Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет108/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130
(отыр,
жүр, жатыр, түр,
т. б.), екінші топтағы етістіктердің архисемасы 
адамдардың жас ерекшелігімен байланысты калыпты білдіреді 
(жасар, қартай, ер жет, егде тарт),
үшінші топтағы етістіктер 
адамның не жан-жануарлардың физиологиялық қалпын білдіре-
1 3 - 2 9 2 0
185


тін семаларымен байланысып жатады 
(семір, аз, арықта, жүде,
майлан,
т. б.) Демек архисеманың өзі турлі дәрежедегі семанти- 
калық топтың топтастырылуына себепші болады. Тіпті, кейде, бір 
сөздің бірнеше лексико-семантикалык топтың құрамына енуіне де 
себепші болады. Салыстырыңыз: 
қуану, шаттану, жылау,
т. б. етіс- 
тіктерін біреулер қалып-сапа етістіктерінің құрамына енгізсе, 
екінші біреулер көңіл-күй етістіктерінің кұрамына енгізеді. Тео­
рия жағынан ол екі адамның екеуі де дұрыс шешім жасаған.
Дифференциялды семаның да бір сөз мағынасында біреу не 
бірнешеу болуы мүмкін. Бірақ бұдан сөз мағынасының құрамын- 
дағы семалардың саны мүлде көп екен деген қорытындыға келмеу 
керек. Егер сөзді лексикалық және грамматикалық мағыналардың 
жиынтығы дейтін болсақ, онда сөздің мағынасында кемінде екі 
не одан көп семаның болуы қажет. Орыс тілінің етістіктеріндегі 
семалардың катынасын арнайы зерттеген Л. М. Васильев сема- 
ларға талдау жасай отырып, «Қозғалу етістіктеріндегі снпат 
(вид — О.М.), етіс, рай, жақ, шақ сиякты грамматикалық оппози- 
циялармен бірге, бағытты, бағытсыз козғалысты (идти — ходить, 
лететь — летать), бір бағытты, көп бағытты қозғалысты (идти в 
город — ходить в город), амал-әрекет етістіктері үшін — объекті- 
лік; объектсіздік (работать — делать, учительствовать — учить), 
психологиялық физиологиялық етістіктері үшін де объектілік, 
объектсіздік және нәтижелі, нәтижесіздік семалары оппозицнясы, 
физиологиялық, эмоциялык калып етістіктері үшін бұрыннан 
бар, жаңа қалыптасқан (бодриться — взбодриться, волноваться — 
взволноваться) семалары арқылы оппозиция жасайды»,— деп көр- 
сетеді (Васильев 81, 35) *. Осы берілген цитатаның өзінен-ақ көрі- 
ніп тұрған нәрсе сол семалардың саны біршама көп, бірақ түрлі 
лексикалық мағыналардың санына карағанда аз. Дифференциалды 
сема осы мағыналардың ішінде болып, оның саны бірнешеу бола 
алады. Оны анықтау үшін сол сөздің өзі мүше болған лексикэ-се- 
мантикалық топтың баска мүшелерімен салыстыру керек. Өте 
жақын семантикалық қатынаста болған парадигмалык катардын 
мүшелері арасында да дифференциялы сема болады, бірақ баска- 
ларға қарағанда аздау болады. Мысалы, 
кел
мен 
кет
етістіктерінін. 
арасында бір ғана сема (бағыттық) дифференционалды сема қыз- 
метін атқарып тұр. Яғни 
кел
дегенде козғалысқа түскен адам не 
заттың белгілі бір нүктеге жақындағанын білдіретін мағына ацға- 
рылса, кет дегенде алыстауды білдіреді. 
Ата
мен 
ана
сөздері де бір 
ғана семалары арқылы ажыратылып жатады. Салыстырыңыз: ата 
сөзінде 1) қандық туысқандык, 2) тікелей туысқандык, 3) жасы 
үлкен, 4) еркек жынысты сияқты семалары бар. Ал 
ана
сөзі 
ата
сөзінен бір сема арқылы бөлектеніп жатады, 
ата
еркек жынысты 
болса, 
ана
эйел жынысты. 
Ата
мен 
келін
сөздерін салыстырып қа- 
райтын болсак, онда бір ғана архисема бар да, бірнеше айырушы 
сема бар.
Сөз мағынасының қалыптасуында кай сема негізгі қызмет 
атқарады деген сұраудың тууы заңды. Қазақ тіл білімінде бұл 
мәселе әлі арнайы зерттеу объектісі бола қойған жоқ. Орыс тіл
186


білімінде бұған Л. М. Васильев арнайы тоқталған. Ол сөздердің 
мағынасын майда элементтерге бөле отырып, оны 1) өте қажетті 
болған семалар, 2) қосалқы (факультативтік) қызмет атқаратын 
семалар деп екіге бөледі. Қажетті семалар сөздің мағына құра- 
мына енуі қажет және ол сөздің сигнификаттык мағына элемент- 
терімен байланысты болады. Ал қосалқы сема сөздердің денотат- 
тык мағыналарымен байланысты болады да сөз мағынасының 
құрамына толық енуі шарт емес. Соңғы типтегі семалар сөйлеу 
процесі кезінде анықталады (Васильев 81, 25) *. Сондықтан да 
сөйлеу кезінде қосалқы деген сема хабарлайтын информацияға 
тиісті сөздің мағынасының ядросын жасауы мүмкін. Нақ осындай 
сөз мағынасының құрамындағы семаларды негізгі және қосалқы 
деп екіге бөлу шартты болу керек. Бірақ жеке алғанда сөздердіқ 
семаларын олай екіге бөлу толығымен мүмкін. О. Н. Селиверстова 
орыс тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет