түрлі байланыста болады. Олар синонимдес, антонимдес және үш-
тас мәндес (коррелятив) мағыналық қатынастар болып саналады.
Бұл үш қатынастың үшеуі де бір лексико-семантикалық топтың
құрамында кездесіп, өзара байланысып та жатады.
Алдын ала
ескертетін нәрсе сол — бұл үш мағыналық байланыстың табиға-
тын, ішкі заңдылықтарын ашып беру біздің жұмысымыздың мақ-
сатына енбейді, тек тіл элементтерінің ішкі — лингвистикалық ма-
ғынасын ашу мақсатымен байланысты сөз етеміз
Синонимдер тіл-тілдердің барлығында да кездесетін кең та*
ралған және ең көп қолданылатын тілдік категория. Көпшілік
ғылыми еңбектерде синонимдер
туралы сөз болғанда олардың
мағыналары өзара жуық болатындығын, бірінің орнына екіншісі
қолданыла беретіндігін бірінші белгісі етіп көрсетеді. Мысалы,
қазақ тіліндегі синонимдер туралы арнайы зерттеу жасап, күрделі
еңбек жазған Ә. Болғанбаев «Синонимдер сөздердің жалпы мағы-
налық бірлестігіне қарай топтастырылады.
Яғни бір ғана ақиқат
шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен олар сино
ним болып табылады»,— деп анықтама берсе, одан сәл ғана бұры-
нырақ жарық көрген М. Белбаеваның оқулығында: «Мағынасы
жуық, өзара мәндес сөздер синоним деп аталынады»,— деп анық-
тама берген (Болғанбаев 79, 49; Белбаева 76, 30) *.
Бұл екі оқу-
лықтан да бұрынырақ жарық көрген жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықта да осыған жуық анықтама берілген. Салысты-
рыңыз: «Әр түрлі айтылса да, жалпы мағыналас болатын,
бірақ
сәл ғана ерекшелігі бар сөздер синоним деп аталынады». (Қазіргі
54, 27) *. «Синоним дегеніміз мағыналары жақын болғандықтан
белгілі контексте бірін-бірі алмастыруға жарайтын сөздер» (Ке-
ңесбаев 75, 66) *. Нақ осыған жуық анықтамалар басқа түркі
тілдерінің материалдары негізінде жазылған оқулықтарда да кез-
деседі, олар орыс тіліне арналған оқулықтарда да бар. Салысты-
рыңыз: қарақалпақ тілшілері «Дыбысталуы әр түрлі, мағынасы
жағынан бір-біріне жақын сөздер синоним делінеді»,— десе (Бер-
димуратов 79, 202) *, өзбек тілшілері «Синоним денотаттық мағы-
насы бар, конататтық (қосымша
мағыналық реңк, стильдік бояу)
және басқа қасиеттерімен ажыратып жататын сөздер»,— деп
анықтама берген (Хожиев 85, 75) *. Әр кездерде жарық көрген
оқулықтардағы анықтамаларда айырмашылықтардың болатынды-
ғы анық. Сондықтан да оларды талдап, авторларының бағытын
анықтау
арнайы зерттеуді талап ететін, жұмыстың көлемін көбей-
тетін нәрсе. Синоним сөздердің денотаттық мағыналары тең түсіп
жатады, не бір ұғымның атауы, не мағыналары жақын деген
сняқты анықтамалардың (тіпті бірінің орнына бірі қолданылады
деген де) негізінде шындық бар. Салыстырыңыз: Ә.
Болғанбаев
жауын, жақбыр, нөсер
сөздерін синоним деп берген. Егер талдап
қарайтын болсақ,
жауын
сөзінің білдіретін мағынасына тек
жаң-
1 Антоним, синонимдер туралы жазылған бірнеше еңбектер бар. Қараңыз-
дар: Болғанбаев 70; Очерки 66; Лексическая 72; Брагина 66; Феворин 53; Нови
ков 73; Введенская 71; Шукуров 77*. т. б.
139