ата, ана, әже, баба, перзент, бала, үл, қыз, іні, аға, сіңлі, қарындас, немере, шөбере, шөпіиек, жиен, нағашы, бөле, көке, әке сиякты сөздер енеді. Бұлардың өздерін тікелей
қандык туыскандык және сатылай кандық туыскандык деп екіге
белуге болады. Бірінші топқа:
ата, ана, перзент, ұл, қыз, аға, іні, сіңлі, ңарындас сияқты сөздер енсе, екінші топқа:
әже, баба, на -
ғашы, немере, іиөбере, жиен, бөле сиякты сөздер енеді. Тікелей
туыскандык атаулары өзара тығыз байланыста болады да, олар-
дың бірін екіншісімен салыстырып, шендестіріп колдана береміз.
Мысалы,
ата-ана, аға-қарындас, үл-қыз, т. б.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің (Шеш. сөздер)
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар (Шеш. сөздер) Бұл сөздердің басын
біріктіріп тұратын архисемалардың болуымен бірге, оларды ажы-
ратып, жеке сөз ретінде мағына жағынан бөліп тұратын айырушы
семалары да болады. Мысалы,
ата мен
ананың айырушы семасы
жыныстық белгісін білдіретін семасында;
аға мен
қарындасты ажыратып тұратын сема 1) жас мөлшерінде, 2) жыныстық белгі-
сінде т. б.
Некемен байланысты туыскандык атауларын да осы сиякты
бірнеше кіші лексико-семантикалық топтарға бөлуге болады.
Мысалы, бұлар ең алдымен, күйеу жақтағы және калыңдық жақ-
тағы туыскандык атаулар болып екіге бөлінеді.
Балдыз деп біз
калыңдық жактағы кіші туыскандарды айтамыз, ал
абысын де-
генде күйеуімен туыскан үлкен адамдардың әйелдерін айтамыз.
Бір ескертетін нәрсе сол — некеге байланысты туыскандык атау-
лардың көбі екі жактағы туыскандармен байланысты айтыла бе
реди Мысалы,
қүда, қүдағи, қүдаиіа, қүда бала, т. б.
Қозғалыс етістіктерінің құрамына енетін сөздер өзара бір не
екі семалары аркылы байланысып жатады.
Бар, кел, кет, өт, секір, жылжы, атта, иіап, жорғала, сырғы, сырғана, ауна, жет, т. б. етіс-
тіктердің барлығының мағына кұрамында козғалған заттың орнын
өзгерткендігін білдіретін семалар аркылы байланысып жата
ды. Осы мағыналык элементіне карай біз оларды қозғалыс етіс-
тігі деп атағанбыз. Бұл топтағы сөздерді де екінші бір мағыналык
элементтерінің байланысына қарай белгілі бір бағытты білдіретін
козғалыс етістіктері, бағытсыз козғалысты білдіретін етістіктер,
козғалыстың темпіне (тездігіне) байланысты мағына білдіретін
козғалыс етістіктері, баяу қозғалысты білдіретін козғалыс етістік-
тері сиякты бірнеше кіші семантикалык топтарға белуге болады.
Сонымен бірге етістіктердің синонимдік, антонимдік катарлары
да осы лексико-семантикалык топтын аясында болатындығын
естеи шығармау керек. Мысалы,
кір-иіық, шық-тус, кел-кет, алыс- та-жақында, алыстау-үзау, жырақтау-қагиықтау, жақындау-ай- наліиақтау, -төңіректеу, т. б.
150
Парадигма мен синтагма тілді системалы құбылыс деп анық-
таумен байланысты да система мүшелерінің арасында анықтала-
ды. Мағына құрамындағы парадигмалық элемент пен система
мүшелерінің арасындағы байланысты анықтайтын парадигмалық
байланыс бірі екіншісіне қарсы келмейтін, керісінше, бірі екінші-
сін толықтырып, анықтық беріп тұратын категориялар. (Бұл
туралы кейінірек тағы да сөз болады). Бұл екі парадигманы (сон-
дай-ақ синтагмаларды да) бөліп алудағы мақсатымыз семантика-
лык парадигма (синтагма да) сөздердің лексикалық, граммати-
калық мағыналарының қалыптасуына, системаға енуіне жағдай
жасайтындығын көрсету болса, система мүшелері байланысында-
ғы парадигма мен синтагма сол мүшенің системадағы орнын көр-
сетуге, системаның байланысу шегін, түрлерін көрсетуге байла
нысты ролін анықтау. Сондықтан да парадигма терминін қолдан-
ғанда көпшілік еңбектерде семантикалық парадигманы есепке
алмай, тек тілдік системадағы парадигманы есепке алады.