гом — различие между сущностями, различие двух сущности»,—
деген (Маркс 1, 321) * пікіріне сүйене отырып қарама-карсы қою-
дың екі түрі барлығын (1) бір құбылыстын. ішінде болатын, 2) екі
не бірнеше құбылыстардың арасында болатын) көрсетеді. Автор
антонимді бірінші топтағы қарама-қарсылықтардың катарына
жатқызады (Новиков 82, 234) *. Сондықтан да қарама-қарсы қою
бір заттың не кұбылыстың түрлі қасиеттері аралығында болатын
құбылыс. Осы қасиеттер өмірде жеке-жеке бой көрсетсе де оны
ойлау негізінде адамдар теңестіріп бірін екіншісіне қарсы кояды.
Антонимдер осы қарама-қарсы қоюдың тілдегі көрінісі ретінде
қалыптасады да тілдік система ғана анықталады.
Тіл материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, сөздердің
антонимдік мағынада қолданылуында бір ізділіктің болмайтынды-
ғына көз жеткізуге болады. Мысалы,
жақсы
мен
жаман, өлі
мен
тірі
сөздерінің арасындағы антонимдік қатынастар тең емес.
Жак
,-
сы
мен
жаман
бір қасиеттің екі шеті, оның орталық (центральный)
өлшемі де бар. Бұл сын есімдерді қарама-қарсы қойып тұрған,
антоним етіп тұрған салыстыру процесі емес, бағалау. Ал
өлі
мен
тірі
бір заттың екі түрлі қалпы ғана. Онда орталық шек те, баға-
лау да жоқ, тек салыстыру ғана бар.
Осы біздің қазақтың өлген
кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жок, бо-
латындығы қалай
(Абай)?
Мен
—
өлі жан, ешкімді талғамаймын,
Рахымсыз билеріңді қорғамаймын.
(Абай). Ал,
от
пен
мүз
сөздері-
нің арасындағы антонимдік қатынас мүлде басқа қатынасқа негіз-
делген. Бұл екі зат есім тура мағынада қолданылып өзара антоним
бола алмайды, бірақ ауыспалы мағынада қолданылып
Достарыңызбен бөлісу: