дін. арасындағы байланыс сатылай байланыс бол-
майды. Яғни аралық, үшінші саты болмайды. Олар
арасындағы мағына біреуіндегі мағынаны жоққа
шығарса, екіншісі ұғынылады. Мысалы,
үйленген
—
бойдақ, көретін
—
соқыр
т. б. Н. И.
Кондаков сөзді-
гінде ұғымның бұған сәйкес келетін түрін «проти
воречащие (контрадикторные) понятие» деген тер-
минмен берген де «бірін-бірі жоққа шығаратын,
аралықтарында орталық, үшінші саты жок, сый-
ыспайтын ұғымдар деп анықтама береді. Мысал
ретінде
белый
—
не белый
сөздерін
береді де мына
схеманы көрсеткен (Кондаков 75, 487). Бұл ұғым-
ның екеуі де сөз мағыналары арасындағы антоним-
дік байланыстар арқылы берілетіндігін және сөз
мағынасындағы антонимдердің басқаша қатынас-
тары да болатындықтарын жоғарыда ескерткенбіз.
Сөздерді антонимдік қатарға енгізгенде еске алатын нәрсе —
сөздердің лексико-семантикалық сипаты.
Екінші сөзбен айтқанда,
кез келген сөз табына енетін сөздер антонимдік топ жасай бер-
мейді, сондай-ақ синонимдік те топ жасамайды. Антонимдер бір
сөз табына енетін сөздер аралығында болады да, бір лексико-се-
мантикалық топтың құрамында ғана өмір сүреді. Демек, кез кел
ген сөздердің арасынан антонимдік сыңар іздеу — бос әурешілік.
Сондай-ақ бір сөз табына кіретін
сөздердің барлығы да өзара
антонимдік топ жасап, антонимдік катар элементі бола бермейді.
Қолда бар материалдардың көрсетуінше, антонимдік қатарға кө-
бінше қолданылатын сын есімдер, одан соң үстеулер,
кейінгі орын-
дарда етістіктер мен зат есімдер. Көп қолданылатын сын есімдер-
дің өздері де тек бір лексико-семантикалық топтың көлемінде
ғана антонимдік катар жасайды. Мысалы, заттың түсін білдіретін
сын есімдер:
ақ
—
қара;
заттың көлемін білдіретін сын есімдер:
тар
—
кең, үлкен
—
Достарыңызбен бөлісу: