мен ұғымның элементтерін кей ғалымдарымыздың жоқ деуіне
себепші болған. К. А. Левковскея жалкы есімдердің (адам атта-
рының) лексикалық мағынасы жоқ деген пікір де айтқан (Лев-
ковская 62, 183) *. А. А. Уфимцева жалқы есімдерді лексикалық
мағынасы жағынан толық емес дей отырып, С.
Ульманның пікірі-
не сілтеме жасайды. «Жалқы есімдердің негізгі кемшілігі жалпы-
ланған ұғымды білдіре алмауы; олардың қызметі таза атау, сон-
дықтан да оны айырушы таңба деп атайды»,— деп қорытынды
жасайды (Уфимцева 77, 42) *. Жалқы есімдерге тек адам аттары,
фамилиясы ғана енбестен географиялық атаулар да, күрделі оқи-
ғалар атаулары да, ән-күй, роман, мекеме, газет-журнал т. б. атау-
лары
да
енетіндігі анық.
Олардың семантикасында белгілі
байланыс болғанымен, айырмашылықтары да бар. Салыстыры-
ңыз: адамдарға қойылған атаулар мен төрт түлік малға қойылған
атаулар. Рас орыс тілінде кей адамдарға койылған атаулар төрт
түлік малға (мысалы сиырларға) қойыла береді.
Бірақ бұл бар-
лык адам атауларына бірдей тиісті емес. Жалкы есімдердің осын-
дай ерекшелігін көре отырып А. Е. Уфимцева жалқы есімдерді
1) затты белгілеуші, 2) заттарды ажыратушы деп екіге бөледі
(Уфимцева 77, 43). Эрине бұлай бөлу шартты. Автор бірінші топ
ка адам аттары мен фамилиясы, жан-жануарларға берілген аттар
мен
топоним атауларды косса, екінші топка газет-журнал, кітап
атаулары, түрлі заттарға берілген этикеткаларды енгізеді. Бел-
гілеуші заттарда денотаттык мағынаның түрлі қасиеттерін білді-
ретін (мысалы, жыныстык) мағыналык реңк болса, атаушы жал
кы есімдерде үғымды жанап өтіп тікелей затпен байланысатын
мағына бар дейді (Уфимцева 77, 44).
Жалкы есімдердің мағына құрамында денотаттык мағынаның
бар
екендігі, олардың да тілдің лексикалык кұрамынан орын ала-
тындығы анык. Сондай-ак жеке-жеке заттардың атауы ретінде
қолданылуы, өзі атауы болған затты өзі тектес баска заттардан
ажыратып туратындығы да анык. Жалкы есімдерге аныктама
бергенде де осы даралаушы, ажыратушы кызметін баса көрсете-
міз.
Яғни жалқы есім деп бірыңғай, біркелкі заттардың ішінен
жеке-дара бір затты бөліп алып, соған берілген атауды айтамыз.
Жалкы есімдердің лсксикалык мағынасының бар, жоғын білу
үшін оның денотаттык, сигнификаттык мағына компоненттерін
аныктау
дұрыс-ак, бірак бұл жерде екінші бір мәселенің басын
ашып алу керек сиякты. Жалқы есімдер — заттарға берілген бі-
рінші атау емес, екінші атау. Мысалы, дүниеге келген нәрестені
біз алдымен шакалақ туылды не бала туылды деп атаймыз. Яғни
оның алғашкы аты шакалак не бала; одан кейін ғана біз оған ат
беріп, айдар тағамыз. Әрине балаға
берілген атаудың алғашкы
кезде бір-ақ кызметі бар, ол да болса айыру. Үйдегі басқа бала-
лардан, айналасындағы баска адамдардан айырып жеке өзіне
Достарыңызбен бөлісу: