Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет84/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130
бақытты, бақытсыз
сөздерін антоним деп санамай­
ды (Мусин 70, 21—22) *. 1. Кеңесбаев пен F. Мұсабаевтардың оқу- 
лықтарында да (тарауды жазған Ғ. Мұсабаев) 
келді—келмеді,
ақылды—ақьілсыз
сиякты сөздерді антоним деп санамау керек 
деген сөйлем бар (Кенесбаев 75, 65) *. Бірақ соңғы кезде жарық 
көрген Ә. Болғанбаевтің оқулығында сын есімдердін сөз тудырушы 
өнімді жұрнағы 
-лы, -лі, -ты, -ті, ды, -ді
және 
-сыз, -сіз
қосьімша- 
лары арқылы жасалынған түбірлес туынды сөздерді антоним деп 
қарайды. Мысалы, 
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз; Арғымақ
кейде жалды, кейде жалсыз,
т. б. (Болғанбаев 79, 66—67) *. Орыс 
тілшілерінін көпшілігі 
надежда

безнадежность, счастье

несча-
144


стье, вредный—невредный, безвредный
сияқты сөздерді антоним 
деп санайды (Новиков 73; Введенская 71; Львов 80) *. Орыс тілі- 
нің антонимдерін талдауға арналған еңбектерде 
ходить—не хо­
дит, читать—не читать
сняқты сөздердің ара қатынасы туралы да 
сөз қозғалған, сөздіктерде антоним деп көрсетпейді. Сонда олар 
антонимді ажыратқанда нені басшылыққа алған деген сұраудың 
тууы занды. Бұл сұрауға өте көлемді (290 беттік) антонпмдер ту­
ралы енбек жазған А. А. Новиков та жауап бермеген. Біздіңше 
бақытты—бақытсыз
сөздерін антоним деп қараған дұрыс, себебі 
сөз тудырушы жұрнақ жаңа сөз жасайды да лексико-грамматика- 
лық категорияның құрамына енеді. 
Келді

келмеді, барды

бар-
мады
дегендеріміз антоним бола алмайды, себебі 
-ма, -ме
сөз түр- 
лендіруші. 
Бар—барма
дегендер екі сөз емес, бір сөздің екі түрлі 
тұлғасы.
Р. Шукуров антонимге байланысты жазған еңбегінде антоним- 
дердін үстіртін талданылған, толық зерттелінбеген мәселесі осы 
туынды түбірлердің, етістіктің болымды, болымсыз tүpлepiнiң 
мағыналары арасындағы байланыс екендігін біліп, өзінше анық- 
тамақшы болған. Ол мұны мағынаның тұтастығы негізінде анық- 
тайды, ал мағына түтастығын анықтау үшін оның басқа тілдерде- 
гі аудармасын алуды ұсынады. Мысалы, 
бақытты-бақытсыз
сөз- 
дері басқа тілдерге (орыс тіліне) бір сөздің мағынасы ретінде 
берілгендігі (счастливый, удачливый—несчастливый, неудачливый) 
үшін антоним болса (Шукуров 70, 9), 
дәптерлі-дәптерсіз, радио­
лы—радиосыз
сөздерінің мағынасы баска тілге сөз тіркестері ар- 
қылы (имеющий тетрадь, с тетрадью, не имеющий тетради, без 
тетради; имеющий радио, не имеющий радио, без радио) берілген- 
діктен мағына бүтіндігіне ие болмайды, сондыктан ол сөздер 
антоним болып саналмайды деп қорытынды жасайды (Шукуров 
77, 11) *. Мысалға келтірген сөздердің мағына тұтастығы Р. Шу­
куров айткандай ма? Неге 
бақытты
сөзін орыс тіліне имеющий 
счастье, 
бақытсыз
сөзін не имеющий счастье деп аударуға бол­
майды? Егер бакытты, бакытсыз сөздерін орыс тіліне соңғы жол- 
мен аударатын болсак, мағына тұтастығы болмағаны ма? Егер 
бақытты—бақытсыз
сөздерін антоним деп алатын болсак, онда 
радиолы

радиосыз, балалы

баласыз, атты-атсыз, малды

мал-
сыз
деген сөздерді де антоним деп алуымыз керек, болмаса бар- 
лығы да өзара антонимдік сыңар бола алмайтын сөздер деп мой- 
ындауымыз керек. Бір тілдін заңдылыктарын екінші бір тілдің 
заңдылыктары, көріністері аркылы аныктау дұрыс корытындыға 
алып келмейді.
Туынды түбір сөздерді антонимдік катарларға жаткызу, жат- 
кызбау мәселесін аныктаудың негізі ұғым мен сөз мағынасында, 
карама-карсы коюдың сипатында жатыр. Қарама-карсы кою тек 
тілдік категория болып саналмастан гнесиологиялық та, психоло- 
гиялык та категория. Қарама-қарсылык категориясының (катего­
рия противоречие) табиғаты фнлософияда антикалык дәуірден 
бастап сөз болып келе жатыр, казір де бұл сөз болып келеді (Гор­
бач 72) *. Қарама-карсылык категориясы туралы айтылған пікір-
10
-
2920
145


лерді жинақтайтын болсақ, біріншіден, ол бір құбылыстьш (зат- 
тың) ішінде не екі заттың, құбылыстың аралығында болады, екін- 
шіден, қарама-қарсылық бір жақты болмайды, екі жақты болады 
да бірі екіншісін шақырып отырады, үшіншіден, қарама-карсылык 
категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады, төр- 
тіншіден, қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын кұбылыс, 
ол табиғатта да, қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар, 
бесіншіден, қарама-қарсылық өсіп, сандық карама-қарсылықтан 
сапалық қарама-қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері ара- 
сындағы қарама-қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғым- 
мен, оймен байланысып жатады.
Логикадағы қарсы қою объектив дүниедегі құбылыстарды же* 
те тануға, оның кұпия сырын терең үйренуге, адамға тікелей түй- 
сік туғызбайтын түрлі қасиеттері мен сол қасиеттер арасындағы 
байланысты анықтауға жағдай жасайды. Әрине ұғымда қарама- 
қарсы қоюдың өз заңдылықтары, қалыптасу жолдары бар (Кон­
даков 75, 486—495) *. Сөз мағынасындағы қарама-карсылык 
(антонимдік қасиет) формаль логикадағы екі ұғымға: 1) карама- 
қарсылыққа (противоположность), 2) қайшылыққа немесе үйлес- 
пеушілікке сәйкес келеді. А. А. Новиков антонимдерді мағынасы- 
на карай топтастырғанда осы логикадағы қарама-қарсы коюдың 
бірінші және екінші топтарын тілге көшіріп қоя салған болатын. 
Салыстырыңыз: А. А. Новиков антонимдердің бірінші тобына ан­
тоним сөздердің сындық қарама-қарсылықты (антонимы выра­
жающие качественную противоположность) білдіретін антоним- 
дер деп атайды да, оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет