сүзбе
мен
қүрт. Сүзбе
де,
қүрт
та
айраннан жасалынатын тағам атауы. Айырмашылығы
сүзбе
—
жұмсак, белгілі бір форма кабылдамаған, айранды калтаға салып,
сүзу нәтижесінде пайда болғаи коймалжың зат. Ал,
қүрт
— сүзбені
белгілі бір формаға келтіріп
(домалактап кентіру нәтижесінде
жасалынған тамақ. Бұл айырмашылыктарға косымша — құрт ұзак
сактауға келетін, бұзылмайтын, суға салса езілетін т. б. каснет-
терге де ие. Міне осындай заттардыц каснеттері сөз мағынасының
114
интенсионал, экстенсионал мағыналық элементтері арқылы бері-
леді.
Тіл білімінде де экстенсионал мен интенсионалдың айырмашы-
лығы барлығын ескереді. Интенсионал мағына түрлі заттардағы
сәйкес келетін қасиеттері негізінде топтастырылған семантикалық
топты анықтаса, экстенсионал сол интенсионал арқылы топтасты-
рылған семантикалық қасиеттердін варианттарын қарайды да
олардың езара айырмашылықтарын белгілейді. Демек интенсио
нал белгілі бір топтағы сөздердің мағынасында анықталған жалпы
қасиеттерді өз ішіне алады, ал экстенсионал жеке сөздердің ма-
ғынасын есепке алады да олардың негізгі және қосалқы қасиетте-
рін анықтайды. Екінші айырмашылығы — интенсионал сөздерді
мағынасына қарай топтастырады, жинақтайды; басқаша қасиетке
ие болған сөздерді ажыратып тұрады. Экстенсионал болса, кері-
сінше, ннтенсноналдық топқа енген сөздердің арасындағы мағы-
налық сыбайластықтарды да, айырмашылықтарды да есепке ала
ды. С. Д. Кацнельсон экстенсионалды соңғы қасиетін анықтау үшін
алма
сөзінің мағынасына талдау жасайды. Алманың түсі алқызыл
болғандықтан да оны қызыл заттардың қатарына қосамыз, оның
жейтін зат екендігін ескеріп тамақ қатарына қосамыз (Кацнель
сон 72, 139) *. Сондықтан да С. Д. Кацнельсон «Экстенсионал деп
интенсионал арқылы бөлінген, ойда бейнеленген заттардың тобын
(класс объектив) айтамыз. Экстенсионалда белгілі бір топ тура-
лы, оның құрамы мен қасиеттері туралы минимум хабар болады»,—
деп жазады (Кацнельсон 72, 131).
Сын есімдердің экстенсионал мағынасының бар, жоғына қайта
ораламыз, бірақ біз түсінгендей интенсионал мен экстенсионалды
түсінетін болсақ, эмоционалды-экспрессивті сөздерде интенсионал
да, экстенсионал да бар. Айналадағы дүниеде болып жатқан құ-
былыстар мен амал-әрекеттерге баға бергенде, салыстырғанда
олардыц түрлі белгісін анықтау, жалпылау процестері арқылы іске
асатындықтан берілген баға интенсионал қызметін әр сөздегі
жеке-жеке қаснеттер экстенсионал қызметін атқарады. Салысты-
рыңыз:
аусар, алаңғасар, дөкір, ожар, есерсоқ, даңғой, әңгүдік,
дарақы, жынды
сияқты сөздердің әр қайсысының өздеріне тән же
ке-жеке мағынасы бар. Бірақ олардың барлығының басын бірік-
тіріп тұрған интенсионал мағына — жек көру, ұнатпау мәні де
бар. Эмоциялық-экспрессивтік сөздердің аумағы кең емес. Олар
заттар мен құбылыстарға баға беріп салыстырғанда мағынаны
анықтамайды, айтушы не жазушыныц сол затқа не құбылыстарға
берген бағасын анықтайды. Ол екі параметр негізінде іске асады,
яғни не ұнатады, не ұнатпайды, жақсы не жек көреді т. б.
Эмоционалды-экспрессивті мағына сын есімдерде сөздің лекси-
калық мағынасының негізі ретінде (номинативтік) бой көрсетсе,
зат есімдер мен етістіктерде номинативтік магыналарға үстеме
мағына (коннотативтік) ретінде не денотаттық мағынаның бір.
көрінісі ретінде белгілі болады. Мысалы,
едірей, барпылда, безі
-
рей, бажыраңда, далбалақта, далбаңда, тыржи, ыржаңда
сияқты
сөздердін барлығында да адамның бір амал-әрекетін, көзқарасын
115
білдіретін мағыналық реңк бар. Осы магыналық реңк оның негізгі
мағынасына қосымша болып тұрады. Мысалы,
бақши
етістігінің
негізгі мағынасы қарау, бірақ ол сөздің мағынасы тек қарау се-
масымен ғана шектелінбей бақырая, жақтырмай қарау мағынасы
да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |