де қолданылады. Бірақ үстеудің мағынасына сәйкес мағынада
қолданғанда
жүмсак,
сөзіне антонимдік сыңар ретінде қолданыла
ал.майды. Салыстырыңыз:
Картаң бай қатты сақ бол тілге көнсең,
Мүйіз іиығар қатынның сөзіне ерсең
(Абай).
Қайта келер есікті,
Катты серппе жарқыным-ау, Жетіссең де, жетсең де Керек күні
бір бар-ау
(Абай). Нақ осындай қасиетті
басқа сөз таптарынан
болған антонимдік қатарлардан да байқауға болады.
Тіл элементтерінің синонимдік, антонимдік байланысының анық
көрінетінін, сыртқа шығатын кезі — оның қолданылуы. Сондықтан
да синонимдер де, антонимдер де белгілі бір текспен байланысты
аныкталып, оларға критерий белгілейміз. Кейбір сөздердің тіл
элементі
ретінде өзара антонимдік, синонимдік қатарлардың си-
нары ретінде қолданылулары даусыз болғанмен, сөйлеу кезінде
ондай байланысқа түспеуі, бұл семантикалық парадигманың
аясына түспеуі таң қаларлық құбылыс емес. Сөздердің бұл сы-
рының құпиясы сөздердің қолданылуында, ауыс (келтірінді, кон-
текстік) мағыналарында жатыр. Бірақ контекстерге де артықша
баға беріп жіберуге де болмайды.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық
байланыстың бір
түрі — ұштас мағыналы сөздер аралығында болады. Бұл синоним-
дік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөз-
дердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ
түркі тілдерінің материалы негізінде күні бүгінге дейін ұштас
мәндес сөздерге семантикалық талдау жасалынған жок,
олардың
өзіндік ерекшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынған емес.
Қазірше бір нәрсе анық — ұштас мағыналы сөздер синонимдермен,
антонимдермен бірге бір лексико-семантнкалық, сондай-ақ тема-
тпкалық топтардың мүшелері арасында ғана өмір сүреді. Соңғы
екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы — олар өза-
ра тек бір не екі мағыналық элементтері (семалары) арқылы бай-
ланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердін құрамында бір
тектес (кейде тең дәрежелі) сөздердің тіркесін (синтаксистік ва-
ленттілік)
талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына
екіншісі қолданылып, мағынасы жағынан тең түсіп жатпайды.
Сондай-ақ бір дистрибуциялық жағдайда қолданылып, бірі екін-
шісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не
ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф. П. Филин анто-
нимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы
қасиетін білдіретін,
қарама-карсы мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берсе.
синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан ажыратып көрсететін
мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген (Филин 82, 222) *.
Ал ұштас магынада сөздер аралығында мүндай мағыналық сәйкес
келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына
жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер.
Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: