Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет70/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   130
төбе иіаиіы тік түр-
ды
— тек корыккандыктан көрсетіп тұрған жок, өте катты корку- 
ды, 
төбесі көкке жету
— катты куануды, т. б. білдіреді. Бұл сияқты 
эмоционалды-экспрессивті мағына білдіретін фразеологиялык Tip-
121


кестерді кез келген тілдерден мыңдап мысал ретінде алып көрсе- 
туге болады (Кеңесбаев 77; Шмелов 77) * т. б.
Эмоционалды-экспрессивті сөздермен байланысты басы ашы- 
луы қажетті болған иәрсе — олардың объектив дүниемен байла- 
нысы мәселесі, семантикалық үш бұрыштың қай бұрышынан орын 
алатыидығын анықтау. Эрине, эмоция денотаттық мағынамен тіке- 
лей байланыспайды, сигнификатпен байланысады. Сондықтан да 
оларды ұғыммен, оймен байланыстыру кажет. Себебі ой да, эмоция 
мен экспрессия да жеке адамға, индивидуалдық сипатқа ие, жеке 
адамдарда болатын, әлеуметтік жағдайлармен байланысатын про- 
цестер. Айырмашылығы сол— ой объектив дүниені, объектив дү- 
ниедегі заттармен, заттардың түрлі қарым-қатынасы негізінде, зат- 
тардың амал-әрекеті мен табиғи құбылыстардың түйсік арқылы 
берген информацияларына сүйене отырып, объектив дүниені нақ 
өзіндей етіп бейнелеуге әрекет етсе, эмоция мен экспрессия сол 
түйсіктер арқылы қабылданған информацияға негізделініп заттар 
мен құбылыстарға баға береді, өздерінің көзқарасын білдіреді. 
Ойлау мен эмоцияның гнесиологиялық негізі бір (Додонов 78, 24— 
29) *. Ойлау процесінің негізі және түпкі мақсаты объектив дүние- 
ні танып-білу, объектив дүниенің субъектив бейнесін жасау, олар 
туралы дұрыс бағдар жасап, заңдылығын ашу. Эмоция болса сол 
субъектив бейнелер негізінде, адамдар жасаған ортаға негізделіп 
айналадағы дүниеге баға беру жатады. Бірақ эмоция кейде дүние- 
ні дұрыс тануға себі тисе, кейде оған тосқауыл да болады.
Эмоциялы-экспрессивті мағыналы сөздердің лексикалық мағы- 
насында тікелей денотаттық мағынамен байланыстың болуы қажет, 
онсыз эмоция өмір сүре алмайды. Тіпті одағай сөздерде де сигни- 
фикаттық мағынамен байланыс болады. Одағайлардағы сигнифи­
кат нейтраль лексиканың элементтеріндегі сигнификаттан сәл 
өзгешелеу характерге ие. Мысалы, 
жексүрын
ұнатпауды білдіреді. 
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде оған «жеккөрінішті сұмпайы, сүй- 
кімсіз» деп анықтама берген (КТСС 4, 54). Ең алдымен бұның ма- 
ғыналарын бірнеше семаларға белуге болмайды. Екіншіден, затқа, 
амал-әрекеттерге баға бергенде оның қасиеттері басқа заттың 
қасиеттерімен салыстырылады, кейін ғана баға беріледі. Демек 
заттардың белгілері, қасиеттері дерексізденеді. Мұнда ойдыц, ой­
лау процесінің қызметі барлығы сөзсіз. Бұл өз жолымен сигнифн- 
каттық мағынаның калыптасуына алып келеді.
Психолог-ғалымдар рационалды ойлаумен бірге эмоционалды 
ойлаудың да болатындығын мойындайды (Проблемы 64, 137— 
159) *. Рационалды ойлау объектив дүниені тура, дұрыс тануға 
бағытталады да жеке адамдардың эмоциясы мен түрлі сезімдеріне 
байланысты болмайды. Ал эмоциялық ойлау болса жеке адамдар- 
дын ішкі дүниесімен, оның білімі мен табнғи талғамына, әлеумет- 
тік көзқарасына байланысты болады. Кейде эмоция адамдардың 
ұлттық және жас ерекшелігімен де байланысты болады деген ка­
тила да бар. Қыскасы адамдардың ішкі дүниесін толкытатын, эмо- 
циясына козғау салатын бірнеше себептер бар. Эмоция каншалыкты 
индивидуалды сипатка ие болмасын оларда әлеуметтік мән болады.
122


Адамзат эмоциясында тарихи-әлеуметтік сипат болатындығын бір 
оқиғаның белгілі бір кезде ұнамды, жағымды эмоцияны білдірсе, 
екінші бір әлеуметтік жағдайда жағымсыз эмоцияны білдіру үшін 
қолданылатындығынан да байқауға болады. Мысалы, Ұлы Октябрь 
революциясынан бұрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет