Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет107/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130
сүра, жауап бер, жауап қайтар,
т. б. Осы соцғы 
кіші топқа сөздерді біріктіруші семаны интегральсема деп атап 
жүр. Шындығында да бұл жерде екі түрлі семамен байланысты сөз 
жүргізіп тұрганымыз жоқ, тек бір түрлі семаның екі түрлі көріні- 
сімен ғана бетпе-бет келіп тұрмыз.
Семалардың түрлері туралы пікірімізді жинақтайтын болсақ, 
онда сөз мағынасындағы семалардың тек екі түрін гана ажыра- 
туга болады. Интегралды сема, салыстырмалы семалар сөздердіц 
лексикалық мағыналарын талдауда жеңілдік туғызғанымен, ма- 
ғынадағы орны тиянақты болмайды, өзгеріп отырады. Интегралды 
сема өз қаснеттері жағынан архисемаға жақын болса, салыстыр­
малы сема дифференциалды семаға жақып тұрады. Зерттеушілер- 
дін мақсатына карай олар бірде архисемапың кұрамында, бірде 
жеке бөлініліп алыпуы мүмкін. Салыстырмалы сема да нақ
184


осындай бірде дифференциялы сема ретінде, бірде жеке сема ре- 
тінде бөлініп алына береді. Егер архисема дегенде біз бірнеше 
сөздердің мағынасына ортак, сөздерді белгілі бір лексико-семан- 
тикалық топқа біріктіруге себепші болатын сема деген В. Г. Гак- 
тын анықтамасын дұрыс дейтін болсақ, онда архисема мен интег- 
раль семаларды ажыратудың қажеті болмайды. Ф. П. Филин 
лексико-семантикалық топтын кұрамына екі не одан көп сөздердің 
енуі мүмкін дегеп болатын және олар өзара мағыналары жағынан 
байланысып жатуын шарт етіп көрсеткен. Жоғарыда келтірілген 
мысалдарымызда интеграль сема бойынша топтастырылған кіші 
семантикалық топтың құрамында бес не онан да көп етістіктердің 
енгендігі анық. Олай болса, олардың өздері де бір лексико-семан- 
тикалық топ. Сондықтан да біз архимеса 
(жалпылаушы сема) 
бірнеше сөздерге ортақ сема болып саналады да сөздерді белгілі 
бір лексико-семаптикалық топка топтастырып тұрады; ал диффе- 
ренциалды сема жеке сөздердің өздеріне тән болады да, оны сол 
лексико-семантикалық топтың басқа мүшелерінен ажыратып тұ- 
ратын, сөздердің жеке дербестігін қамтамасыз етіп тұратын сема 
деген қағиданы колдаймыз.
Қолымызда бар материалдардың көрсетуінше, сөздердің лек- 
снкалық мағынасының құрамында кездесетін ортақ семалар біреу 
ғана болмайды. Мысалы, қалып-сапа етістіктерін алып көрелік. 
Қалып-сапа етістіктері не 
отыр, түр, жатыр, жүр, қартац, жасар,
үлкей, кішірей, аз, семір
сияқты сөздер енеді. Бұл етістіктердің 
барлығы да заттардың не адамдардың белгілі дәрежедегі қалпын 
көрсететін семасы бар. Сонымен бірге оларда қимылдың созылын- 
қылығын білдіретін ортақ сема да бар. Сондықтан да бұл етіс- 
тіктерді классификация жасағанда осы екі семаға негізделінген. 
Егер бүл семалар болмаса, ол сөздерді қалып-сапа етістіктерінің 
құрамына енгізбеген болар едік. Салыстырыңыз: 
Оқуиіылар пар-
таға отырды
дейтін болсақ, онын мағынасында семасы да, қимыл- 
дың созылыңкылығын білдіретін сема да жоқ. Ал, 
Оқуиіы үстелде
отыр дейтін болсак жоғарыда аты аталынған екі семаның екеуі 
де бар. Сондықтан да бірінші мысалымыздағы 
отыр
етістігін 
амал-әрекет етістігі кұрамына, екінші мысалымыздағы 
отыр
сөзін 
қалып-сапа етістіктерінің құрамына енгіземіз. Кейде архисема 
бір сөздің мағынасында бірнешеу болып, оның сатылай (иерар- 
хиялы) байланысуына жағдай жасайды. Мысалы, 
қалып-сапа 
етістіктері осы сатылай байланыскан архисемаларына қарай іш- 
тей бірнеше семантикалық (лексико-семантикалық топ терминінен 
бөліп алу мақсатында семантикалық топ терминін қолдандық) 
топқа бөлінеді. Оларға: 1) статистикалық (созылыңқы) 
қалып 
етістіктері, 2) жаспен байланысты қалып етістіктері, 3) физиоло- 
гнялық қалып етістіктері, т. б. енеді. Бірінші семантикалық топ- 
тағы архисема амал-әрекеттің созылыңқылығын білдірсе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет