Ерсінбек Мұқашев, Өскемен қа-
ласының тұрғыны:
– Темірбек Жұмақұлұлы, сәле-
метсіз бе? Біз ауылдан көшіп
келгенбіз. Пәтер алуға ақша жағы
жетіңкіремей, бағбандар учаске-
сінен жер телімін алып, үй салып
алдық. Бірақ электр қуаты жағы-
нан мәселелер бар.
– Қазақстан Республикасының
«Электр қуаты туралы» заңына сәй-
кес, «ШҚ РЭК» акционерлік қоғамы
техникалық шартты тек бағбандар
қоғамының электр қуатына қосылуы-
на ғана бере алады. Жеке тұлғаларға
берілмейді. Сондықтан саяжайларда
электр қуатын қосу үшін, бағбандар
қоғамы мен «Шығысэнерготрейд»
арасында сатып алу-сату келісімшар-
ты жасалуы керек. Үйіңізді электр
қуатына қосу үшін, сізге бағбандар
қоғамына жүгіну керек. Ал сіз тұрған
жерде мұндай құрылғы жоқ бол-
са, өздеріңіз құрып ала аласыздар.
Қабанбай батыр көшесі, 11 үйде
орналасқан «Өскемен және облыс-
тың бағбандар одағы» қоғамдық
бірлестігінде сізге бағбандар қоғамын
Жақында Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов «Қазақстан-
Өскемен» телеарнасында өткен «тікелей желіде» шаһардың соңғы 6 ай
ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы жан-жақты
баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
құрудың шарттарын түсіндіріп береді.
Аталған бірлестіктің телефон нөмірі:
55-37-35.
Райхан Жаңылханова (элек-
тронды поштаға келіп түскен са-
уал):
– Қала аумағынан тұрғын үй
құрылысына арналған жер телі-
мін алғым келеді. Ол мүмкін бе?
Сондай-ақ, егер мен осы жер-
де үйді бір жыл ішінде салып
үлгермесем, мемлекет ол телімді
қайта алып қоя ма?
– Баспана құрылысына арналған
жер телімін алғысы келетін адамдар
қалалық әкімдікке келіп, өтініш жа-
зуы керек. заңнамамен бекітілген
іс-шаралар атқарылған соң, арыз
берушіге қала аумағынан 2 жыл
мерзімге жалға жер беріледі. Осы
екі жыл аралығында үй құрылысы
жүргізілуі тиіс. Нысан құрылысы
аяқталған соң, арнайы құжаттар
ресімделіп, телім үй салушының
жекеменшігіне ауысады. Егер осы екі
жыл аралығында жер игерілмесе,
мемлекет келісімшартты бұзып, жерді
қайтарып алуға құқылы.
Айнур Нұрғазина, Семей меди-
циналық университетінің студенті.
– Мен Семей мемлекеттік ме-
дициналық университетін бітіру-
ге таяп қалдым. Өзім Өскемен
қаласынанмын. Оқуымды бітірген
соң, өз қаламда жұмыс істегім
келеді. Өскеменде жас дәрігер-
лерге қандай жағдай жасалған?
– Біз жас мамандар келсе, әрдайым
қуанамыз. Әсіресе, дәрігерлерге.
Биылдың өзінде Өскеменнің емха-
налары Семей медициналық универ-
ситетінің 29 бітірушісімен келісім-
шарт жасасты. Дәрігерлер баспана-
мен қамтамасыз етіледі. Оған қоса,
алдағы уақытта Өскемендегі №1 ау-
рухана аумағында жас дәрігерлерге
арналған жатақхана салынады.
Татьяна Фролова:
–
Мен ескі Согра ауданының
тұрғынымын. Көктем-күз мезгіл-
дерінде батпақтан аяқ алып жүру
мүмкін емес. Осы мәселені шешу-
ге бола ма?
–
Сіздің мәселеңізбен жақсы та-
ныспыз және оны шешуге тырыса-
мыз. Су құбырларын өткізген кезде
талқандалған жолдарға ұсақ тастар
себу жұмыстары жүргізілуде.
2013 жылы бөлінген қаржыға
Кубинская, Национальная, зеленая,
Подхоз, Узбекская, Рахмановская,
Охотская және т.б. көшелері бойынша
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл жекеменшік секторларын-
дағы көшелерге ұсақ тас себу жұ-
мыстары жалғасатын болады.
Әлібек Рахметов, Өскемен қа-
ласының тұрғыны.
– Автобус аялдамасынан өзім-
нің шағын павильонымды аш-
сам деймін. Бізде шағын және
орта бизнестің дамуына қан-
дай мүмкіндіктер қарастырыл-
ған? Билік тарапынан қандай
көмектер бар?
– Сауда нысандарын орналасты-
руға арналған жер телімдерін сату не-
месе жалға беру, автобус аялдамала-
рын ұйымдастыру аукциондар өткізу
арқылы жүзеге асырылады. Аукцион-
ды өткізу туралы хабарландыру
жергілікті газеттерде басылып шыға-
ды.
Сондай-ақ, сауда нысанындағы
тауарларды
сатудың
санитарлық
нормалары мен ережелеріне сәйкес
Өскемен қаласы, Астана көшесі,
16/1 мекенжайында орналасқан тұ-
тынушылар құқығын қорғау басқар-
масынан қорытынды алу керек.
Гүлсара Ламбукова (электронды
поштаға түскен сауал):
– 2013 жылы қызым дүниеге
келген соң, бірден 97-нөмірмен
балабақшаға кезекке тұрғанбыз.
Тексерсек, бір жылдан кейінгі
нөміріміз 91 екен. Сонда жылы-
на балабақшадан 6 адам ғана
шығарыла ма?
– Жалпы, Өскеменде 45 балабақ-
ша мен 35 мектеп жанындағы шағын
орталық жұмыс істейді. Қала бо-
йынша 11961 бала балабақшамен
қамтылған. Бұл 99,9 пайызды құрай-
ды. Өткен жылы қалада 940 баланы
қамтитын үш балабақша ашылған.
2014 жылы Дзержинский және Кос-
мический көшелеріндегі бұрынғы
балабақшалардың
ғимараттарын
қайтару және бір жекеменшік ба-
лабақшасы мен бір мектепке дейінгі
шағын орталық ашу жоспарланған.
Сіздің
сұрағыңыз
электронды
поштаға алдын ала түскен болатын.
Балаңыз Тамина Ламбукова «Ерке-
тай» балабақшасына тіркеліп тұр.
Бұл балабақша 2012 жылдың қаңтар
айынан бері жұмыс істейді. Балабақ-
ша ашылғанда, 2-3 жастағы бала-
лардан топтар құралған. Биылғы
жылдың мамыр айында 2 топтағы 50
бала балабақшаны тәмамдады. Енді
25-тамызда осы балабақшаға кезекте
тұрған 50 бала кезектен шығарылып,
бақшаға қабылданады. Сіздің бала-
ңыз 2 жасқа толған кезде осы «Ерке-
тай» балабақшасына тіркеледі.
– Менің есімім – Руслан. Мен
тұлдыр жетіммін және тұрғын үйге
кезекте тұрмын. Биыл жетімдерге
пәтер беру қарастырылған ба?
– Мемлекеттік тұрғын үй қорын-
дағы үйлер бекітілген тізімге сәйкес
кезекте тұрған әрбір мұқтаж азаматқа
беріледі. Көрсетілген тізімдегі азамат-
тардың құқықтары бірдей. Ал Ұлы
Отан соғысының қатысушылары, мүге-
дек-балалар, ата-анасының қамқор-
лығынсыз қалған балалар тұрғын үй
қорынан кезектен тыс тұрғын үй ала
алады.
Өскемен қаласының әкімдігіндегі
тізімде Р.В.Смагулов жетім категория-
сы бойынша 2008 жылдың 28 ақпа-
нынан кезекте тұр. Қазіргі күні оның
кезегінің нөмірі – 135. Тұрғын үй бекі-
тілген ережеге сәйкес берілетін бола-
ды.
.
Өскемен қаласы әкімінің
баспасөз қызметі
– Бүгінгі күні облыстың түзеу
мекемелерінде жоғарыда ай-
тып өткенімдей, 9 мыңға жуық
сотталған жазасын өтеп жат-
са, солардың ішінде еңбек ке
жарамды 5633 сотталған аза-
мат бар. Ағымдағы жылдың
7 айының қорытындысы бо-
йынша орта есеппен алғанда
3300 адам ақылы еңбекпен
қамтылған, олар – еңбекке
жарамдылардың 58,2 пайы-
зы. Жұмыспен қам тыл ған дар-
дың 2343-і – «Еңбек-Өскемен»
РМК-да, 484-і – шаруашылық
қызмет көрсету орындарында,
399-і басқа да жұмыс орын-
дарында еңбек етіп жатыр.
Сотталғандардың кәсіптік кол-
ледж арқылы мамандық алуы-
на жағдай жасалып, 2013-
2014 жылдарда 1108 сотталу-
шы қажетті түрлі мамандықтар
игерді.
Дулат Әкімгерей, Глу-
бокое ауданы:
–
Жазасын өтеп, түзеу
мекемелерінен
босап
шыққандардың
қаншасы
жұмысқа орналасып жа-
тыр?
– Биылғы жеті ай бойынша
Өскемен қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдар-
ламалар бөлімінің мәлімет-
терінше, Өскемен қаласының
жұмыспен қамту орталығына
106 сотталушы хабарласқан.
Олардың 64-і өз бетінше
жұмыс тауып алса, орталық
қызметкерлерінің
көмегімен
16 адам жұмыс тауып, 5 сот-
талушы қайта оқу курстарына
өтініш білдірген. Қылмыстық-
атқару кодексінің 178-бабына
сәйкес жазасын өтеп келген-
дерге ыңғайлы жұмыс тауып
беріп, еңбек, тұрмыс жағдайы-
на қолдау білдіруді, басқа
да әлеуметтік көмек түрлерін
көрсетуді әкімдіктің аталған
бөлімі іске асыратындықтан,
толық мәліметтерді аталған
жұмыспен қамту орталығынан
алуға болады.
Еркін Рахымов, Зайсан
ауданы:
– Сала қызметкерле-
рін әлеуметтік жағынан
қолдауда қандай жұмыстар
қолға алынған?
– Біріншіден, Қылмыстық-
атқару жүйесі қызметкерлері-
нің еңбек өтілі бүкіл Қазақстан
Республикасының аумағында
зейнетке шыққанда жеңілдік-
пен, яғни 1 жыл қызмет өтілі
1,5 жылмен есептеледі. Екін-
шіден, мемлекет тарапынан
бірлескен зейнетақы қорына
лауазымдық төлемақы мөл-
шері, арнайы әскери атағы
бойынша және санаттық шені
төлемақы мөлшерлерінен 20
пайыз зейнетақы төлемдері ай
сайын аударылады. Үшінші-
ден, ҚАЖ қызметкерлері, ар-
наулы атақ немесе сыныптық
шен берілген қызметкерлер
нысанды киіммен тегін қамта-
масыз етіледі, арнайы меди-
циналық госпитальда барлық
медициналық қызметтер тегін
көрсетіледі.
Сонымен қатар штаттың
қысқартылуына
байланысты
қызметтен босатылған қызмет-
керлерге 1 жыл бойы ар-
найы әскери атағы бойынша
төлемақы төленеді. Басқа да
әлеуметтік жағдайларға байла-
нысты туындаған мәселелер –
үнемі министрліктің, Үкіметтің
назарында.
Тікелей байланысты
жүргізген –
Дәурен Аллабергенұлы
Сотталғандар санына ке-
летін болсақ, былтырмен са-
лыстырғанда олардың саны
100-ге жуық адамға (2013
жылдың 8 айында – 8972
болса, 2014 жылдың 8 айын-
да – 9000) көбейді. Соңғы 3-4
жыл ішінде сотталғандардың
орта есебі 9 мың адамды құ-
рап отыр. Ал соңғы 10 жылдың
көлемінде алатын болсақ, бұл
санның шырқау шегі 2009
жылға келді – бұл жылы
облыстың түзеу мекемелерін-
де 12 мыңға тарта (11929)
сотталған адам жазасын өтеді.
Бұдан соң заңнамаларға бір-
неше өзгерістер – ізгілендіру
шарасы енгізілді, нәтижесінде
сотталғандар саны азайып
отыр.
Маржан
Мәкентай-
қызы, Семей:
– Аймақтағы қылмыс-
тық-атқару жүйесі са-
ласында оңалту орталығы
бар деп естіген едік. Соның
жұмысы туралы толығырақ
тоқталсаңыз.
– Қылмыстық-атқару жүйесі
Әділет министрлігінің қара-
мағында
болған
жылда-
ры, яғни, 2007 жылы Үкімет
қаулысы (2007 жылғы 10
қыркүйектегі N 783) бойынша
Өскемен қаласында Шығыс
Қазақстан облысы қылмыс-
тық-атқару жүйесіне қарасты
түзеу мекемелерінен босап
шыққан адамдарға арналған
оңалту орталығы ашылған бо-
латын. Кейіннен жағдайдың
толық
қарастырылмауына
(орталықта тамақтану, жату
орны көзделмеген), соттал-
ғандар тарапынан сұраныс
аз болғандығына байланыс-
ты орталықтың жұмысы (ҚР
Үкіметінің 2011 жылғы 27
сәуірдегі
№450
қаулысы)
тоқтатылды. Орталықтың жа-
былуының тағы бір себебі,
оңалту функциясын орындау,
соның ішінде түзеу мекеме-
лерінен босап шыққан адам-
дарға көмек көрсету жергі-
лікті атқарушы органдардың
қарамағындағы оңалту орта-
лығына
да
жүктелген-ді.
Сондықтан мемлекеттік ор-
гандар бір-бірінің функцияла-
рын қайталамауы үшін, Үкімет
Қылмыстық-атқару жүйесінің
оңалту орталығын жабу туралы
шешім қабылдады.
Дегенмен, уақыт сұраны-
сы, қоғамның дамуы кейбір
мәселелерді қайта қарауға
міндеттейді, сондықтан «Жұ-
мыспен қамту-2020» бағдар-
ламасының аясында оңалту
орталықтарының
жұмысын
толыққанды қамтамасыз ету
көзделген.
Айгүл
Баймұқан,
Үржар ауданы:
– Қазір облыстағы жа-
засын өтеу мекемелерін-
де жұмыспен қамту жайы
қалай?
рысы өткізілетін болды. Мұн-
дай сот отырыстары Өске-
мен және Семей қалаларында
өтуде.
Түзеу мекемелерінің ішкі
аумағында түрлі байланыс
операторларының
қызметін
шектеу де заманауи техноло-
гиялармен іске асуда.
Сонымен қатар, тубер-
кулез ауруының жағдайын
тұрақтандыру және жақсарту
мақсатында «ШҚО бойынша
ҚАЖД түзеу мекемелерінде ту-
беркулезбен ауыратындардың
деректер қоры» (ОВ-156/20
туберкулез
ауруын
емдеу
мекемесінде,
ОВ-156/1,19
тергеу изоляторларында, ОВ-
156/21 әйелдер мекемесінде,
ОВ-156/17 бұрынғы қызмет-
керлер мекемесінде) компью-
терлік
бағдарламасы
іске
қосылған. Бұл бағдарламаға
on-line режимінде арнайы ту-
беркулезбен ауыратын кон-
тингенттің диспансерлік кар-
тасы енгізілген, яғни, осы
бағдарлама арқылы тергеу
изоляторынан бастап түзеу
мекемесінде жазасын өтеу
кезінде сотталғанның ем алу
процесін толық бақылауға бо-
лады.
Бұған қоса алдағы уақытта
облыстың аудан-қалаларын-
дағы елді мекендерде тұратын
шартты түрде сотталғандарды
толықтай бақылауға алуды
күшейту мақсатында оларға
арнайы білезіктерді (браслет-
тер) қолдану көзделуде.
М.Қалибеков, Күршім
ауданы:
– Бүгінгі таңда облыс
аумағындағы қылмыс-
тық ахуал қандай деңгейде?
Сотталған
азаматтардың
саны артуда ма, әлде ке-
рісінше азайып келе ме?
– Облыстағы қылмыстық
ахуалға негізінен облыстық
ішкі істер департаменті талдау
жасап, баға береді. Олармен
бірлесе жұмыс істеу тұрғысы-
нан айта кетсек, аса ауыр,
ауыр қылмыстар саны өткен
жылмен салыстырғанда аза-
йып отыр. Осындай жағдайға
облыстың түзеу мекемелерінде
де қол жеткізілді, яғни, сот-
талғандармен қайталап қыл-
мыс жасау фактілері азайды.
Еркін Тұрсынбай, Үр-
жар ауданы:
– Сотталып кеткен
адамдар артынан мерзі-
мінен ерте босатылып жа-
тады. Ол үшін жазасын өтеу
барысында өздерін жақсы
жақтарынан көрсеткені жөн
бе?
– Сотталған адам өзінің
тәртібін,
оқуға
ынтасын,
жұмысқа деген адалдығын
оңды жағынан көрсеткенде
және өзі жасаған қоғам нор-
маларына сәйкес келмейтін
қылықтарын ұғынып, түзеу
мекемелерінің заңды талап-
тарын сәйкесінше орындаған
жағдайда Қылмыстық кодекс-
тің 70-бабының тармақтарына
сәйкес сот шешімімен шартты
түрде мерзімінен бұрын боса-
тылады.
Сонымен қатар, аталған
кодекстің 71-бабымен аса
ауыр емес және орташа
ауыр қылмыс түріне байла-
нысты
сотталғанның
түзеу
мекемесінде жазасын өтеу
барысында
өзінің
түзеу
мекемелерінің заңмен бел-
гіленген ішкі тәртібін бұлжыт-
пай орындауы мен дұрыс
жүріс-тұрысын көрсетуі бойын-
ша да жазаның жеңіл түріне
сот шешімімен ауыстырылады.
Алпыс Тұраров, Ақ-
суат ауылы, Тарбағатай
ауданы:
– Күзде әскер қатары-
на шақырылмақпын. Осы-
ған дейін шартты түрде екі
жылға бас бостандығымнан
айырылғанмын.
Осындай
жағдайда мені әскер қата-
рына ала ма?
– Бұл мәселе – негізінен
Қорғаныс министрлігінің қор-
ғаныс істері жөніндегі депар-
таментінің құзыретінде. Деген-
мен, заңгер-маман ретінде
айтарым, Қазақстан Респу-
бликасының «Әскери қызмет
және әскери қызметшілердің
мәртебесі туралы» 2012 жыл-
ғы 16 ақпандағы Заңының
36-бабының
6-тармағында
«Соттылығы бар азаматтар
бейбiт уақытта әскери қызмет-
ке шақырылуға жатпайды»
деп көрсетілген. Сол себепті
соттылығыңыз жойылмайын-
ша, әскер қатарына алына ал-
майсыз. Осы мәселеге қатысты
өзге де сұрақтарға толық жа-
уапты аталған департаменттен
алуыңызға болады.
Айтмұхамбет Мәуе-
шов,
Күршім
ауылы,
Күршім ауданы:
– Бас бостандығынан
айырылғандардың жағда-
йын ізгілендіру шаралары
жайында айтып берсеңіз.
– Егемен еліміз өзінің
Қылмыстық-атқару
кодексін
қабылдағаннан бері оның
кейбір нормаларының іс жү-
зінде қолданылуын анықтау
мақсатында және де ізгілендіру
саясатымен оған 20-дан астам
заңдар арқылы толықтырулар
мен өзгерістер енгізілген. Бұл
жаңалықтар еліміздің тәуелсіз
мемлекет ретінде бірқатар
халықаралық маңызды норма-
тивтік құқықтық актілерді қа-
былдауына және адам құқы-
ғының халықаралық стандарт-
тарына жақындауына байла-
нысты қажет болды. 2011 жы-
лы қылмыстық заңнамаларды
ізгілендіру мақсатында 2 заң
қабылданса, сол жылы ел
тәуелсіздігінің 20 жылдығына
орай рақымшылық туралы заң
орындалған болатын. Яғни,
мемлекеттің дамуымен қатар
қылмыстық
заңнамаларды
ізгілендіру де жалғасатын бо-
лады. Айта кетер жайт, үкім
шығару
және
жаза
кесу
міндеттерін ізгілендіруді біздің
азаматтарымыз дұрыс түсінуі
керек. Бұл әрбіріміздің жауап-
кершілігімізді күшейте түсу
қағидасын нақты ұстанып,
еліміздегі заң жүйесін алға
қарай жетілдіре түсуге бағыт-
талған.
Әсет Көрікбаев, Се-
мей:
– Қылмыстық-атқару
жүйесі саласында соңғы
заманауи
технологиялар-
дың, он-лайн жүйесінің қол-
данылуы қандай деңгейде?
– Қылмыстық-атқару жүйесі
саласында бұрнағы жылдары
сот отырысы соттың тікелей
қатысуымен өтіп келсе, бүгінгі
таңда соңғы заманауи техно-
логиялармен
жабдықталған
арнайы бөлме қарастырылып,
онлайн режимде, яғни, соттың
тікелей қатысуынсыз сот оты-
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
6
№90 (17027)
7 тамыз
Тікелей байланыс
ДИДАР
Ізгілендірудің нәтижесінде сотталғандар саны
азайып отыр
Қазір еліміз бойынша қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру жолында мақсатты шаралар
қолға алынуда. Бұл шаруа облыста қалай жүзеге асуда? Аймақтағы түзеу мекемелерінде
қанша адам жазасын өтеуде? Олардың қанша пайызы еңбекпен қамтылған? Осы және
басқа да оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға «Дидар» газетінің редакциясында
өткен тікелей байланысқа келген Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару
жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Миржан Смағұлов
жауап берді.
– Биыл аудан көлемінде
қанша жаңа жұмыс орны
құрылды?
– 2014 жылғы 1 шілдедегі
жағдай бойынша 209 жаңа
жұмыс орны құрылды. Оның
ішінде – 93-і тұрақты, 116-ы
уақытша және маусымдық
жұмыстар. Бұдан басқа 23
орын – ауылшаруашылық
саласында, 31 орын – өнер-
кәсіпте, 10 орын – құрылыс,
9 орын әлеуметтік қызмет-
тер саласында ұйымдасты-
рылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |