Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет54/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
жалқау, есуас сияқты сөздердің лексикалық мағынасының өзі осы 
жалац эмоциядан тұратындығы анық. Сондықтан олардың мағы- 
насын Г. В. Колшанский айтқандай екі қабатка бөлуге негіз жоқ. 
Ал далбалақта, арсалаңда, пәлеқор, батырсымақ, қомағай сиякты 
сөздер мен ауыспалы мағынада қолданылып эмоциялық мағына 
білдірген сөздерде әрі амал-әрекет не заттық мағына болумен бір- 
ге айтушының не жазушының көзқарасын, эмоциясын білдіретін 
мағыналық қабаттың барлығы анық. Сондыктан да К. А. Левков- 
скаянын схемасы соңғы топтағы сөздердін мағына құрылымына 
сәйкес келеді. Эмоциялық мағына да, бейнелік (отражательный) 
заттық мағына да түйсік арқылы адамныц сезім мүшесі қабылдап, 
сезімнің көмегімен сөз мағынасының құрамына енеді. Демек сезім 
арқылы қабылданған танымдық бейне сөз мағынасының денотат- 
тык мағынасын жасайды. Бұл деген сөз — адам санасының, ойы- 
ның қызметі арқылы адамға түйсік туғызбайтын заттардың түрлі 
қасиеттері де, өзара қарым-қатынастары да сөз мағынасының құ- 
рамына енеді деген сөз. Тікелей түйсік туғызбайтын белгілерді сөз 
мағынасына алып келетін сигнификат. В. И. Лениннің сөзімен 
айтканда: «Ддамның санасы объектив дүниені тек бейнелеп қана 
қоймайды, сонымен бірге оны жасайды» (Ленин 29, 202) *. Эмо- 
цияны да солай ойлау керек. Эмоция тікелей түйсіктерден тумайды, 
демек, эмоция танымдық бейнемен бірге пайда болмайды. Қабыл- 
данған информация дерексізденіп, өмір тәжірибесімен, жеке адам­
ныц мүддесі негізінде бағаланып барып, жагдайға байланысты 
эмоция пайда болады.


II 1-Т А РАУ.
ЛЕҚСИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ТІЛДІК 
СИСТЕМАМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Тіл элементтерінің ішкі қүрылымдық мағынасы
Жоғарыдағы тарауларда сөз болған денотаттық, сигнификат- 
тык, эмоционалды-экспрессивтік мағына элементтерінің барлығы 
да сөз мағынасының құрамына еніп, оның семантикалық ядросын 
жасаса да, олар тіл зандылығына бағынбайтын, гнесиологиялық 
процестің, ойлаудың не адамзаттың психологиясының қалпымен 
байланысты туатын категориялар. Сондықтан да сөз мағынасын 
денотаттан, не сигнификаттан, не адамдардың эмоциялық, психо- 
логиялық қалпымен байланысты ғана туады дейтін болсақ, онда 
сөз мағынасы тілдік категория болмастан философиялық, не пси- 
хологиялық категория болған болар еді. Біздіңше, сөз мағынасын 
Г. Шлет, А. А. Реформатский сияқты тілдік категорияның қатары- 
нан шығарып тастауға негіз жоқ (Шпет 27, 14; Реформатский 68, 
114) *. Совет тіл білімінде проф. А. И. Смирницкий 1955 жылдың 
өзінде-ақ «...сөз мағынасы қайда — сөздің ішінде ме, жоқ сыртында 
ма?» деп сұрау берген болатын (Смирницкий 55, 81) *. Автор сол 
мағынаның өзінде-ақ сөз — не қауашақ, не жаңғақ, не болмаса, 
соларға ұқсас зат болмағандықтан оның іші не сырты туралы сөз 
болудың өзі аңғырттық деп бағалаған еді. Қазіргі кезде (әсіресе 
60—70-жылдарда жарық көрген еңбектерде) семантика туралы 
еңбек жазған кей ғалымдар сөз мағынасы тілден тыс тұрған кате­
гория деп көрсетуге әрекет еткендігін, сөз мағынасы тілдік кате­
гория емес дегендерін жоққа шығаруға болмайды.
Сонымен бірге сөз мағынасын тек тілдік категория ретінде ка- 
рап, ол сыртқы дүниемен байланыспайды, тілдік системадан ғана 
туады деген пікірді қолдаушылар да бар. Мысалы, Прага тіл үйір- 
месінін тезисінде: «Сөздің мағынасы, ең алдымен, оның баска сөз- 
дермен карым-катынасынан, яғни оның лексикалык системадағы 
орнымей аныкталады; сөздін лексикалык системадағы орны сол 
системаны зерттеген соң аныкталады»,— деген сөйлем бар (Зве- 
гинцев 65, 138) *. Тілдің системалы кұбылыс екендігіне ешкім де 
дау айтпайды, бірак система өзінен-өзі мағына жасайды деу де 
дұрыс емес. Тіл — адамдардың аса маңызды катынас кұралы бол- 
ғандыктан да (В. И. Ленин) белгілі бір информацияны екінші бі- 
реуге жеткізуі керек. Ол үшін айтылған информацияның объектив 
сипатка ие болатындығын, сырткы дүниедегі заттармен сәйкес 
келетін элементтерінің барлығын мойындау керек. Демек сөз ма- 
гынасының күрамындағы экстролингвистикалык және интерлинг- 
вистикалык элементтердің барлығын мойындау шарт.
125


Сөз мағынасының күрделі екендігін, олардың бірнеше элемент- 
терден құралатындығын, мағына құрамында грамматикалық мағы- 
намен бірге сыртқы дүниемен байланысып жататын мағыналык 
элементтердің барлығы туралы ерте кезден бері айтылып келе 
жатса да, олардың элементтері саналып көрсетілген емес. Бұл 
типтегі жұмыстар соңғы кездерде ғана жасалып жатыр. Мысалы, 
Н. А. Слюсарсва сөз мағынасының екі элементтен, лингвистикалық 
мағына мен бейнелік мағынадан құралатындығын ашып айтып, 
мақала жариялайды (Слюсарева 73, 15) *. Бұдан сәл бұрын 
Л. М. Васильев сөз мағынасындағы реляцион (структуралык) ма- 
ғынаның барлығын көрсеткен болатын. Сондықтан да ол сөз ма- 
ғынасын: 1) құрылымдык, 2) сигнификаттық, 3) денотаттық үш 
элементтен құралады деп есептейді (Васильев 66, 20) *. Слюсарева 
мақаласында Францияда жарық көрген Ж. Мунэн мен Италияда 
жарық көрген Т. де Маураның еңбектеріне талдау жасай отырып, 
«Сөзсіз (бұны екі кітап та, соңғы кездерде жарық көрген басқа 
еңбектер де) лингвистикалық семантика мен философияның, логи­
ка мен психологияның, т. б. пәндердің объектісі болатын бейнелік 
(отражательное) семантиканы ажырататын күн келді»,— деп жа- 
зады (Слюсарева 66, 20). Автордың мұндай қорытындыға келуіне 
бірнеше себептер де бар. Біріншіден, белгілі бір зат туралы адам 
санасында жиналған түсініктің барлығы бірдей сөз арқылы беріле 
де бермейді. Сондықтан да сөз мағынасы сол зат не құбылыс тура­
лы бар түсінігіміздің белгілі бір бөлшегі ғана болып есептелінеді. 
Бұны өз кезінде А. А. Потебня байқап, сөз мағынасын алыс және 
жакын мағына деп екіге бөлген болатын. А. А. Потебня көрсетксн 
адамдардың өзара түсінісулері үшін қажетті болған мағына сөздін 
семантикасына сәйкес келеді. Екіншіден, адамдардың объектив 
дүниені үздіксіз танып-білуі арқылы оның белгілі бір зат не құбы- 
лыс туралы түсінігінің өзгеріп отыратындығы анык, сондай-ақ сөз 
мағынасы да өзгеріп отыратындығы да шындық. Бірақ сөз мағы- 
насының өзгеруі ұғымға қарағанда баяу, шабан болады. Мысалы. 
Абай дәуірінде (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша) 
отырықшылықты (жатақтарды), егін салуды ар көрген болсақ, 
қазір көшпенділікті басқаша бағалаймыз. Бірақ бұл дәуірдің ішін- 
де (бір ғасыр ішінде) отырықшылық, көшу, егін салу сөздерінің 
магынасы өзгерген жок, тек номинативтік мағынаға қосалқы ма- 
ғына ретінде (коннотативтік) өмір сүретін эмоцпялық-экспрессив- 
тік мағыналық реңк қана өзгерді. Сондықтан да сөз мағынасы 
мен адамдардың түсінігі, ұғымы арасындагы тендіктің жоқ скен- 
дігі анықталып, екі категорияның арасы ашыла бастады. Сонгы 
жағдайды негіздей отырып Н. А. Слюсарева: «...біздіц пікірімізше, 
мағына кай дәрежеде мазмұнның (содержание) құрамына енеді 
деген мәселе тек жарым-жартылай ғана лиигвистикалық мәсеЛе 
болады, тіл қалай адамзаттың білімін жннақтап, сақтап, басқа 
біреулерге жеткізеді деген мәселе толығымен бейнелік семантика- 
ның мәселесі болады да, лингвистиканың аясына енбейді»,— деген 
қорытынды шығарған (Слюсарева 73, 15) *.
Н. А. Слюсареванын сөз мағынасын бұлан екігс бөлу практика-
126


сын барлык тілшілер бірдей қабылдай қойған жоқ. Мысалы,. 
Р. А. Будагов сөз мағыналарын арнайы талдауға арналған мака- 
ласында Н. А. Слюсареваның пікіріне тоқталады. Бірінші ескерте- 
тін нәрсе сол — Р. А. Будагов сөз мағынасын түсінікпен тең деп 
есептейді. Оның ойынша ұғым — тіл категориясы ретінде таныл- 
ғанда тілдік мақсатта ғана бағаланады. «Ең алдымен ескертерім, 
бұдан кейін сөз мағынасын түсіндіргенде мен оны белгілі тілдік 
система арқылы, оның призмасы арқылы өзгертілген ұғым деп тү- 
сіндіремін. ...Ұғым әр халықтың ойлау дәрежесіне байланысты бол- 
са да жалпы адамдарга бірдей категория. Сөз магынасы болса, 
керісінше, белгілі бір тілге гана тән категория, бәрінен бұрын сол 
тілдік система шеңберінде гана өмір сүреді»,— деп ескерту жасай- 
ды (Будагов 76, 95) *. Осы позицияда тұрып ол басқа көзқарас- 
тарга талдау жасайды. Н. А. Слюсареваның мақаласына келгенде, 
тілдік семантика мен бейнелік семантиканың жеке-жеке категория 
ретінде танылуына қарсы шыгады. «Тілдік семантика бейнелік 
семантикага сүйенбесе, өлі болады»,— деп қорытынды жасайды 
(Будагов 76, 107).
Р. А. Будагов тілдік семантика мен бейнелік семантиканы бөліп 
алушыларга үш пункттен тұратын дау айтады. Біріншіден, нелік- 
тен тілдік семантика тек сөздерде гана болу керек. Магына катего­
риясы тек сөздерде гана болмастан, ол синтаксисте де, морфоло- 
гияда да, фразеология мен стилистикада да бар. Екіншіден, тілдік 
семантика мен бейнелік семантиканы ажырату дұрыс-ақ, егер осы 
екі магынаның өзара байланысын, айырмашылыгын, байланысу 
жолдарын тапса гана. Егер олар табылмаса, онда тілдік семантика 
тұйықталган, өз ішінде гана қалатын нәрсе болады. Тілдік семан­
тика қалайша, ненің көмегімен адамның ойын, сезімін баска біреу- 
ге жеткізе алады, объектив дүниемен қалай байланысады? Үшін- 
шіден, ұгым қаншалықты жалпы, дерексізденген болса, онымен 
байланысты болган нақтылы заттардың сезімдік бейнесі соншалық- 
ты аз болады. Ұғымның жалпылаушы қасиеті өскен сайын ұғым 
мен сөз магынасының арасындагы байланыс өте тыгыз, жақын 
бола бастайды. Үшінші пункттен автор сөз магынасы дерексізден- 
ген, жалпыланган, сондықтан ол ұгыммен тең түседі дейді. Әрине, 
Р. А. Будаговтың көрсеткен үш пунктінің үшеуі де тіл білімінде 
ертеден сөз болып келе жатқан мәселелер.
Н. А. Слюсареваның пікірін қолдап, лингвистикалық семанти­
ка мен бейнелік семантиканы бөлу қажеттігін көрсеткен галымның. 
бірі — С. Г. Бережан. Бірақ ол лингвистикалық семантика мен 
бейнелік семантиканың зерттеу объектісін сәл баскашалау түсіне- 
ді. «Лингвистикалық семантика, бейнелік семантика дегенде біз 
психологиялык категорияны түсінеміз. Ягни тіл білімін және баска 
пәндердің (философия, логика сиякты) салаларын түсінеміз. Көр- 
сетілген пәндердің тараулары, сөзсіз, өздерінің зерттеу объектісіне 
ие: біріншісі (лингвистикалық семантика) тілдік семантикамен 
(басқаша айтқанда тілдік магынамен) ягни тіл элементтерінің ма- 
ғынасын ерекше назарға алса, екіншісі (бейнелік семантика) тіл- 
дік элементтерден тыс жаткан семантикамен (ягни тілдік болмаған
127


мағыналармен) немесе айналадағы объектив дүниедегі заттардың 
адам ойында бейнеленген жалпы мазмұнымен байланысты бола- 
ды» (Бережан 79, 5) *. Берілген үзіндінің көрсетуінше, С. Г. Бере- 
жан тіл элементтері (сөз, морфема, синтагма т. б.) берілген мағы- 
наның барлығы лингвистикалық семантика, адам ойындағы зат- 
тардың, табиғаттағы құбылыстардың бейнесі (біздің терминіміз 
бойынша гнесиологиялық бейне) бейнелік семантика деп түсінді- 
ріледі. Н. А. Слюсаревада болса бүл терминдер баскаша түсінді- 
рілген. Біздіңше, лингвистнкалық семантика да, бейнелік семанти­
ка да тіл элементтерінің мағына құрамына енеді. Тіл элементтері- 
нен тыс жатқан мағына туралы сөз болудың өзі артық. Бірақ тіл 
ойдың тек жарыққа шығу формасы ғана болып саналмастан, ой- 
дың өмір сүру формасы да екендігін ойдан шығармау керек. Сон- 
дықтан да Н. А. Слюсарева бейнелік мағына адамдардың білімі, 
өмір тәжірибесі негізінде жинағандарын ойда сақтау, жинақтау 
деп түсіндіргенде осы тілдің екінші функциясын ойға алған. Ой 
элементтері бейнелік мағына болып саналмайды. Тілдін коммуни- 
кативтік, когнитативтік, эмоционалдық-экспрессивтік қызметі де 
осы мағыналар негізінде іске асады (Слюсарева 81, 16—17) *.
Лингвистикалық және бейнелік мағыналардың бар екендігін 
ашып көрсетпесе де, сөз мағынасының құрамында таза объектив 
дүниемен байланысып жататын элементтердің және тілдік систе- 
малардың негізінде туатын мағыналық элементтердін, барлығын 
көрсеткен пікірлер Ю. Д. Апресян, О. Н. Турбачев пен О. Н. Сели- 
верстовалардың еңбектерінде дс бар. Мысалы. Ю. Д. Апресян сөз 
мағынасына: «Тілдік таңбаның семантикасында заттар, қүбылыс- 
тар және оның қасиеті мен амал-әрекеті туралы әлсіз, қарапайым 
(наивный) ұғымын ғана бейнеледі»,— деп анықтама бере отырып 
(Апресян 74, 56) *, сөз мағынасын анықтауда тіркестің (сочетае­
мость) де қызметі мол екендігін ескертеді. «Сөздердің семантика- 
лык ерекшелігі не сөздердін мағыналык ерекшелігі ретінде, не тір- 
кесу ерекшелігі ретінде талданылады»,— деп жазғанда және орыс 
тіліндегі воля, качество, темперамент сөздерін талдағанда осы 
тіркес негізінде аныкталатын (автор оны пайда болған деген) ма- 
ғынаның берілу заңдылығын көрсету, колданылу ерекшелігін көр- 
сетуге әрекет еткен (Апресян 74, 56—65). Ю. Д. Апресян Ф.де 
Соссюр мен Ч. Морристердің теорияларын салыстыра отырып, сөз- 
дер таңбаланушы мен таңбаланушыдан басқа синтактика мен 
прогматикалық қасиеттердің де ыкпалы болатындығын көрсетеді. 
Синтагматика деп сөздің (автордың терминінше таңбаның) басқа 
сөздермен байланьгсу қағндасы, нормалары туралы информация 
түсінілсе, прогматика деп айтушынын не информация бағытталған 
адамның айтылған информацияға көзқарасын түсінеді (Апресян 
74, 56). Демек Ю. Д. Апресян тіл элементтерініц мағынасында ми­
нимум заттық бейне, синтагматикалық және парадигматикалық 
элементтер болады деп есептейді.
О. 
Н. Турбачев сөз мағынасына этнмологиялық зерттеулср не- 
гізінде талдау жасай келіп, сөз магынасында ажыратушы белгілер 
(дифференционалыіые признаки) және бір нәрселер туралы ха-
128


бар беретін мағыналық варианттар болады деп есептейді. Бұл екі 
элементке қосымша семантикалық инвариантты да көрсетеді (Тур- 
бачев 76, 157) *. Автор айырушы белгілерге талдау жасай отырып 
Н. А. Слюсареваның бейнелік мағына теориясына толық қосылуға 
болады дейді де С. Г. Щурдың еңбегіне сілтеме жасайды.
С. 
Г. Щур индоевропа тілдерімің материалын негізге ала оты­
рып, лекеиканы тематикалық топтарға бөлген, осы мақсатта сөз 
мағыналарына талдау жасаған еңбектің авторы екендігі анық. 
С. Г. Щурдың көрсетуінше, сөз мағынасын құрылымдық элемент- 
терге белуге арналған еңбектер біздің ғасырымызың басында-ак 
басталған, бірақ олар жалпы қағидаларды ғана сөз еткен. Мыса- 
лы, А. Л. Кребер 1909 жылы жазған мақаласында туыскандық 
терминіне талдау жасай отырып, олардың жас ерекшелігіне, кан- 
дық, туысқандық, т. б. белгілеріне байланысты ажыратылып жа- 
татын касиеттері барлығын көрсеткен 
(Щур 74, 28—29) *.
С. Г. Щур да Н. А. Слюсарева сиякты сөз мағынасындағы лингви- 
стикалық және экстролингвистикалық элементтердің барлығын 
мойындайды. Бірак С. Г. Щур бұл пікірін сөз мағынасын компо- 
ненттік анализ ету нәтижесінде айтпай, сөздерді тематикалык топ­
ка белу прннциптерін анықтау үстінде айтқан.
Тіл білімінде тематикалық топ және лексико-семантикалық топ 
деген екі терминнің катар өмір сүретіндігі анык. Көпшілік зерттеу- 
шілер тематикалык топка топтастыруда лингвистикалык принцип 
негізге алынбайды, заттардың табиғн белгілері, объективтік каты- 
настары, т. б. алынады дейді. Ал лексико-семантикалық топ 
сөздердің лексикалык мағынасына негізделеді, яғни сөздердіанто- 
нимдік, синонимдік не ұштас мағыналары есепке алынады. Мыса- 
лы, қол, аяк,, көз, тірсек сиякты сөздер өзара еш^андай семантика- 
лык байланыска не емес, бірак олар адамның дене мүше атаула- 
ры. Ал кел, кет, бар, жүгір, жел, шап, зыт, кір, шық, т. б. деген 
етістіктердің арасында семантикалык байланыс бар. Бұлардың бар- 
лығының лексикалык мағына кұрамында бір орыннан екінші 
орынға өту, козғалуды білдіретін мағыналык элемент (сема) бар. 
Сонымен бірге олар синоним, антоним не ұштасып жататын мағы- 
налык касиетке ие. Салыстырыңыз: кел мен кет, кір мен шык, ан- 
тонимдер, кет, окоғал, зыт, жөне сиякты сөздер өзара синонимдік 
катар жасайды.
С. 
Г. Щур тематикалык топтарға еөздерді топтастырғанда epic 
(поле) теориясын колданып, оған сөздердің парадигмалык каты- 
насын негіз етіп алған (Щур 74). Бірак автор тематикалык топтың 
(автордың терминінше өрістін) кұрамына енген сөздер семантика­
лык ерекшелігіне карай бір ізді болмайтындығын ескертеді. «Бір 
жағынан синонимдік касиетімен, екінші жағынан белгілі бір затты 
білдіруімен анык көрінеді. Бірінші жағдайды (шамада, семанти- 
каны), дәстүр бойынша, лингвистикалык деп карасақ, екіншісін— 
экстролингвистикалык деп караймыз»,— деп корытынды жасаған 
(ІДур, 74, 30). Әрине корытындыда айтылған пікір дұрыс. Синоним 
болсын, антоним болсын сөздердің ара катынасынан туады, ол зат- 
тардың өзіндік белгісімен ғана емес тілдік заңдылыктармен де,
9 -2 9 2 0
129


қалыптасқан дәстүрмен де байланысып жатады. Мысал ретінде 
қазақ тіліндегі жүгір мен шап етістіктерін алайық. Жүгір етістіп- 
нің лексикалық мағынасы аяғын жылдам басып, бар пәрменімен 
зымырау болса, шап етістігініц мағынасында көлікпен (атпен, есек- 
пен, түйемен т. б.) байланысты мағына элементі болады. Яғни 
қазақ тілінде атқа міне сала жүгірді не атпен жүгіре жөнелді де­
ген тіркестер қолданылмайды. Сөзсіз бүл мағыналық компонент 
шап етістігінің мағына құрамына ену керек. Сондықтан да казақ 
тілі түсіндірме сөздігінде шап етістігіне атпен кұйғыта жорту, ыз- 
ғыту деп анықтама берген (КТТС 10, 138) *. Бірақ олар адамға 
байланысты колданылғанда синонимдік сынар ретінде бала үйіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет