Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет97/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130
жақсы
сөзін 
айтқанда 
жаман
сөзін, 
үлкен
сөзін айтқанда 
кіиіі
сөздерін ойы- 
мызға алатынымыз анық. Бұл сөздердегі мағыналық байланыс 
заттардың ішкі табиғаты мен формасына байланысты болғанымен, 
олар арасында екінші байланыс та бар. Ол — заттарды салыстыру, 
бағалау арқылы анықталатын байланыс. Ескерте кететін жағдай 
сол— синонимдер мен антонимдер арасындағы байланыс бір өл- 
шемге негізделінбеген. Салыстарыңыз: 
жақсы
мен 
жаман
анто­
ним. Өзара салыстырылған не теңестірілген екі зат осы қасиеттің 
біреуіне ие болуы керек, бірақ бір өлшеммен өлшенетін зат бір 
уақыттың ішінде әрі 
жақсы,
әрі 
жаман
болуы мүмкін емес. Ал 
синоним болатын сөздер болса, басқаша қасиетке ие. 
Жақсы, тәуір,
оңды, келісті
деген сөздер синонимдер, сондықтан да олар бірінің 
орнына екіншісі қолданылып, бір ұғымды білдіретін қасиетке ие 
болады. Екінші ескертетін нәрсе — сөздердің мағынасына байла­
нысты, олар заттардың табиғатынан тумайды, ойдың абстракция- 
лык кызметі негізінде заттардың түрлі касиеттерін салыстырады 
да парадигмалык байланысқа түсіреді. Ю. Д. Апресян: «Антоним- 
дердін жалпылык касиеті олардың семантикалык касиетінен ғана 
шығады, олар атауы болған заттар мен кұбылыстардан тумайды, 
себебі карама-карсы заттар мен кұбылыстар өмір сүрмейді»,— деп
171


жазған еді (Апресян 73, 326—327) *. Эрине антонимдер де, сино- 
нимдер де бір лексико-семантикалық топтың ішінде, солардың мү- 
шелері арасында анықталатын өмір сүретін байланыс. Сондықтан 
да 
сөйле, айт, үндеме
дегендер бір лексико-семантикалық топтың 
мүшесі болып саналады.
Жоғарыда мысалға келтірілген үш етістіктің араларында ма- 
ғыналық байланыс болумен бірге араларында айырмашылық та 
бар. Мысалы, 
үндеме
етістігі сөйлеу процесінің болмағандығын, 
дыбыстық сигналдар арқылы екінші біреуге информацияның бе- 
рілмегендігін білдірсе, 
сөйле, айт
етістіктері дыбыс толқындары 
арқылы бір информацияны екінші біреуге жеткізетіндігін білді- 
ретін мағына бар. Соңғы екі етістіктің мағыналары арасында да 
айырмашылықтар бар. 
Айт
етістігі тындаушы адамның сөйлесу 
кезінде болу, болмауына байланысты болмайтын мағынаны біл- 
дірсе, 
сөйле
етістігі әрі тыңдаушының, әрі сөйлеушінің сөйлесу 
кезінде нақты болуын талап етеді. Мысалы, 
Асанға айт
дегенде 
сөйлеу кезінде Асанның сол жерде болмаған болуы мүмкін. Ал, 
Асанға сөйле
дегенде Асанның сол жерде болуы шарт. Нақ осы 
негізде 
Барсаң сәлем айта бар Қаламқасқа
деген сияқты тіркесті 
қолдансақ та, 
Барсаң сәлем сөйлей бар Қаламқасқа
деген тіркес- 
ті қолданбаймыз. Екінші айырмашылығы, 
сөйле
етістігі жеке 
адамға да, көпшілікке қатысы бар информацияны хабарлау мәнін 
білдірсе, 
айт
етістігі көпшілікке хабарлау мағынасын белгілі бір 
стилдік талапқа байланысты ғана білдіреді. Соңғы жағдайда ай- 
тылатын информацияның мазмұны анық болуы шарт. Мысалы, 
Арызьіңды халқыңа айт.
Ал, 
Жиналған жүртқа сөйледі
дегенде 
нені, не туралы сөйлегендігін білдіретін информация жоқ. Үшінші 
айырмашылығы сол — 
сөйле
етістігі 
айтылған информациянын. 
бастауын, адресін білдірсе; айт етістігінде ондай қасиёт жоқ. Са- 
лыстырыңыз: 
Алматыдан сөйлейміз.
Ал, 
Алматыдан айтамыз
деу 
қазақ тілі үшін тілдік норма емес (Қырым татарлары үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет