Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет75/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130
ақ„ боз, іиаңқан
сөздері ақ 
түсті білдіреді. Әрине ақ түс — адамдардың дүниедегі заттардын 
түсі негізінде қабылданған субъектив бейнесіне негізделінген. 
Бірақ 
ақ, боз
сөздері бірдей мағына білдірмейді. Қазақ тілі түсін- 
дірме сөздігінде 
ак,
сөзіне 7 мағына берсе, 
боз
сөзіне 4 мағына 
берген, ал 
шаңқан
сөзіне бір-ақ мағына берген. Бұлардың номина- 
тивтік мағыналарыиың өздерінде де ерекшеліктін барлығы анық. 
Мысалы, 
боз
— ақшыл қылаң түс. 
Шаңқан
— ак, сүттей аппак 
(КТТС 
2,
135). Бұл анықтамалар тілдік системаларға байланысты 
берілмеген. Ал олардың қолданылу ерекшелігіне байланыстырып 
анықтама берсек, тілдік заңдылықтарға сүйенеміз. Мысалы, 
ақ

атқа, жылқыға байланысты қолданылмайды, 
иіаңқан
_адамнын
түсіне байланысты қолданылмайды. Әрнне бұлар 
ақ, боз, іиаңқан
132


сөздерінің мағынасын дифференциация жасайтын белгілері. «Фо- 
немалар сияқты сөз мағынасында да дыбыстық және грамматика- 
лык жағынан қалыптасқан белгілі бір тілдік системада микросис- 
темада, сөздердің тобында пайда болады, бекітіледі, өмір сүреді» 
(Уфимцева 86, 15) *.
Бейнелік мағына мен лингвистикалық мағынаны (мағыналық 
элементтерді) ажырата отырып ескеретін екінші бір жағдай да 
бар. Сөздер тіркеске түсіп те, системада белгілі бір орын нелеп те 
өздерінше бейнелік мағынаға сүйенбей мағына да, мән де жасай 
алмайды. Керісінше, бейнелік мағынаға сүйене отырып өзара бай- 
ланысады, сұрыпталып системада өз орнын белгілейді, лингвисти- 
калық (интерлингвистикалық) мағыналық элементтерге ие бола­
ды. Бейнелік мағына барлық кезде толық көрінбейді, лингвнсти- 
калық мағына — сөзсіз болатын ажыралмас серігі. Сондықтан да 
сөз мағынасын екіге бөлгенде ғылыми зерттеу мақсатында ғана 
бөлеміз, ал күнделікті өмірде қолданылғанда олар бөлінбейді, 
жеке-жеке өмір сүрмейді.
Лингвистикалық мағына екі жол арқылы беріледі: 1) парадиг- 
малық мағына арқылы, 2) синтагмалық мағына арқылы.
Парадигмалық мағына
Лингвистикалық еңбектерде парадигма, синтагма терминдері 
бұрыннан қолданылып келе жатқандығы, оның лексиканы систе- 
малы құбылыс деп түсінумен байланысты қолданылатындығы 
анық. Сондықтан да тіл білімінде парадигма, синтагмалық мағы- 
на терминдерімен бірге парадигмалық байланыс, синтагмалық 
байланыс терминдері де қолданылады. Бұлардың арасында бай­
ланыс болса да, екі түрлі түсінікпен байланысты ғылыми термин 
екендігін естен шығаруға болмайды. Сол үшін де парадигмалық, 
синтагмалық және иерархиялық байланыс тілдік системаға бай­
ланысты сөз болады да (Солнцев 77; Оразов 83) *, бұл тарауда біз 
парадигмалык, синтагмалық мағыналық элементтер туралы өз 
пікірімізді білдіреміз.
Сөздік құрамдағы сөздер сөздердің қалай болса солай жинак- 
талына салынған жиынтығы емес. Объектив дүниедегі заттар өза- 
ра байланысып, сұрыпталынса, сөздік құрамдағы сөздер де солай 
сараланып жатады. Эрине заттар арасындағы байланыс пен сөз- 
дер арасындағы байланыс тең түсетін байланыс деуге негіз жоқ. 
Мысалы, су ағып жататын жерде көп шөп өсетіндігі, салқын бо- 
латындығы күнделікті өмірден анықталынған нәрсе. Бұлардың 
арасында табиғи байланыс бар, ал су сөзінің мағынасы мен 
көк,
шөп, салқын.
сөздерінің мағынасының арасында ондай байланыс 
жоқ. Керісінше 
су
сөзі 
лимонад, квас, сыра
сияқты сөздермен ма- 
ғына жағынан байланысты. Олардыц басын біріктіріп, өзара бай- 
ланыстырып тұратын мағыналық элемент — сұйықтық. Сұйықтық 
семасы тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет