Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет83/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130
Түн
мен 
күн, бәрі
мен 
еиікім, бас
пен 
аяқ, айқайла
мен 
сыбырла, күлкі
мен 
қайғы
сияқты антонимдердегі мағыналық байланысты семантикалык топ- 
тын баска мүшелерімен байланыстырып кана аныктауға болады. 
Егер семантикалык топтағы баска мүшелермен байланысын үзсе, 
онда олар баска мағынада колданылып, баска бір лексико-семан- 
тикалык топтың мүшесі болып саналады. Салыстырыңыз: 
түсі суық,
түсі жылы, тілі жүйрік, көзі өткір, қоңыр күз, қоңыр салқын, ащы
дауыс, қып-қызыл жанжал, қара дауыл
сиякты тіркестердің құ- 
рамында колданылып тұрған сын есімдер өз мағынасында колда­
нылып тұрған жок. Сондыктан да 
түсі суық, түсі жылы
тіркесте- 
рінде колданылып температураны көрсетпестен жағымды, жағым- 
сыз мағынасында колданылып тұр. 
Жүйрік
сөзі өзінің тура 
мағынасында тұрып козғалыстың темпіне, каркынына байланысты 
мағына білдіреді. — 
Ей, орыс тіліне менен гөрі сен жүйрік шығар-
сың
(Ғ. Мүсірепов) дегендегі 
жүйрік; Бізге қарағанда көзі аиіық,
көкірегі жүйрік
(Б. Тілегенов) деген мысалымыздағы 
жүйрік
сөзі 
колданылу каркынымен байланысты сынды көрсетіп тұрған жок, 
қозғалу етістігі деп есептейміз.
143


Антонимдерді мағынасына қарай топтастырғанда, ең кемінде, 
мына үш нәрсеге аса көңіл аудару шарт. Біріншіден, сөздер анто- 
нимдік қатардың сыңар ретінде қолданылған кезде тура (номина- 
тивтік) мағынасында тұр ма, ауыспалы (келтірінді, контексті) 
мағынада қолданылып тұр ма деген сұраудың басын ашып алу 
керек. Бұл — антонимдер туралы жазылған еңбектерде біраз пікір 
таласына себепші болып жүрген мәселелердің бірі. Мысалы, туыс- 
қандық терминдерін алып қарайық. Бір топ ғалымдар 
ата-ана,
ул-қыз, еркек-қатын
(сондай-ақ 
қабан-мегежін, әтеш-тауык,, төбет-
қаншық, еркек-үрғашы, бүқа-сиыр, қоиіқар-саулық
т. 
б.)
сияқты 
зат есімдерді антоним деп есептесе, екінші бір топ ғалымдар олар- 
ды антоним деп санамайды. (Клюева 56; Колесников 72; Мирзаев 
66; Гельбу 69; Введенская 71; Шукуров 77; Новиков 73) *. Қазірше 
соңғы пікірді қолдаушылардың саны көп. Осы жолдың авторы да 
ата-ана
антоним болмайды деген пікірді қолдайды, бірақ күнде- 
лікті өмірде олар бірі екіншісіне қарама-карсы қойылып айтыла- 
тындығын да жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, 
Қылайын көп
ұзатпай сөзді қысқа, Өлеңге жан көрмедім мунан уста. Аты урға-
шы демесең қарындастың, Адамның артығы екен осы туста
(Ай- 
тыстар) деген мысалымыздағы 
урғашы
сөзі еркек сөзіне қарсы 
мағынада қолданылып тұрғандығы анық. Ал, 
Мың жарым жылқы
біткен Қожағулға, Сөйлейтін сені қазақ балап улға
(Айтыстар) 
деген мысалымызда 
ул
сөзін 
қыз
сөзіне карсы қойып ақын Сараны 
айтып отыр. Мұндай шендестіре қарсы кою тек жыныстық белгі- 
сімен ажыратылып жататын туысқандық атауларын ғана емес, 
басқа тематикалық, лексико-семантикалық топтың мүшелері ара- 
сында да қолдануға болады. Мысалы, 
бас
пен 
аяқ, есік
пен 
төр,
гул
мен 
тікен, май
мен 
муз,
т. б. Сонымен бірге көп мағыналы сөз- 
дердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа сөздің мағынасымен 
(не көп мағыналы баска сөздің бір мағынасымен) антонимдік 
қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек.
Екіншіден, антоним болатын сөздердің тұлғалық кұрамына да 
көңіл аудару керек. Көпшілік антоним туралы жазылған еңбек- 
терде тек түбір сөздер туралы сөз болады да, туынды түбірлер 
туралы аз сөз болады. Тіпті кейде бір түбірден жасалынған туын­
ды түбір сөздер де антоним болмайды деген пікір де айтылып жүр 
(Новиков 73, Шукуров 77). Шындығында бұл нәрселер ойлануды 
қажет етеді. Мысалы, қазақ тілінің антонимдерін арнайы зертте- 
ген Ж. Мусин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет