Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет55/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130
үйге келу, қарсы
келу, ойға келу, тілге келу
т. б. Етістіктердін сөйлем қүрамында 
келіп қатынас жасайтын сөздері анық. Ондай қатынас субъект пен 
козғалыс арасында, қозғалыс пен объект арасында, амал-әрекет 
пен субъект не объект араларында болса, сын есімдер зат пен түрлі 
қасиет аралығында, түс пен зат аралығында болады. Үстеулерде 
мұндай бйланыс уақыт пен козғалыс, кеністік пен қозғалыс т. б. 
аралығында болады. Бүндай байланыстан туатын катынасты 
А. А. Уфимцева белгі (признак, субстанция) деп птайды да олар- 
дан туатын мағыналық реңкті қатыстық (белгі) мағына дейді. Жо- 
ғарыда 
кел
етістігімен байланысты көрсетілген қатыстық мағына 
тіркесілген сөздің біреуі өзгерсе, етістіктің мағынасы өзгереді. Нак 
осындай жағдайды сын есімдермен де, үстеулермен де баііланысты 
көрсетуге болады. Салыстырыныз: 
ащы дауыс, ащы тер; жақын кі-
сі, жақын жер,
т. б.
Етістіктердін мағынасынын, қаншалықты өзгеруге бейім екснді-
100


гін анықтау сөздердің көп мағыналылығын зерттеген ғалымнын 
үлесіне тиеді. Дегенмен де етістіктердің сөйлем ішінде келуі, басқа 
бір сөзді талап етуі, онымен мағыналық жақтан байланысты болуы 
тілдің екінші бір қызықты саласы — синтаксистік семантиканы 
байланыстырады. Жалпы, етістік сөйлемде екінші бір сөзбен бай- 
ланыстыруды талап етеді және ол сөзбен әрі мағына жағынан, әрі 
тұлға жағынан байланысады. Етістіктің бұл қасиетін тіл білімінде 
валенттілік қасиеті деп те атау бар. Етістіктердің валенттілік қа- 
сиеттерін анықтауда совет тіл білімінде біраз жұмыстар жасалын- 
ған, негізгі терминдері, қағидалары анықталған (Степанова 78) *.
Заттық мағына мен қатыстық (белгіні білдіретін) мағынаны 
білдіретін сөздерден басқашалау мағыналық қасиетте ие болатын 
сөздер — есімдіктер. Есімдіктердің семантикалық қасиеттеріне ка­
рай тіл білімінде диектикалық (ағылш. deictic фр. deictiguc нем. 
deiktisch — корсету) сөздер деп атау да бар. Тіл білімінде диекти- 
калық сөздердің катарына тек есімдіктерді ғана енгізбестен, оған 
қазір, бүгін, жоғары, төмен, оң, сол
сияқты үстеулерді де, сын есім- 
дерді де, тіпті индоевропа тілдерінде кездесетін артикулдерді де 
енгізу бар (Уфимцева 74, 264—199) *. Көмекші сөздердің мағына- 
сы мен мағыналык кұрамы бұл еңбекте арнайы сөз болмайтындык- 
тан біз тек И. А. Стерниннің енбегіне сілтеме жасаумен ғана шек- 
телуді жөн көрдік (Стернин, 73) *. Ал мезгіл үстеулері мен мекен 
үстеулерінің мағынасында орындык, мекендік, мезгілдік мағынаны 
нақты көрсетпей екінші бір сөздің орнында колданылу, екінші бір 
сөздің білдіретін мағынасымен сыбайласкан мағынаны білдіретін 
элементтің болатындығы анық. Мысал, 
Кеше, 2 желтоқсанда, Ал-
матыда Сібір халықтарының әдебиеті мен өнерінің он күндігі бас-
талды
(Газеттерден). 
Ауыл үсті у да-шу, іиүғыл халык, жылқысын
төменге
— 
Үйіиікке айдатайын деп жатыр
(X. Есенжанов). Бірінші 
мысалымыздағы 
кеше
сөзі 
2 желтоқсан күні
орнында колданылып 
тұрса, екінші мысалымыздағы 
төмен
сөзі 
үйшікке
сөзінің орнына 
колданылып тұр. Нак осындай колданылу зат есімдердің кейбіреу- 
леріне де тән сиякты. Мысалы, 
Дүние жүзінің еңбекиіі бұқараст
үмітін СССР-дің астанасына, Москваға артып, көз тігіп отыр
(Га* 
зет). Әрине келтірілген мысалымыздағы мағыналық сәйкес келу 
синтаксистік кызметпен, сөйлемнің оңашаланған айкындауыш мү- 
шееі болуымен, байланысып жатыр. Біздіңше, сөздердің айкын­
дауыш мүше кызметінде колданылуын сөздердің сөйлемдегі мағы- 
на дербестігін жокка шығару нәтижесінде іске асады деу де дүрыс 
емес.
Мезгіл және мекен үстеулерінің баска бір сөздің орнына колда- 
нылуы, орынбасар болу мүмкіндігі олардың лексикалык, мағына- 
ларының өзінде жатыр. Егер зат есім, сын есім, етістіктердің мағы- 
насында объектив дүниемен байланысып нактылы заттың не түсі- 
ніктің атауы болатын, қай контексте келсе де өзі бейнелеген затпен 
байланысып (идеалды денотатпен) жататын, байланысын сактай- 
тын болса, диектикалык сөздердің мағынасында ондай сема жок; 
олар белгілі мекен, мезгілге байланысты мағына білдірсе де сөйлеу 
процесіндегі жағдайларға байланысты өзгеріп, контекспен байла-
101


нысты ғана мағынасын анықтайды. Сондықтан да олардың мағы- 
насын анықтауда екінші бір жағдайды (ситуацияны) өлшем етіп 
аламыз. Мысалы, 
кеіае
деген сөздің мағынасын анықтау үшін 
бу-
гінгі
мерзімді, 
бүгін
деген сөздің мағынасын анықтау үшін айтылып 
не жұмыс орындалып жатқан мерзіммен салыстырылады. 
Жоғары,
төмен, оң жақта, сол жақта, алыста, ұзақта, кейін, ары, бері
сияқ- 
ты мекен үстеулерінің мағыналарын да салыстыра анықтауды та- 
лап ететін мағыналық компонеттер бар.
Қазірше диектикалық сөздердің ішінде ең көп сөз болып жүр- 
гендері— жіктеу және сілтеу есімдіктері. Жалпы есімдіктердің 
барлығы да диектикалық сөздердің қатарынан орын алады ма де­
ген сұраудың туатындығы анық. Бұған бір сөзбен жауап беру қи- 
ын-ақ. Себебі есімдіктер қазіргі күнге дейін грамматикалық жақ- 
тан зерттелінгенімен, семантикалық талдаудың талқысына түсе 
қойған жоқ. Қазақ тілі материалы негізінде есімдіктерді өз зерт- 
теулеріне объект етіп алған А. Ибатов та, А. Ысқақов та есімдік- 
тердің семантикасына қысқаша шолу жасаумен ғана шектелген 
(Ибатов 61; Ысқақов 63) *. Қолдағы бар материалдарымыздың 
көрсетуінше, барлық есімдіктер бірдей диектикалық мағынада 
қолданыла бермейді. Тіпті есімдіктердің бір семантикалық тобын- 
дағы сөздердің өздері де бұл мәселеде бөлектеніп жатады. Мысалы, 
Әрбір 
адымын санап басқандай...
(Ғ. Мүсірепов). 
Бейбіт өмірдің
тағдыры үіиін әрбіріміз жауаптымыз
(Газет). Бірінші мысалымыз- 
дағы 
әрбір
сөзі санау мағынасымен ұштасып жатады да диектика- 
лық мағынаны білдірмейді. Екінші мысалымызда болса, 
әрбіріміз
зат есімдермен ұштасып тұр да зат есімнің орнында (барлық адам- 
дар) қолданылып тұр. Сондай-ақ сұрау есімдіктерінде де екінші 
бір сөзге сілтеу болмайды, тек анықтау, білу мағынасында қолда- 
нылады. Мысалы, 
Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз
(Абай) деген мысалымыздағы 
кім
есімдігі сілтеп тұрған жоқ, анық- 
тау мақсатында сұрау мәнінде қолданылып тұр. А. А. Уфимцева 
ағылшын тілдеріндегі жіктеу, сілтеу және меншікті (притяжатель­
ный) есімдіктерін ғана диектикалык сөздердің қатарына косқан 
(Уфимцева 86, 98) *. В. Г. Гак француз тіліндегі есімдіктерге шолу 
жасай отырып, диектикалык мағынада тек есімдіктер ғана емес, 
зат есімдер (rnoi, celu, ci) де, сын есімдер (се mon, guel) де, үстеу- 
лер (ainsi, la-bas, ou) де қолданылатындығын ескертеді (Гак 76, 
61) *. Демек диектикалық мағына-категориялдық мағынамен сәй- 
кес келмейтін, сөздердің лексикалық мағынасымен байланысып 
жататын мағынасы.
Көпшілік тілшілер есімдікті мағынасы мен сөйлемдегі атқара- 
тын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөліп: 1) диектикалык, 
2) анафоралық мағынада қолданылатын есімдіктер деп атайды 
(Вольф 74; Современный 81; Гак 86) *. Олардың көпшілігі диекти­
калык сөздерге сөйлеу процесіндегі сөйлеушілер не соған катына- 
сушылар, мекендік не мезгілдік қатынастағы сөздерді косса, ана- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет