Алматыдағы жұмыссыздық ерекшеліктері Орындаған: Тақау Мақпал, Маратқызы Мадина Тексерген:Әбен Бақнұр



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі372,94 Kb.
#124004
  1   2



Алматыдағы жұмыссыздық
ерекшеліктері


Орындаған:Тақау Мақпал,
Маратқызы Мадина
Тексерген:Әбен Бақнұр

Алматы 2023


Еліміздегі жұмыссыздықтың басты себебі-инфляция мен мемлекеттік өндірістердің құлдырауы болып отыр.Жұмыссыздық кез-келген елдің тұрғындары арасында біркелкі бөлінбейді. Сондықтан жұмыссыздықты диагностикалаудың маңызды аспектілерінің бірі және жұмыссыздықты "емдеудің" бірден-бір тәсілі-ең көп таралған аймақтарды анықтау.2022 жылғы тексеріс бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құраған.Жалпы елімізде 452 мың қазақстандық жұмыссыз жүр.Екі қолына бір күрек таппай жүргендердің 3,8%-ы жастар көрінеді.Жалпы аймақтар бойынша:

Көрсеткіш бойынша жастар қаласы-Алматы бастап тұр. Бұл көбінесе жастардың бірден "өздеріне ұнайтын" жұмыс тапқысы келетіндігімен және осы ізденістермен айналысқан кезде жұмыссыз болып саналатындығымен түсіндіріледі. Бұл біздің жұмыссыздық деңгейімізде бос жұмыс орындарын негізінен белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар мамандар толтыратындығына байланысты. Ал жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға оны алуға мүмкіндік берілмейді. Осыған байланысты, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5,75%) Германияның тәжірибесін қолдану қажет болуы мүмкін. Онда жоғары дамыған кәсіптік оқыту жүйесі, кәсіптік бағдарланған мектептер және тікелей жұмыс орындарында даярлау бар, ол адамның еңбек өмірінің басында жұмыссыздық кезеңін минимумға дейін қысқартады. 1996 жылы елімізде еңбек нарығының қалыптасуына күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай айтарлықтай әсер етті. Әр түрлі салаларында жұмыспен қамтылғандар санының жаппай төмендеуі байқалды.Ол кездегі жұмыссыздық халықтың көп пайызының жоғары білімі болмауының, мамандықты даярлайтын кәсіби оқытушылардың және оқу орындарының тапшылығынан болатын.Ал қазір жұмыссыздықтың себептері өте көп.Оның бірі,әрі аса маңыздысы халықтың еңбек нарығындағы экономикаға жарамсыздығы және бәсекеге қабілетсіздігі.Бұл біздің елімізде жастарға бағытталған бағдарламалардың аздығы мен білім беру жүйесінің әлсіздігінің салдары болып отыр.Яғни,Алматыдағы жұмыссыздық елдің экономикалық жағадайынан бөлек елдегі ішкі факторлармен де байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық және экономикалық сала мамандарының үлкен профицитіне ие және олардың басым бөлігі жұмыссыз. Осы негізде Қазақстан студенттер санымен әлемдік көшбасшылар қатарында тұрса да,олардың көбі “дипломды жұмыссыздар ” деген мәселеге тіреледі.


"Дипломды жұмыссыздар" - мамандығы бойынша сұранысқа ие емес кәсіби дипломы бар және басқа бағыттарда ұзақ уақыт жұмыс істегісі келмейтін жас азаматттар. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жаңа бағдарламалар жұмыссыздықтың осындай түрін төмендетуге бағытталған.
Бұл мәселені шешу мақсатында “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, және “Ұрпақтар келісімі” жобалары қолға алынған.Қазіргі күні жұмыссыз жастардың 33,9%-ы жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген. Олар университетті аяқтаған соң “Жастар практикасында” тәжірибе жинап, еңбек мансабын қалыптастыруға мүмкіндік алады.
“Жұмыспен қамту орталықтарының негізгі міндеті - 29 жасқа дейінгі азаматтарға кәсіпкерлік бастамашылыққа және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуга жәрдемдесіп, тұрақты жұмыс орындарын табуға көмектесу. Сонымен катар “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламалары бойынша еңбекпен қамту да орталықтың міндеттері”, - деп түсіндірді Жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.
Орталық қызметкерлері елдегі жастар арасында жұмыссыздык деңгейін төмендету мақсатында атқарылган жұмыстар нәтижесімен де бөлісті. Ұсынылған мәліметке сәйкес, елде 2022 жылдын басынан бері 3 131 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.«Жыл басынан бері мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім алған, жоғары оқу орнын аяқтаған және орта білімі бар 3 131 адам тұракты жұмыспен қамтылды«, - делінген акпаратта
Жұмыспен қамту орталығы жастардың, мамандығы бойынша қызметке орналаса алмауының басты себебі жалақынын төмендігі екенін қосып өтті. “Сонымен катар өзін-өзі жұмыспен қамту, тәжірибенің болмауы, қазіргі қоғамдағы жастар арасында кең тараған дивиация әсері де бар. Сондықтан техникалық, кәсіптік және жоғары білім алған жастардың басым бөлігі өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды”, - делінген жұмыспен қамту орталығы берген жауапта.
Ал «Алғашкы жұмыс орны» жобасы 24 айға есептелген. Жоба аясында жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылатынын ескерген жөн.
«Ұрпактар келісімі» жобасы кемінде 18 ай мерзімге есептеледі. Ал жұмыспен қамту орталығы 6 ай жалақымен қамтамасыз етеді. Жобаның басты ерекшелігі - жас маманның зейнет жасына жеткен тәжірибелі қызметкерді алмастыруында.
Аталған үш жобада да жастарга 30 АЕК көлемінде жалақы қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет