Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет78/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130
Кел, кет, бар, жақында, алыста, жүр
етістіктері — қозға- 
лу етістіктері. 
Кел
етістігінде 1) қозғалған заттың не адамның бір 
орыннан екінші орынға өткендігін білдіретін, 2) құрылықта болған 
қозғалысты, 3) бағытты қозғалысты, 4) белгілі бір объектіге жа- 
қындауға бағытталған қозғалысты білдіретін сема бар. 
Кет
етіс- 
тігінде 
кел
етістігінен бөлектеніп жататын бір ғана — қозғалысқа 
түскен заттың не адамның белгілі бір объектіден алыстауын біл-
137


діретін семасы бар. Демек 
кел, кет
етістіктері қозғалыска түскен 
заттардың орнын өзгертуін білдіретін семалары аркылы бір лек- 
сико-семантикалық топтың элементі (мүшесі) ретінде сыбайласып, 
бір парадигмалық байланысқа түссе, қарама-қарсы бағыттағы 
қозғалысты білдіретін семалары арқылы антонимдік мағыналық 
байланысқа түсіп, екінші семантикалық парадигмалық мүшесі 
ретінде бой көрсетеді. Ал 
бар
етістігі болса, 1) козғалған заттың 
не адамның орын өзгерткендігін, 2) құрылықта болатын қозғалыс- 
ты білдіретін, 3) әйтеуір бір бағытқа бағытталған қозғалысты 
білдіретін, 4) бұрынғы тұрған орнынан ұзақтауды, алыстауды біл- 
діретін семалары бар. Бұл етістіктің 
кел, кет
етістіктерінен айырма- 
шылықтары — бір бағытқа бағытталған қозғалысты білдірмейді. 
Мысалы, 
Бар деген соң бар, мазамды енді алма
,— 
деді Белгібай
Пахриддинге
(М. Сүндетов) дегендегі 
бар
етістігі 
кет
етістігімен 
синоним болып, алыстау, ұзақтау мағынасын білдірсе, 
уйге бар,
жолдасьіның қасына барды
деген мысалдарда бір объектіге жа- 
қындау, келу мағынасын білдіреді. Рас, 
бар
сөзі келу, жақындау, 
жуықтау мағынасында көбірек қолданылады. 
Кел
мен 
бар
етістік- 
терінің арасында да айырмашылықтар бар. Мысалы үшін мына 
сөйлемді салыстырып көрелік: 
Салған жерден алға тусіп, куміс
шалулы қара таяғын иіалт сермей, бүрынғыдан да гөрі қаттырак;
ақсаңдап басып бара жатады
(С. Мұканов). 
Толық денелі болса
да жас әйел Игіліктің күтіп түрғанын көрсе де, асықпай баяу ба­
сып келеді
(Ғ. Мүсірепов). Бұл мысалдарымызда 
кел
мен 
бар
ан- 
тонимдес мағынада қолданылып тұр. Ал, 
Жартасқа бардым, Күнде
айғай салдым, Онан да иіықты жаңғырық
(Абай), 
Келді де бір
жартасқа тусе қалды, Азық артқан маяны жарып салды
(Абай) 
деген мысалымыздағы 
бар
мен 
кел
етістіктері мағына жағынан 
жақындау, жуықтау
сөздерімен байланысып жатады. Бұлардан 
соңғы мысалымызда да аздап мағыналық айырмашылығы барлығы 
анықталады. 
Жартасқа бардым
дегенде, біріншіден, қозғалушы 
адам өзінен алыста тұрған объектіге жақындағандығын білдіреді, 
екіншіден, бір объектіден не орын, жайдан алыстап екінші бір 
объектіге жақындау мағынасы бар. Сондықтан да 
ауылға бардым
дегенде мен ауылда тұрғанда айтпаймын, басқа бір жерде тұрған* 
да ғана 
ауылға бардым, қалаға бардым, үйге бардым
деймін. 
Кел
етістігін қолдағанда 
(ауылға келдім)
менің ауылда болуым 
мүмкін. 
Ташкенттен Алматыға келдім
дегенде мен Алматыда бо- 
ламын. Ал, 
Алматыдан Москваға бардым
десек, сөйлемнің мазмұ- 
нының көрсетуінше, айтушы сол кезде Москвада болуы шарт емес. 
Келтірілген мысалымыздағы 
бар, кел
етістіктерінің екінші мағы- 
налық айырмашылығы — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет