Алуашова Алмагүл Тілеужанқызы



Дата12.04.2022
өлшемі228,05 Kb.
#30737
түріБағдарламасы

Алуашова Алмагүл Тілеужанқызы


Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісімде мектебім туралы барлық нәрсені біліп, талдадым және соған байланысты жасаған қадамым сауатты болды ма, яғни енгізген өзгерістерімнің мектепке аз болса да пайдасы тиді ме?

Зерттеу барысында мектептің даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп, нәтижелерге қол жеткіздім. Зерттеу жұмысының ілгері басып орындалуына мектеп әкімшіліктері мен әріптестерімнің қосқан үлесі болды.

Іс-тәжірибені зерттеу кезінде жоспарланған барлық жұмыстарым өз ретімен орындалды деп айта аламын. Оған дәлел мұғалімдермен,ата -аналармен, оқушылармен өткізген кездесулер барысында алынған сауалнамалар мен сұхбаттар. Сауалнама нәтижесінде менің Неліктен, Қалай, Не өзгертуі керек? деген сұрақтарыма жауап тапқандай болдым. Тәжірибе барысында коучинг пен тәлімгерлік жүргізу жоспарын құрып, коуч және тәлім алушымен тығыз қарым-қатынаста болдым. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпалын тигізетін жұмыстың бірі - бұл бірігіп жүргізілетін зерттеу жұмысы. Сондықтан, мен әріптестеріме осы тәсіл туралы мәлімет беруді жөн көрдім. «Lesson Studу» тәсіліне көңіл аударуымның себебі: Балаларға зерттеушілік жүргізгенде ғана оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Балалар бірлескен топтық жұмыс арқылы ғана мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Осы мақсатта деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен Қ.Г. «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study тәсілін пайдалану» тақырыбында коучинг сессия өтті.



Менің байқағаным, коучинг барысында мұғалімдер сабақтағы   іс-әрекетті  зерттеу  сыныптың білім сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру  үшін не істеуге болады, қандай бағытта жұмыс жасау керек, 

нені жетілдіруге болады деген  сұрақтарға толық жауап  алды деген ойға келдім. . Әріптестер бұл күнгі сабақтан көп құнды мәлімет алғандықтарын, орындалған тапсырмалардың оқу үдерісінде қолдануға тиімді екендігін айтыпты. Мұғалімдер топтық жұмыс барысындағы тапсырмаларды орындауда алдыңғы сабақтағыдан да белсенділік танытты. Әріптестер жасаған постерлер тақырыптың мазмұнын жақсы ашып, тыңдаушылар үшін жақсы мәлімет болатындай сәтті жасалды. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпалын тигізетін жұмыстың бірі - бұл бірігіп жүргізілетін зерттеу жұмысы. «Қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Сабақты зерттеу тәсілінде ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады». Алдын-ала жасақталған зерттеу тобымыз Lesson Study үдерісін 3-сыныпта үш тізбектелген сабақта үш «бақылаудағы оқушыны» үнемі назарға ала отырып, оның нәтижелерін мұқият зерттеуде нәтижелі жұмыс жүргізді.

Бұл үдеріске ІІІ деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер тартылғандықтан менің байқағаным, жұмысшы топ мүшелері өз зерттеуіндегі оқушының нәтижелерін зерделей отырып, бір-бірінің ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты және өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, белсене қатысты. Зерттеу сабағын ІІІ деңгейлік Н.Ж. бастауыш сынып мұғалімі жүргізді. Зерттеу тобы отырыс жасап, әр зеттеу сабағын бірігіп жоспарладық. Алғашқы сабақты талдау барысында топқа бөлуде нысанаға алынған оқушылардың бір топқа түсуі және жұптық жұмыста да қайталануы зерттеу жұмысына кедергі келтіргендігін және оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін топтық жұмыстың аз болғандығын келесі сабақты жоспарлауда назарға алдық. Зерттеу нәтижелерінен А деңгейлі оқушы топтық жұмыстарда белсенділік танытып қана қоймай, топ мүшелерін өзіне тарта білді. Өз білгенін ортаға салып, досына көмек көрсетті. В деңгейлі оқушы – сұраққа жауап берді кейбір сәйкестендірулерден қателесіп кеткені байқалды, өлең сөзіне мәтін құрауда жұптық жұмыста орындап, жұбымен ынтымақтаса мәтін құрай білді.

С деңгейлі оқушы басқа оқушылардың көмегімен мұғалім сұрақтарындағы шығарма авторын ғана атай алды, топтық жұмыс барысында да топ мүшелеріне көмектесе алмай, тұйықталып отырды. Әсіресе жеке жұмыс жасауда қиналатындығы байқалды.Дегенмен, С деңгейдегі оқушы үшін топтық жұмыстың пайдасы болды. Оқушымен жүргізілген сұхбат барысында да «мен топта жұмыс жасағанды ұнатамын, себебі топта жұмыс жасау кезінде әр кезде әр түрлі рөлдік қызмет атқарамыз. Мен тапсырмада қиналсам, достарым дереу көмекке келеді. Сондықтан топтық жұмыс көбірек болса» деді.

Зерттеу сабағының сәтті тұсы зерттеу сабағын жүргізген мұғалімнің коучинг-сессияда үйренген интербелсенді әдістерді тиімді пайдалануы. Lesson Study үдерісін мектебімде тәжірибеде көрсете білу мүмкіндігін жасағаным. Сол арқылы топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал еткенім. Мұғалімдерде қызығушылық болып, алдағы уақытта сабақты зерттеу үдерісін мектеп тәжірибесіне жүйелі түрде енгізу керектігін ойластырдық. Сәтсіз жақтары: Lesson Study тәсілімен өткізген сабаққа деңгейлік курс бағдарламасын меңгермеген мұғалімдерді қатыстыра алмауым, себебі бұл оқыту тәсілі мектепке әлі терең енген жоқ.




А оқушы В оқушы С оқушы



Сабақты жоспарлау





Мұғаліммен сұхбат Оқушыдан кері байланыс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет