Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет43/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
Үйректің әдемісі қасқалдағы, Көпірдің сол-
қылдайды басқан жағы
(Халык әні) дегенде 
ңасқалдақ
үйректің 
бір түрі екені анык, сөйлескен адамдар да солай түсінеді. Ал оның 
тұмсығының үсті кызыл, тамағының асты ак, дене пішімі үйрек- 
терден әлде кайда кіші болатындығы, қамысты, калың қоғалы 
көлдерде жасайтындығы, етінің кез келген басқа құстардан дәмді 
болатындығы, 
көктемде ұшып келіп, күзде ұшып кететіндігі 
қасқалдак,
сөзінің сөйлескендегі адамдардың түсініскен мағына- 
ларының кұрамына енбейді. Бұл типтес мағына мен заттардың 
белгілері арасындағы тең түспеу касиеті барлык сөздер мен зат­
тар аралығында кездеседі. Тіпті күнделікті колданылып жүрген 
нан мен су сиякты сөздер мен атауы болған заттардың қасиеттері 
арасында да айырмашылык кездеседі. Қазак тілі түсіндірме сөз- 
дігінде су сөзіне: «Өзен, көл т. б. түзетін түссіз, мөлдір сұйық 
зат» деп аныктама берген (ҚТТС-8, 371) *. Өзбек тілінің түсіндірме 
сөздігінде: «Оттегі мен сутегінің химиялык қосындысы ретінде 
жасалынған түссіз, мөлдір сұйықтык»,— деген аныктама бергеч 
(УТИЛ-2, 79) *. Біздіңше, қазак тілінің де, өзбек тілінің де түсін- 
дірме сөздігінде 
су
сөзінің лексикалык мағынасына дұрыс анык­
тама бермеген. Сонымен бірге түсіндірме сөздіктерде сөз мағына- 
сын аныктауда ғылыми принциптің барлығын, күнделікті өмірде 
қолданылып жүрген мағыналардың сөз мағынасы ретінде түсін- 
дірме сөздіктерге енбей калу мүмкіндігі де бар. Бірак күнделікті 
өмірде 
біз
су дегенде шөлді кандыратын мөлдір сұйыктықты көз 
алдымызға келтіреміз. Судың оттегі мен сутегінің косындысы 
екендігін, кұрамында тұздардың бар екендігі не жок екендігі, 
оның буланатындығын т. б. біз кейін біліп, аныктаған белгілері. 
Балалар су ішті дегенде біз, сөзсіз, шөлді кандыратын сұйыкты 
ішкендігін көз алдымызға келтіреміз.
83


Жоғарыдағы айтылған пікірлерден сөздің мағына құрамында 
объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі дәрежедегі 
бейнесі болады және ол субъектив бейненің барлығы бірдей сөз 
мағынасы ретінде көріне бермейді деген қорытынды шығаруға 
болады. Егер осы пікірді ары қарай жалғастыратын болсак, онда 
сөздің лексикалық мағына құрамында адамның сезім мүшелері 
арқылы қабылдаған заттардың қасиеті мен белгісі туралы инфор- 
мациялар бар, бірақ ол қабылданған информациялардың барлығы 
бірдей сөз мағынасына енбейді. Сондықтан да С. Д. Кацнельсон 
«Сөз және оның мағынасын тиімді пайдалану үшін оның нені біл- 
діретіндігін білу керек. Лексикалық мағынамен берілетін зат ту­
ралы ілім онша көп емес. Лексикалық мағына (автордың тілін- 
де — лексическое знание) — атауы болған затты тану үшін 
қажетті болған аз түсінік. Ол объектив тану үшін қажетті болған 
негізгі белгілерді ғана қамти алады»,— деп жазады (Кацнель­
сон 72, 131) *. Сөздің лексикалық мағынасының құрамына идеал- 
ды денотаттың толық енбеуі сөз мағынасының көлемінің бірде 
кеңейіп, бірде тарайып отыруына, сөздердегі көп мағыналық қа- 
сиеттің дамуына бірден бір жағдай жасайды.
Сигнификаттық мағына
Денотаттан басқа сөздің лексикалық мағынасының құрылым- 
дық элементтерініц бірі болып сигнификативтік мағына санала- 
ды. Сигнификаттық мағына (бұдан кейін сигнификат) семантика- 
лык үш бұрыштың жоғарғы В бұрышында орналасады да бір жа- 
ғынан идеалды денотатпен, екінші жағынан ұғым түсінігімен бай- 
ланысып жатады. Осы семантикалық үш бұрышты талдаған тіл- 
ші-ғалымдар сигнификатты ұғымның бір элементі ретінде қарап, 
оған арнайы бұрыш бермеген (Аллендорф 65; Степанова 68; Но­
виков 85) * сигнификатты үғыммен тең санаушылар да бар. Сон- 
дай-ақ ұғымды мағынадан бөліп көрсеткен Л. Н. I Іовиковтың 
трапециясында да сигнификат ажыратылып көрсетілмеген (Нови­
ков 82, 91). Совет тілшілерінін біразы сигнификатты лексикалық 
мағынанық бір элементі ретінде қарамай денотаттық мағынамен 
байланысты сөз қылады не тіл біліміне қатысы жоқ семистикалық 
(тіпті логикалық) термин ретінде де қарайды. Егер байыптап қа- 
райтын болсақ, сигнификат денотат та емес, сондай-ақ үғым да 
емес. Денотаттан айырмашылығы сол — ой субъектив қасиетке 
ие. Екінші сөзбен айтқанда сигнификат нақтылы заттың белгісі 
мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді. 
Ал ұғымнан айырмашылығы — ұғымда мидың қызметі негізінде 
түйсік аркылы алынған информациялар анализ, синтез жаеалы- 
нып жеке адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, рухани қалпына 
т. б. карай мағыналық мән қосып күрделенсе, сигнификатта ондай 
жеке адамға тән болған индивидуалдылық қасиет болмайды. Со- 
ның үшін де сөз мағынасын анализ жасағанда семаларға ажыра- 
тады. Осы семалар сигнификаттық мағынаның негізіне жатады.
84


О. С. Ахманова сигнификат терминіне анықтама берместен 
сөздің сигнификациялық қызметіне анықтама беріп: «Сигни-
фикаттық функция ағылш. Significative function 1) Дифферен- 
циациялық қызметі. Дыбыстардың сигнификаттық қызметі. 2) 
Сигнификация ағылш. Signification; фр. Signification Мағынаның 
төл тілдік жағы, сөз мағынасы лексема ретінде (инвариант) қарай- 
ды (Ахманова 66, 507) *. Ал сигнификация деген жерде: «Сөйлеу 
кезінде білдірілетін мағынадан өзгеше тілдік элемент ретінде сөз- 
дің білдіретін мағынасы»,— деп көрсетеді (Ахманова 66, 403).
Сөз мағынасы бір ғана денотаттық мағынадан тұрмайтындығы 
анық. Біздіңше, денотаттық мағына сөз мағынасының негізінде 
жататын фундамент, сонымен бірге сөз мағынасы объектив дү- 
ниемен байланыспайды. Әрине денотаттық мағына түйсікпен тіке- 
лей байланысты. Марксистік дүние таным теориясы бойынша дү- 
ниені тану осы түйсіктен басталады да түйсік гнесиологияның ең 
төменгі басқышы болып саналады. Егер сөз мағынасын осы дено- 
таттық мағынамен тең дейтін болсақ, онда сөз мағынасы сөзден 
тыс жатқан, объективтік қасиетке ие болған болар еді, зат пен 
сөз мағынасы тең түскен болар еді. Өз өзінен анық нәрсе сол — 
сөз мағынасы объектив сипатқа ие болғанымен, жеке адамдарға 
тәуелді болғанымен, затпен тең емес. Тіпті заттың адам санасын- 
да бейнеленген көп қасиеттерінің де сөз мағынасының құрамына 
енбей қалатындығы жоғарыда айтылған еді. Сөз мағынасы заттың 
түрлі қасиеттерін толық көрсетіп бере алады ма, олар арасында 
қандай байланыс бар деген сұрау көне грек философтарынан бас- 
тап, түрлі кезеңдерде, түрлі формаларда ғалымдар алдынан шы- 
ғып отырғаны анық (Античные 36) *.
Сөздің лексикалық мағынасының құрамында идеалды дено- 
таттың болғанымен, оның бір өзі сөздің лексикалық мағынасын 
жасай алмайды. Егер идеалды денотат сөздің лексикалық мағьп 
насын бір өзі жасағанда, сөз мағынасы түйсікпен тең болып, тіл 
білімінің зерттеу объектісі болмай психологияның не логиканың 
зерттеу объектісі болған болар еді. Идеалды денотаттың сөз ма- 
ғынасының бір элементі екендігі анық. Оны сөз мағынасын зерт- 
теген көпшілік ғалымдар мойындап жүр. Түйсік арқылы қабыл- 
данған информациялар ой талқысына түсіп жалпылануы және 
абстракциялануы керек, өзінің көрнекілік негізінен ажырауы ка­
жет. Бірақ бұның өзі де лексикалық мағына емес. Дегенмен жал- 
пыланған, өзінің көрнекілік негізінен, бейнесінен қол үзген инфор­
мациялар сөз мағынасының құрамынан анық байқалынады. Мы- 
салы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет