Іздеп отырған файлыңыздың атын File Name-ға жазып та, өзіңізге қажетті файлыңызды тауып алуға болады. Қажетті файлыңызды шерткен кезде File диалогының төменгі жағындағы ұяшықтың ашық жерінде сол файл туралы мәліметтер шығады. Open-түймесіне L-шертпе жасаңыз.
Диалог ұяшығы өшеді. Мезгегіштің бейнесі жуық арада құм сағатының бейнесіне алмасып,
HYPERCHEM сол файлда бір нәрсені оқып тұрғанын білдіреді. HYPERCHEM файлды оқып тұрғанда,
HYPERCHEM терезесінің астында атомдар саны шығады. Молекула бейнесі көрінеді:
Display мәзірін пайдалану. Мәзірді ашу:
1. Display-дің үстінен L-шертпе жасаңыз.
Белгілерді қолдану Егерде молекула белгілерімен шықса, онда оларды өшіріңіз:
Белгілерді өшіру:
1. Labels-қа L-шерпе жасаңыз. Labels-тің диалог ұяшығы ашылады. Автоматты түрде белгі None-де тұрады. 2. OK-ға L-шертпе жасаңыз. Диалог ұяшығы жабылып, молекуладағы белгілер өшеді. Белгілерді қолдану: 1. Labels-қа L-шертпе жасаңыз. Диалог ұяшығының белгілері шығады.
2. Атомдағы Symbol белгісін белгілеңіз де, OK-ді басыңыз. Диалог ұяшығы жабылып, молекула атом таңбаларымен белгіленеді.
Rendering-нің диалог ұяшығы ашылады. 2. Тізімдегі Balls-ті таңда. Balls парағының қасиетін көрсетіу үшін, кестенің бас жағындағы Balls атауының үстінен шерт. 3. Егерде Shading-де белгі тұрса (атаудың қасында ٧ белгісі тұрады), онда белгіні өшіру үшін үстінен шертеді. Одан кейін OK-ді басыңыз. Бұл біркелкі мөлдір, мониторға жылдам шығатын молекулалардың көріністерін береді.
Display мәзіріндегі Rendering диалог ұяшығын қайталап ашыңыз.
Sticks Dots& таңдаңыз. OK-ді басыңыз. Бұл бізге молекуланың көлемі мен салыстырмалы формасының тамаша көрінісін береді.