Сөздердің дербестігін мойындау олардың басқа сөздермен бай-
ланысын мойындамау екен деп түсіну дұрыс емес. Керісінше, сөз
дербестігін мойындағанда оның өзіндік мағынасы, формасы бар-
лығын, олар басқа тіл элементтерімен байланыста болатындығын
ескеруді қажет етеді, сол байланысқа негізделіп сөздерді біз лек-
сико-семантикалық топтың қатарына енгіземіз. Сондықтан да
көру, көзге түсу, байқау
деген етістіктерді көру етістіктеріне,
сөй-
леу, айту, сыбырлау, жеткізу, сарнау, мықғырлау
сияқты етістік-
терді өзара мағыналық байланысы болғандықтан бір топтың құ-
рамына енгіземіз. Сөйлеу етістігінің құрамына енген етістіктердің
барлығы да белгілі бір информацияны екінші біреуге дыбыстық
тіл арқылы жеткізу мағынасымен өзара байланысса, туысқандық
атаулары
(ата, бала, ана, қарындас, іні, немере,
т.
б.)
қандық не
некелік туысқандықты білдіретін мағынасымен байланысады.
Кы
зыл, ақ, к,ара, көк, сары, сур, жирен, боз
сияқты сөздерді заттар-
дың түсіп білдіретін ортақ мағыналары болғандығы үшін бір
лексико-семантикалық топқа енгіземіз. Демек, лексикадағы систе-
малық сөздердің дербестігін, оның мағынасының басқаға тәуелсіз-
дігін жоққа шығармайды, керісінше олардың тіркестен тумайтын-
дығын, мағына арқылы өзара байланысып, бір күрделі системаның
мүшесі ретінде өмір сүретіндігін көрсетеді.
Лексико-семантикалық топ лексикалық системаның парадигма-
лык қатынасына негізделінеді де олар сол системаның элементте-
рінің тең дәрежелі байланысына сүйенеді. Лексико.-семантикалық
топтың әрбір мүшесі өзіндік мағыналық дербестікке ие болып, сол
системада белгілі бір қызмет атқарып, системада өз орнын белгі-
леп тұратындығы анық. Лексикадағы синоним, антоним деп ата-
лынатын категориялар осы семантикалық байланысқа ие болған-
дығы үшін ерекшеленіп алынып жүр. Шындығында
Достарыңызбен бөлісу: