«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біз «Өзін-өзі тану» онкүндік аясында өтетін «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына жиналып отырмыз.
1 - оқушы: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
2 - оқушы: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан
Баспана боп оларға келе жатсың болып нан,
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
3 - оқушы: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.
4 - оқушы. Осының бәрін кішкентайдан үйреткен
Мейіріммен сәбилерге нұр төккен
Біз тілейміз Сара апаға денсаулық
Шаттыққа толы жүрекпен.
5 - оқушы: Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.
6 - оқушы: «Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
7 - оқушы: Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
И. Дограмачи атындағы және «Юнита» халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
8 - оқушы: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.
9 - оқушы: Күллі әлемнің данасы,
Барша жұрттың анасы,
Сара Назарбаева,
Бүкіл бала панасы.
Өзін-өзі тануды,
Сызу менен жазуды,
Терең білім алуды,
Балаларға өнеге,
Өсиетте беруге,
Еңбегімді етуге,
Мақсатыма жетуге,
Өзін-өзі танудың,
Орны маған ерекше!
Жүргізуші: - Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
"Алтын жүрек анамыз" атты Сара Алпысқызының құрметіне орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек,
Адамдар бірін-бірі,
Құрметтеп, сыйлау керек,
Жастарға білім керек,
Бәрінде білу керек,
Азамат болсаң алғыр,
Анашың:"Күнім"- демек!
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек,
Бойыңда бар жақсыны,
Халқыңа арнау керек – деп ақын жырлағандай мәнерлеп оқу сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.
Сайыстың әділ-қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
-
-
Жүректен кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай ....................................... орындауында «Аналар» атты әнін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі сайысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1-бөлім: Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
2-бөлім: Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
3- бөлім: Еркін тақырып.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
1.
2.
3.
Әділ-қазы алқасы әділ бағаларын қойғанша, бишілердің өнерін тамашалайық.
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
- Жарастықпен Жайнатып өмір көркін,
Гүлбақшада сайраңдап өскен еркін.
Шат көңілді бақытты ел ұранымыз,
Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Деп айтқандай мәнерлеп оқыған оқушыларымыздың бағаларын әділ-қазылардан сұраймыз.
Сөз кезегін мектеп басшысына береміз.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар! Сайысымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды «Бала тілегі»әнімен аяқтайық.
Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |