ді»,— дегенде, осы қағиданы қолдады (Шмелев 73, 141) *. Ол сөз
мағынасы туралы айтқан пікірлерін жинақтап «Қазіргі тілшілер-
дің ешқайсысы да кез келген тілдік элемент (сөз) өзіндік лекси-
калық мағынаны басқа тілдік элементтермен
байланысып барып
қана қабылдайтындығына күмән туғызбайды»,— дегенде сөздер-
дің дербестігін жоққа шығарған (Шмелев 73, 141). Егер сөздер
мағынаны контексте ғана, басқа сөздермен байланысқанда ғана
қабылдайтын болса, онда сөздердің байланысқа түспей, сөйлем
құрамына енбей тұрғандағы мағынасы
туралы сөз етудің өзі дұ-
рыс болмас еді. Екінші бір көрнекті тілші, семантикаға байланыс-
ты жарық көрген көптеген еңбектердің авторы В. А. Звегинцев
Н. Д. Шмелевтен де ары тереңдеп: «Таза лингвистикалық тұрғыда
сөз мағынасы оның баска сөздермен байланысу мүмкіндігімен,
лексикалық валенттілігімен байланысты анықталады»,— деп жа-
зады (Звегинцев 67, 123) *. Егер Д. Н. Шмелевтіц пікірін қолдай-
тын болсақ, сөз мағынасы өздігінен өмір сүрмейді,
оның объектив
дүниемен байланысы болмайды, тек сөздердің системадағы орны-
мен ғана анықталады да парадигмалық қатынас сөз мағынасын
жасайтын болып қалады. Жоғарыда біз сөз мағынасының кұра-
мында тілдік мағынаның элементі бар дегенде ол жеке өздері сөз-
дің
лексикалық мағынасын жасайды, лексикалық мағына объек
тив дүниемен байланыспайтын басқа бір нәрсе деген пікірді айт-
қан жоқпыз. Шындығында да тілдік семантика объектив дүниемен
тікелей байланысты болғанымен, оның бейнесі ретінде қабылдан-
бағанымен объектив дүниедегі заттардың байланысына, өзара қа-
рым-қатынасына сүйенеді. И. В. Арнольд пен Н. Н. Буга «Систе
ма дегенде тәртіпке түскен және өзара іштей байланысқан объек
т ы түсінеміз. Жалпы теориялар системасы
объектінің физикалық
табиғатының абстракциясы ретінде қабылданады, өзара және
сыртқы орта мен жалпы қасиеттері арқылы қалыптасқан, бірнеше
элементтердің жиындысы ретінде танылады. Тілдің лексикасы
таңбалардың ерекше системасы деп есептелінеді»,— деп,
осы екі
система арасындағы байланысты көрсеткен болатын (Арнольд 81,
3) *. Ал В. А. Звегинцевтің пікірін дұрыс дейтін болсақ, онда сөз
мағынасы тек сөздердің тіркесінде пайда болады да валенттілік-
тің аясында қалып қояды. Алдын ала айтылатын нәрсе сол — сөз
тіркесі мағына жасамайды, керісінше сөз мағынасының сөйлемде
қолданылуына, нақты болуына жағдай жасайды.
Бұл екі пікір
тілдік системаның екі саласына негізделінеді де екеуіне ортак
нәрсе — екеуі де сөздердін дсрбестігін жоққа шығарады.
Сөздердің дербестігін мойындамау кейбір тілшілердін. ғана
емес, ол структуралды тіл білімінің көпшілік өкілдеріне тән пікір
болып саналады. Бұл пікірдің бастамасы Ф. де Соссюрдің «...тіл
системасының мүшесіне тек әйтеуір дыбысталу мен әйтеуір бір
ұғымның қарапайым бірлігі деп қарау үлкен жаңысушылық. Си
стема мүшесіне бұлай анықтама беру — өзі мүше болған система-
дан бөліп қояды, бұл қате пікірге алып келеді»,— деген
пікірінен
басталады (Соссюр 77, 146). Ф. де Соссюрдың бұл пікірін акад.
В. В. Виноградов та қолдағаны анық. Шындығында да Соссюр
169
Н. Д. Шмелев сияқты
жақсы
сөзінің мағынасын
жаман
сөзі болған-
дығы үшін ғана деп есептемейді. «Бір тілдің құрамында бірін-бірі
шектеп жақын ұғымды білдіретін синоним сөздер бар.
Мысалы
redouter (қауіптену) — crainde (қорқу, үрку), avoir (қорқу). Бұл
сөздер өзара қарама-қарсы тұрғандығы үшін ғана мағынаға ие
болады, егер redouter (қауіптену) болмаса, онда оның мағынасы
онымен қатынаста болған басқа сөзге өтіп кеткен болар еді»,—
деген пікір айтқан (Соссюр 77, 148). Шындығында да тілдік си-
стемаларда ондай жағдайдың болатындығын байқауға болады.
Салыстырыңыз: өзбек тілінде
бинафша
сөзі заттардың түсін
көрсету үшін қолданылады. Қазақ тілінде ондай сын есім жоқ, сон-
дықтан да бұл сөздің мағынасын қазақ тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: