Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет90/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130
көр
көзінің мағынасында өзгеріс болады. 
Салыстырыңыз: 
Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе?
(Абай) дегенде 
көр
етістігі көзге түйсік туғызатын зат не ұғым атауы болатын сөзбен 
байланыспай, түйсік туғызбайтын процесс атауымен байланысып 
тұр. Сондықтан да бұл мысалымыздағы 
көр
етістігі көру етістігі 
мағынасында колданылмай, білу, сезіну етістігі мағынасында қол- 
данылып тұр. Демек парадигмалық мағына да өзгерген.
Сөздердің контексте, текст қүрамында 
келіп 
қолданылуын, 
олардың тілдік система мүшелері арасындағы қатынасын анық- 
тау синтагмалық байланыс негізінде анықталынса, сөздердің кон­
тексте, тексте қолданылып, мағынасында болатын өзгерістерді 
анықтау синтагмалық мағынамен байланысты болады. Эрине сөз 
мағынасы құрамындағы синтагмалық элементтер тіркеске, кон- 
текстке түскенде гана пайда болмайды, керісінше, контексте анық- 
талады. Кей ғалымдар контекстке артықша баға беріп, мағына 
жасайтын контекст, сөздер жеке тұрып лексикалық мағынаға ие 
болмайды деген пікір де айтқан болатын. «Кейбір таңбалардың 
лексикалык магынасы,— деп жазған болатын Л. Ельмслев,— ар- 
найы бөлініп алынған контекстік магына не жасанды қайта айту 
ғана. Басқа сөздермен байланыспаған таңба ешқандай мағынаға 
ие болмайды; кез келген мағына контексте ғана пайда болады» 
(Ельмслев 60, 303—304) *.
152


Синтагмалық мағына сөздердің көп мағыналылығы, ауыспалы 
мағынада қолданылуы, метафора, метонимия сияқты семантика- 
лык категориялармен де байланыста байқалса, синтагмалық 
қатынас сөз аралығындағы байланыстармен, сөздердің валентті- 
лік қасиеттерімен қатысты болады. Синтагмалық мағына се- 
мантикалық категория ретінде сөздердің мағынасындағы экстро- 
лингвистикалық элементтер мен оның сөз мағынасындағы көрініс- 
терінің (қолданылудағы) сәйкес келуінен туады. Сондықтан да 
адам санасындағы сақталынған, тіл элементтері ретінде, сөздің 
мағынасы мен сол сөздің белгілі бір контексте қолданылған ма- 
ғынасы тең түсе бермейді дейміз. Мысалы, 
мал
дегенде біз төрт 
түлік үй жануарларын түсінеміз. Бірақ малдың түрлері, түстері, 
төрт аяқты болатындығы, адамның сөзіне түсіне бермейтіндігі, өз 
пайдасын, пайда мен зиянды түсінбейтіндігі, келешегін болжай 
алмайтындығы, ойлау қабілетінің жетілмегендігі сияқты толып 
жатқан қасиеттері барлығы анық. Бірақ, 
Мал ішінен айланып,
Қөңлі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға
(Абай). 
Жалқауға
мал қүралмас, Жатқанға жан жуымас
(Мақал) деген мысалда- 
рымыздағы мал сөзі тек үй жануарлары мағынасында қолданы- 
лып тұрса да, оның түрлі қасиеттері туралы мәлімет беріп тұрған 
жоқ. Қажет болған жағдайларда ғана сол қасиеттің біреуін белгі- 
лі бір тіркестерде, айтушының мақсатына байланысты, негізгі 
информациялық ядро ретінде бас көтеруі ғажап емес. Салыстыры- 
ңыз: 
Бәрімізді малға санады. Жүрт көзінше ішкілікке салынды,
бейқамдық жасады
(Е. Оразақов). 
Ол айтқанға көнбейтін, айдау-
ға жүрмейтін малдың өзі
(С. Мұратбеков). Бірінші мысалымыз- 
дағы 
мал
сөзі ойланбайтын, түкті білмейтін мағынасында, екінші 
мысалымызда 
топас, надан
мағынасында қолданылып тұр. Қазак. 
фабрика салып, кен қазып байлық арттырған халық емес. Ол бай- 
лықты төрт түлік малмен есептеген. Сондықтан да біреудің бай- 
лығын көрсеткісі келсе, пәленшеге пәленбай мың жылқы, қой не 
түйе біткен деп дәріптеу бар. Мысалы, 
Бөрібай деген бай иіықты,
Тоқсан. мың екен қарасы, Мүрындық, ноқта тимеген, Түйеиіілер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет