қоршалынбаса да) бастау, араласатын бірінші меже мағынасында
қолданылып тұр. Метафоралы қолданылу арқылы эмоциялық-экс-
прессивтік мағына білдіргенде де осы қасиет сақталынады. Жоға-
рыда Махамбеттен келтірген мысалымызда қолданылған
қасқыр
жаман мағынаны білдіріп тұр. Нақ
сол тіркесте қасқырдың жа-
байы аңдығы, түсінің сұр болуы, т. б. есепке алынбастан, жырт-
қыштығы, тойымсыздығы метафоралы
қасқыр
сөзінің мағына ядро-
сын жасап, жағымсыз эмоцияда қолданылып тұр.
Қазақ тілінде,
керісінше, төрт түлік малдардың төлдерінің атауы метафоралы
мағынада қолданылып, жағымды мағынаны білдіреді. Салысты-
рыңыз:
Лна қатарынан умтылған қос қозысын бауырына басып,
ыстық беттерінен кезек-кезек сүйіп жатыр
(Саржайлау).
Баяғы
анасы:
—
Сенің ажарыңнан айналайын ботам,
—
деп, тағы да
шағын жайды
(А. Лекеров).
Қазақ тіліндегі мынадай сөздер
метафоралы мағынада қолда-
нылып, эмоциялық-экспрессивтік мағынаны білдіре алады.
1. Құс атаулары метафоралы мағынада қолданылып жағымды
не жағымсыз мағынаны білдіреді. Мысалы,
лашын, қариіыға, сүң~
қар
сиякты қыран кұстардың атаулары,
бүлбүл, сандуғаш
сияқты
құс атаулары жағымды эмоцияны білдіру үшін қолданылса,
сау-
ысқан, қарға, күиііген, тоты, қүзғын, байғыз
сияқты
кұс атаулары
жағымсыз мағынаны білдіру үшін қолданылады.
2. Төрт түлік атауларынан
қозы, лак,, бота, қүлын
сияқты төл
атаулары жағымды эмоцияны білдіру үшін қолданылса, үй жа-
нуарларының үлкендерінің атауларынан
азбан, есек, өгіз, теке, еіикі
сияқтылары жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады.
Шошқа, доңыз, мегежін сияқты қазақтар асырамайтын үй жануар-
лары да жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады.
3. Жыртқыш аң атауларынан
қасқыр, түлкі
(біреуі қорқау,
тойымсыз
мағынасында, екіншісі ку мағынасында) метафоралы
мағынада қолданылып жек көруді білдіреді. Ал
аю
қопал, дөрекі
мағынасында қолданылса,
Достарыңызбен бөлісу: