Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет50/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
айдың табиғи серігі
деген түсінік бар ма? Бұны анықтау, әри- 
не, тіл білімінің аясына енбейді. Тілде өтірік айту, алдау сияқты 
түсінік бар. Ол сөйлемдегі пайымдау мен сөйлемде айтылатын 
оймен байланысты. Біз сілтеме ретінде беріп отырған үзіндідегі 
айдың табиғи серігі
деген сөзіміз арнайы бір затты атап көрсет- 
песе де (автор оны жинақы объект деп көрсеткен), денотаттан 
құр алақан емес, дүниедегі бар басқа заттардың белгілері негі* 
зінде жинақталынған, жасанды бейне ретінде түсініліп, идеалды 
денотатқа ие болып тұр. Күнделікті өмірде қолданылып жүрген 
табиғи, серік, ай сөздерінің денотаттық мағынасына негізделініп 
екінші бір үғымға (өтірік, дұрыс бейнеленілмеген) екінші атау 
(вторичная номинация) ретінде қолданылып түр.
Нақтылы материалды денотаттық қатынасын табуға болмай- 
тын, оны идеалды денотатпен де, гнеснологияльіқ бейнемен де, 
қайта атау жолымен де түсіндіруге келмейтін 
материя, атом, тео­
рема, категория, предикация, бөлиіек
сияқты ғылыми термнндер 
де бар. Сондай-ақ олар адамға түйсік туғызбанды, түйсік аркы- 
лы қабылданылған информация болмағандықтан гнесиологиялық 
бейне де жасай алмайды. Бірақ олар ғылыми абстракция арқьілы 
жасалынған, бірнеше заттарға тән жалпы қасиетті білдіретін ғы- 
лыми терминдер. Олар да баска заттар сияқты объективтік си- 
патка не. В. И. Ленинніц материяға берген аньіқтамасы пікіріміз-
94


ге дәлел бола алады. «Материя дегеніміз — адамға оның түйсік- 
тері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз, бар' 
бола алатын, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, су- 
реті түсірілетін, бейнесі 
жасалынатын, объективті реалдықты 
көрсету үшін қолданылатын философиялық категория» (Ленин 18, 
138) *. Философиялық сөздікте категория терминіне: «Категории 
(греч. 
kategoria — указание, 
свидетельство) 
в 
философии — 
понятия, отражающие наиболее общее и существенные свойство, 
стороны, отношения явлений действительности и познания»,— деп 
анықтама берген (Философский 75, 169) *. 
Бұл екі терминнін. 
екеуінің анықтамасында денотатқа меңзеу жоқ. Бұл типтес ғылы- 
ми терминдердің мағынасында ашық денотаттық негіз байқалын- 
баса да, оларда ғылыми топшылау негізінде пайда болатын түсі- 
нік бар.
Сөздердің лексикалық мағынасына талдау жасап қарағанда 
барлық сөздерде бірдей нақтылы сигнификаттық мағына компо- 
ненттері де бола бермейтіндей көрінеді. Бұған мысал ретінде 
жалқы есімдерді көрсетуге болады. Көпшілік ғалымдар жалқы 
есімдерде сигнификаттық мағына компоненттері болмайды, олар 
тек денотаттық мағына компоненттерінен ғана тұрады деген пікір 
айтады (Суперанская 73, 255) *. Жалқы есімдер жеке заттың не 
процестің атауы ретінде қолданылып, белгілі бір затты көрсетке- 
німен, оның мағынасында да белгілі дәрежеде жалпылау болады. 
Сонымен бірге жалқы есімдердің де сөз екендігін ұмытпау керек. 
Мысалы, ер адамдарға қойылатын аттар мен әйелдерге, қыздарға 
қойылатын аттардың арасында айырмашылықтар бар. Орыс тілі 
сияқты род (жынысты білдіретін) категориясы бар тілдерде түбір 
соңына род қосымшасы қосылып 
Света, Люба
қолданылса, түркі 
тілдерінде (род қосымшасы жоқ тілдерде) олар мағына жағынан 
ерекшеленіп жатады. Салыстырыңыз: 
Ажар
(облик), 
Айша
(араб, 
живущая, любящая жизнь), 
Жібек
(шелк), 
Алма
(яблоко), 
Іңкәр
(сильное желание), 
Құндыз
(выдра) т. б. Қыз аттарының этимо- 
логиясын талдап қарасақ, олардың мағынасында нәзіктік, сұлу- 
лықты, т. б. білдіретін мағыналық реңк бар. Ал ер атауларында, 
керісінше, батырлықты, күштілікті, өжеттікті, беріктікті білдіретін 
мағына бар. Салыстырыңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет