Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет103/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130
Сол
әскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір қүзар іиатқа кірді
(Абай). 
Сонан соң арқаныңды тасқа байла, Түсетүғын ыңғайлы
жерді сайла
(Абай) деген мысалымызда колданылған 
жүр, түс
сөздері жоғарыда көрсеткен семаларды толық камтуға әрекет 
еткен. Ал, 
Бет алды жанға бой салма, Қорльіқ жүрмес сақтыққа
(Абай). 
Өзге қара жүрт жақсы-жадан жүре береді екен
(Абай) 
мысалдарымызда 
жүр
етістігінде жоғарыдағы мысалдарда қолда- 
нылған семалардың барлығы бірдей катысып тұрған жоқ. 
Қорлык,
жүрмес
тіркесіндегі 
жүр
сөзі көндіру, айтканын істету мағынасы- 
на жуык мәнде колданылып тұр. Сондай-ақ казак тілінде 
билік
жүргізу, әмір жүргізу, сөзі жүру
сиякты тіркестер де колданыла- 
ды, бәрінде жоғарыдағы көндіру, мойындату семасы бар. Екінші 
мысалымызда 
жүр
етістігі 
өмір сүру, жасау
мағынасында колда­
нылып тұр. Бұл жерде ол 
жүр
етістігінің козғалу және созылынды- 
лыкты білдіретін семасына негізделіп тұр. 
Түс
етістігі де казақ 
тіліндегі көп мағыналы етістіктердің бірі. Олардың да әр мағына- 
сында 
түс
сөзінің мағынасын кұрайтын семалардың біреуі жетек- 
ші орынға шығып, мағынаны белгілесе, кейде бір мағынасына 
негізделініп баска бір бейнелік не ауыспалы мағына жасалынады. 
Салыстырыңыз: 
Алматыдан келген қонақ үйге түсті
дейтін бол- 
сак, конактың үйге келгенде аспаннан түспейтіндігі анык. Қазіргі
179


қазақ тілінің деңгейінде қарайтын болсақ, 
жоғарыдан жерге түсті
деген тіркестегі 
түс
сөзінің мағынасы мен 
қонак, үйге түсті
деген- 
нің арасында мағыналық байланыс жоқтай көрінеді. Шындығында 
ондай байланыс бар. Ол 1) территориямен, 2) тарихи мағынасы 
жағынан байланысып жатыр. Себебі ұзақтан келген қонакдың 
көлікпен келетіндігі анық. Ал қазақ тілінде 
аттан түсу, маіиинадан
тусу
сияқты тіркестің қолданылатындығы анык. Сонымен бірге 
аттан, көліктен түскен адамның біраз болса да аялдайтындығы, 
тоқтайтындығы да белгілі. Соңғы мағынадан 
қону, түнеу
мағьіна- 
сы да өрбіген. Ал 
баласы оқуға тусті
дегенде 
түс
етістігі белгіл» 
бір территорияға ену, кіру мағынасымен байланысты жаңа мағы- 
нада қолданылып тұр. Осы соңғы мағынамен 
ой тусу, есіне түсу
сияқты тіркестердегі мағыналар байланысып жатады.
Семалардың табиғатын анықтауда тілшілер арасында бір із- 
ділік жоқ. Мысалы, В. Г. Гак семантемалар мен семаларды ажы- 
ратады. Бірақ автор семантема терминіне мағынаның құрамында- 
ғы түрлі заттардың, құбылыстардың сәулеленуі, сема болса соның 
түрлі жеке элементтерінің сәулеленуі деп анықтама береді (Гак 
72, 370) *. Автор бұл пікірін екінші бір еңбегінде де қайталайды. 
В. Г. Гак семалардың мағынаны қалыптастырудағы ролін ескерте 
отырып, оларды үш түрге бөлген: 1) архисема, 2) дифференцно- 
налды сема, 3) потенциалды сема 
(Гак 72, 371; Гак 77, 14) *. 
И. Кучқартаев та өзбек тіліндегі етістіктерге талдау жасай оты­
рып, сема мен семемаларды ажыратады. Сема, автордың көрсе- 
туінше, сөздердің майда мағыналық бөлшегі, семема болса сөздің 
мағынасымен тең (Кучқартаев 77, 29) *. И. Кучқартаев та сөздер- 
дегі семаны үшке бөледі: 1) идентификациялық сема, 2) диффе- 
ренциялық сема, 3) қосымша сема. Негізгі мәселе семалардық 
санына не түрлеріне байланысты емес, мәселе оларға қандай ма- 
ғына беруінде. Егер семема семалардан тұрады дейтін болсақ, 
онда семема семалардың жиынтығы болып шығады. Н. В. Цветков 
семемалар кемінде екі семадан құралады деп есептейді (Цветков 
84, 62) *. В. Г. Гак сәл басқашалау түсіндіреді. Семантема сөз- 
дердің лексикалық мағынасымен тең түседі, сема болса морфема- 
лардын мағынасына сәйкес келеді. Автор өз пікірін түсіндіру үшін 
орыс тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет