Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет87/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   130
қызыл, сары, көк, қара, қоңыр
т. б. сөздер өзара 
синоним де, антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағынала- 
рыи байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Жалпы ұштас мағыналық байлаиыс тематикалық топтардың 
мүшелері арасында кең таралған құбылыс. Тіл білімінде темати-
148


калық топ және лексико-семантикалық топ деген екі термин қатар 
қолданылады. Бір топ ғалымдар бұл екі терминнің арасында онша 
көп алшақтық жоқ, сондықтан синоним ретінде қолданыла берсе 
болады десе, екінші бір топ ғалымдар екі терминнің арасына ма- 
ғыналық айырмашылықтар беріп, тематикалық топ сөздердін тек 
денотаттық мағыналарына (кейде объектив дүниедегі заттардың 
өздеріне) негізделсе, лекснко-семантикалық топ сөздердің лекси- 
калық (әрі денотаттық, әрі сигнификаттық, әрі ішкі лингвистика- 
лык) мағынасына негізделген деп бөліп қолданады (Оразов 80, 
8—15). Ұштас мағына жоғарыда аты аталынған екі топтың мүше- 
лері арасында да қолданылады. Егер лексико-семантикалык 
топтың өздері де белгілі бір тематикалық топтың аясына енетін- 
дігін ескерсек (айырмашылықтары бола тұрса да), онда ұштас 
мағыналық байланыс үшін олардың бөлініп жатуының қажетті- 
лігі шамалы. Бірақ тематнкалық топтың кейде шекарасы жайы- 
лыңқы болып кетеді де, мүшелері арасындағы байланыстар үзіліп 
те қалуы мүмкін. Мысалы, А. Н. Тихонов орысша-өзбекше темати- 
калық сөздігінде орыс тіліндегі сөздерді бары-жоғы 16 тематика- 
лык топка бөлген де, бір топка зат есімдерді де, сын есімдерді де, 
етістіктерді де ендіре берген (Тихонов 75) *. Ал, зат есімдер мен 
етістіктер, сын есімдер мен зат есімдер тікелей семантикалык бай- 
ланыска ие болмайды, олар арасындағы байланыс деривациялык 
(сөз тудырушы жұрнактар мен негіз аркылы) ішкі формалар ар- 
қылы болады, не тарихи-этимологиялык байланыска ие болады. 
Сондыктан да ұштас мағыналык байланысты кіші тематикалык 
топтардың, лексико-семантикалык топтардың мүшелері арасынан 
іздеген дұрыстау болады. Ф. П. Филин көпшілік ғалымдардың 
тематикалык топ деп жүрген сөздерін (мал шаруашылығына бай­
ланысты терминдер, басшылыкка 
(пчеловодство) 
байланысты 
сөздер, аңшылыкка байланысты сөздер, т. б.) лексико-семантика­
лык топ деп те атайды (Филин 82, 231). Бірак автор лексико-се­
мантикалык топ тематикалык топтан көлемі жағынан кішкентай 
болатындығын, олардың мүшелері арасындағы байланыс лекси- 
калык мағынаға негізделінетіндігін ескертеді. Лексико-семанти­
калык топка аныктама бергенде де осы лексикалык мағынаға 
негіздей отырып: «Лексико-семантикалык топ дегеніміз екі не 
одан көп сөздердің мағынасына карай топтастырылған тобын 
айтамыз»,— дейді (Филин 82, 230).
Кіші тематикалык топтардың да, лексико-семантикалык топ- 
тардың мүшелері арасында ортак семалары болады да, мағыналык 
сыбайластыкка негізделеді. Мысалы, туыскандык атаулары мен 
козғалу етістіктерінің 
кұрамындағы 
сөздердің мағыналарын 
салыстырып көрелік. Туыскандык атауларына мына сөздер енеді: 
ата, ана, бала, әже, баба, перзент, қыз, аға, іні, қарындас, әпке,
жезде, немере, шөбере, иіөпіиек, жиен, бөле, жиеншар, бай, қатын,
қалыңдық, күйеу, қайын, балдыз,
т. б. Бұл сөздердің барлығы да 
өзара бірдей семантикалык байланыска ие, оларды байланысты- 
рып тұрған семалары тең деп айта алмаймыз, бірак олардың 
барлығына ортак бір мағыналык элемент — сема бар, ол туыс-
149


қандық атауы болуымен байланысты. Бұл сөздерді ары карай 
мағына сыбайластығына қарай бөле беруге болады, кіші топка 
бөлінген сайын мүшелері арасындағы байланыс күшейе түседі. 
Мысалы, туыскандык атауларын кандык туыскандык және неке- 
мен байланысты туыскандык атаулары деп екіге белуге болады. 
Қандық туысқандыкка: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет