Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Ақсақ Темір билігі тұсындағы ғылым мен мәдениет. Орындаған: Жаманқұл Т



бет2/3
Дата18.04.2023
өлшемі11,24 Kb.
#83803
1   2   3

Орыстың белгілі тарихшы-археологтары Г.Федоров-Давыдов, В.Егоров Алтын Орда қалаларының әлемдік мәдениеттегі орнын жан-жақты дәлелдеп көрсетеді. Ұлығ-ұлыс кенттерінің сәулеті, салтанаты жайлы ортағасырлық жиһанкездер Плано Карпини, Әл- Омари, Ибн-Батута, Ибн-Арабшахтар көптеген деректер қалдырған, Мысалы, Ибн-Батута Сарай әл-Жәдидті «Көшелері кең, сарайлары биік, адамы көп, базары мол, бай, көркем қала» деп суреттесе, «Сарай шаһарының бір шетінен екінші шетіне салт атпен жүріп отырып жету үшін бір күн керек» деп жазады. Алтын Орда ХІІІ-ХIV ғасырлар аралығында мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды.

Алтын Орда ХІІІ-ХIV ғасырлар аралығында мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен. Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді- екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар: Рабғұзи, Әли, Сайф Сарайи, Хорезми, Сайдахмет, Хусам Қатиб, Құтб, Дүрбек, Сақақи т.б.

Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия атты үлкен жинақ. Онда қисса, хикая, ертегі, аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежірелер жазылған. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. жайлы жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет