Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет65/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130
Өкіл мен Досқожа үйге кіріп шам жақты. Көрпені ашқан-
da кемпір бақшиып басын көтерді
(Б. Майлии), т. б.
Тілдің сөздік құрамындағы эмоционалды-экспрессивтік мәнді 
білдіретін сөздерді эмоционалды-экспрессивті лексика деп атау 
бар. Олардың саны басқа тематикалық топтардай көп болмағаны- 
мен, тілде белгілі дәрежеде орын алатындығы белгілі. Бірақ күн- 
делікті практикамызда эмоция мен экспрессивтікті беру тек түбір 
сөздер арқылы берумен шектелініп қалмайды. Тіпті эмоция мен 
экспрессивтікті қосымшалар арқылы да, сөздердің мағына шекара- 
сынан шығып, сөйлем арқылы берілетіндігі де, сөздердің стильдік 
қолданылуы арқылы берілетін жағдайының бар екендігі де ғылым- 
да сыр емес. Жалпы сөздердегі эмоция мен экспрессивтік төрт 
түрлі жол арқылы беріледі. 1. Сөздердің тура номинативті мағы- 
насы ретінде. 2. Қөп мағыналы сөздердің бір мағынасы ретінде. 
3. Түбірге қосымшалар қосу арқылы. 4. Тұрақты сөз тіркестері ар- 
қылы. Кей еңбектерде сөздердің белгілі бір тіркес арқылы, стиль- 
дік қолданылулар арқылы берілген эмоциялық-экспрессивтік 
мағынаны да сөз мағынасы ретінде бөліп корсету бар (Узбек 81, 
161) *. Стилистік амал-тәсілдер арқылы берілген эмоция мен экс­
прессия тұрақты болмағандығы үшін, сол тіркестен баска тіркес- 
терде ол мағына берілмейтіндігі үшін біз оларды сөз мағынасы 
ретінде қабылдай алмаймыз.
Сөздердің түбір формасы арқылы, номинативтік мағына ретін- 
де, эмоциялық-экспрессивтік мағына беру жолы сөздік құрамдағы 
эмоциялық-экспрессивтік лексиканы жасайды. Бұл лексикалық 
топтың құрамына енген сөздер, әдетте, нейтраль лексикаға карсы 
қойылады да адамдардың психологиялық қалпын, амал-әрекетін, 
еондай-ақ, табиғаттағы заттар мен құбылыстарға айтушыныц 
көзқарасын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, 
Батырдан ба-
рымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой
(Абай). 
Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтуғын
дарақы, жұртты осы сөзімен айдындырамын, «мына кәпірден кісі
шоиіитұғын -екен» дегіздіріп айдындырайын деп айтып отырған қур
дамбытпасы болып, босқа қорқытып отырса, соны не дейміз
(Абай). 
Миың болса жолама, Бос желігіп шапқанға
(Абай). Жоғарыда 
келтірілген үш мысалымызда қолданылған 
даңғой, дарақы, желік
сөздерінің негізгі лексикалық мағынасының өзі эмоцпялық экс­
прессивен мағына, айтушыныц ұнатпауын, жек көруін көрсетіп 
тұр. 
Өлең
— 
сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиынынан қиыстырар ер
данасы
(Абай). 
Баяғыда біреу біреуді пәлен жасымда, жырақтан
атым арып келе жатқанда пәлен жерге жеткізіп салып еді деп,
жарықтық соны өлгенше айтып журуші еді
(Абай). Соңғы скі мн- 
салымызда қолданылған 
дана, жарықтық
сөздері жақсы көру, 
ұнату мағынасында қолданылып түр.
116


Жоғарыда біз В. А. Звепшцев пен Д. Н. Шмелевтердің сөздер- 
де эмоциялық, экспрессивтік мағына болмайды дегенде кей автор- 
лардың көңіл-күйі, адамдардың психологиялық қалпын білдіретін 
сөздерді де эмоциялық-экспрессивтік лексиканың қатарына қосып 
жіберетіндігін ескерткен болатынбыз. Шындығында да ондай сөз- 
дер барлық тілдерде кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде 
қайғы, қуа

ныиі, жылау, күлу, шаттану, өлім
сияқты сөздердіқ барлығы анық. 
Жадпы олардың мағынасында эмоцияны білдіретін семаның бар- 
лығы да анық, бірақ олар сөздің лексикалық мағынасына негіз 
болып тұрған жоқ. Сондықтан да В. А. Звегинцев пен Щмелевтер- 
дің 
қайғы, қуаныіи, ашу, араз
сияқты сөздерде эмоциялық-экспрес- 
сивтік мағына жоқ деп оларды нейтрал лексикалық қатарына кос- 
қаны дұрыс. Сонымен бірге эмоционалды-экспрессивті сөздер мүлде 
жоқ деу дұрыс емес. Қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше 
негізгі түбір арқылы да, туынды түбір сөздер арқылы да эмоция- 
лык мағына беріледі. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет