~
қар
сиякты қыран кұстардың атаулары, 
бүлбүл, сандуғаш
сияқты 
құс атаулары жағымды эмоцияны білдіру үшін қолданылса, 
сау-
ысқан, қарға, күиііген, тоты, қүзғын, байғыз
сияқты кұс атаулары 
жағымсыз мағынаны білдіру үшін қолданылады.
2. Төрт түлік атауларынан 
қозы, лак,, бота, қүлын
сияқты төл 
атаулары жағымды эмоцияны білдіру үшін қолданылса, үй жа- 
нуарларының үлкендерінің атауларынан 
азбан, есек, өгіз, теке, еіикі
сияқтылары жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады. 
Шошқа, доңыз, мегежін сияқты қазақтар асырамайтын үй жануар- 
лары да жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады.
3. Жыртқыш аң атауларынан 
қасқыр, түлкі
(біреуі қорқау, 
тойымсыз мағынасында, екіншісі ку мағынасында) метафоралы 
мағынада қолданылып жек көруді білдіреді. Ал 
аю
қопал, дөрекі 
мағынасында қолданылса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет