лі) — көрсетеді (Кучқартаев 77, 29). В. Г. Гак пікіріне толық тал-
дау жасап қарасақ, ол да үшінші сема етіп көрсеткен семаны
салыстырушы (вертуэмы) семасы да көмекші семаларға жуық
деп есептеген. Айырушы (дифференция жасаушы) сема туралы
айта отырып, олар объектінің өзгешелігін көрсетеді дейді. Кез
келген заттың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші касиеті оның түйсік
арқылы қабылданатын сыртқы көрінісіне (формасына, көлеміне, құ-
рылымына, т. б.) байланысты сипатталынатын қасиеті болса,
екін-
шісі сол заттардың екінші бір заттармен қарым-қатынасын анық-
тайтын (неге арналғандығын, орнын, қызметі, т. б.) қасиеті. Мы-
салы,
автобус
сөзінің дифференциялық семасы оның транспорттың
бір түрі екендігі, жерде қозғалатындығы
(самолеттен өзгеше-
лігі), рельссіз қозғалатындығы (поезд бен трамвайдан өзгешелігі),
мотордың күшімен қозғалатындығы (троллейбустан өзгешелігі),
төрт дөңгелегі барлығы (мотоциклден өзгешелігі), т. б.
Бұл ерек-
шеліктерді автобустың өзіне тән болған негізгі ерекшеліктері деп
көрсетуге болады. Сонымен бірге оның қосымша белгілері де: ка
ла ішінде (белгілі бір маршрутпен) жүретіндігі, билетке төлейтін-
дігі (жеке меншік машиналардан өзгеше), көлемі үлкендігі (так-
сиден өзгешелігі), т. б. (Гак 77, 15). В. Г. Гак сөздердегі соңғы
көрсетілген белгі сияқтыларды негізгі белгісі емес дейді. Біздің
түсінігімізше, негізгі белгілер мен қосалқы белгілердің болатыН'
дығын жоққа шығарып болмайды, бірақ сөз мағынасында оларды
бұлай анықтау мүмкін болмайды. Қолданылу
ерекшелігіне қарай
қосалқы мағыналық элемент деп жүргендеріміздің өзі лексикалық
мағынаны белгілеуші (негізгі) сема ретінде де қолданылу мүм-
кіндігі бар. Салыстырыңыз: В. Г. Гак қозғалу етістіктеріне бай
ланысты айта отырып, олардағы көмекші сема ретінде қозғалыс-
тың темпін білдіретін семаны көрсетеді. Мысал ретінде орыс
тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: