приходить
сөзінің мағынасын алады да,
при
при-
фиксының мағынасы (жақындау) семемаға сәйкес,
ход
морфема-
сының мағынасы (жаяу жүру) семантеманын мағынасымен тен.
деп түсіндіреді (Гак 72, 370). Нақ осындай мазмұнда Л. М. Ва
сильев те сема, семема (семантема) терминдеріне түсініктеме бер-
ген. «Семема термині (бұл мағынада семантема термині көп қол-
данылады) сөз формасының мағынасымен тен болғандықтан да
біз бұдан кейін мағына термннін қолданамыз»,— деп ескерту жа-
саған (Васильев 81, 21) *.
Семалардын мағынасын аиыктағанда, әрине, сөз мағынасына
негізделген дұрыс. Ең алдымен, сөз мағынасындағы сема объек
тив дүниемен байланыстырушы элемент деп санайтын болсақ, он
да оны тіл білімі категориясы ретінде қарауға негіз де жоқ. Се
малардын адамның сезім мүшелері арқылы объектив дүниені
180
түйсініп қабылдаған солардың түрлі қасиеттері мен белгілері
екендігін мойындаумен бірге оның сөз мағынасының ең кіші эле-
менттері екендігін де естен шығармау керек. Сондықтан да сезім
мүшелері арқылы қабылданған сыртқы дүние туралы информа-
циялардың барлығы сөз мағынасының элементі бола бермейтін-
дігі анық, бірақ сөз мағынасын тереңірек түсінуде семалардың
қажет болатындығы да шындық. Мысал ретінде терминдерге бер-
ген түсіндірме сөздіктердегі анықтамаларды келтіруге болады.
Салыстырыңыз: адам күнде көріп жүрген нәрсеміз (Адамның бірі
өзіміз), бірақ адам сөзіне анықтама бергенде оның екі аяқты, екі
қолды, тік жүруі сияқты белгілерін анықтамаға кіргізбей таста-
ған. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде адам сөзіне: «Ойлау және
сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралын өндіре алатын
және сол құралдарды қоғамдық еңбек процесінде пайдалана ала
тын жан иесі, кісі»,— деп анықтама берген (ҚТТС 1, 62) *. Басқа
тілдердің түсіндірме сөздіктерінде де адам сезіне анықтама бер
генде оның 1) сөйлей алатындығын, 2) ойлай алатындығын, 3) кұ-
рал жасай алатындығын, 4) құралдардан пайдалана алатындығын
негіз етіп анықтама берген. Сонымен бірге бұл белгілер адам сөзі-
нің лексикалық мағынасының құрамына да енген. Егер байыптап
қарасақ, бұлардың кейбіреулері өте қатты жалпылаудан туған
белгілер, олар адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызбайды. Мы-
салы, адамдардың ойлау қабілеті сезім мүшелерімізге түйсік ту-
ғызбайды. Демек тек түйсік арқылы қабылданған информациялар
ғана сема жасап қоймастан, ойлау арқылы жасалынған, анық-
талған белгілер де сема жасай алады. Екіншіден, сөз магынала-
рының өзі бір түрлі емес, соларға байланысты семалар да бір түр-
лі болмайды. Мысалы, компонент талдау әдісі бойынша тілшілер
көбінше туысқандық терминдерді талдап көрсетеді. Бұның сыры
сол — туысқандық терминдері семаларға оңай бөлшектенеді. Са-
лыстырыңыз:
бала
сөзінде 1) қандық, 2) тікелей туысқандық,
3) жасы кіші, 4) еркек кіндік; жиен сөзінде 1) қандық туысқан-
дық, 2) тікелей ұрпақ емес, 3) жыныстық белгілерін көрсетпейтін
сияқты семалар бар. Бірақ тілдегі сөздердің барлығы бірдей мұн-
дай семаларға оңай бөліне бермейді. Мысалы үшін сын есімдерді
алып көрелік.
Лқ, қызыл, сары, көк, қоңыр, боз, қарагер, торы,
құла, күрең, жасыл
сияқты сын есімдер заттың түр-түсін білдіре-
ді. Әрине бұл сөздердің әр бірінің өзіндік мағынасы барлығы, бірі
екіншісінен ажыратылып жататындығы анық, бірақ оларды сема-
ларға бөлу дәстүрі жоқ. Сондай-ақ сан есімдерді (бірлік сандар-
ды) семаларға бөлу тіпті қиын.
Кей ғалымдар сөз мағынасының құрамындағы семалардың
қызметін нақтылы анықтау үшін сөз мағынасының элементі мен
мағына қатынасын ажыратуды, анықтауды ұсынады (Цветков 84,
66) *. Эрине бұл талап дұрыс. Сөздің лексикалық мағынасының
компоненті болған семалардың өзара қатынасы және мағына жа-
саудағы қызметі бар да лексико-семантикалық топтың мүшелерін
анықтауды сөздердің семаларының қызметін анықтау бар. Бірінші
қасиет бір сөздің ішінде болады да мағынаның құрылымдық эле-
181
менті болып саналады, екінші касиет семалардың қарым-катына-
сын аныктау болады да тілдік системадағы сөздердің орнын бел-
гілейді. Автор сұрау қойса да өзі жауап бермеген. Тек автор се-
мантикалық компоненттердің «жағымды, жағымсыз сезім», «сезім-
нің интенсивтілігі (әлсіз; күшті жэне өте күшті), «сезімнің пайда
болу характер!» (қысқа және ұзаққа созылуы) сияқтыларды мы-
сал ретінде беріп, тырнақша ішіндегі компонент жақша ішіндегі
семантикалық белгі деп есептейді. Н. В. Цветков бұл жерде семан-
тикамен байланысты екінші мәселеге өтіп кеткен. Семантикалық
белгі де, семантикалық компонент те сөз мағынасын қалыптасты-
руда өз үлестерін қосатындығын естен шығаруға болмайды. Мы-
салы,
Достарыңызбен бөлісу: |