Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


тіл білу мен тіл меңгерудің



Pdf көрінісі
бет19/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
тіл білу мен тіл меңгерудің арасындағы айырмашылықты көр-
сетеді. Тілді білу деген жай, қарапайым болуы мүмкін, ал тіл-
ді меңгеру дегенде тілдік құралдарды пайдалануда белгілі бір 
дайындықты дағдының бар екені байқалады.
Қарым-қатынас жасау құзыреттілігі аясына әдептілік ережесі 
енеді (мысалы, қазақтіліді, орыстілді орталарда сен және сіз де-
ген, жапон, корей тілдерінде сыпайылықты білдіретін етістіктің 
арнаулы формалары бар). Бұл көбінесе кішінің үлкенмен 
(үлкеннің кішімен), таныс пен бөтеннің, әлеуметтік мәртебелері 
бойынша жоғары мен төменнің немесе өзара тең адамдардың т.б. 
тіл жұмсауларынан көрінеді.
Сонымен, біз әлеуметтік лингвистиканың бірнеше басты 
ұғымдарын қарастырып өттік. Әрине, бұл жерде айтылмаған 
көптеген ұғым-түсініктер тізімі баршылық. Біз олардың кейбіреу-
лерін одан арғы тарауларда да сөз ете отырып, арнайы тоқталатын 
боламыз.
1.4.7 Тілдік жағдаят 
Тілдік жағдаят – белгілі бір географиялық немесе саяси-
әкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің 


35
жергілікті-әлеуметтік және қызметтік қатынасына байланы-
сты өмір сүруі. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдаят негізгі 
ұғымдардың бірі болып саналады, біз оны кейінгі тарауда арнайы 
қарастыратын боламыз. 
Тілдік жағдаяттың мынадай негізгі әр түрлі белгілері болады: 
сандық, сапалық, баға беру. 
Тілдік жағдаяттың сандық белгілері: 
1) тілдер саны
2) тілдерде сөйлеушілер саны (сөйлеушілердің демографиялық 
қуаты); 
3) қоғамдық өмір салалары ішіндегі тілдердің қолданылу 
салаларының саны; 
4) қолданылуы басым тілдер саны. 
Тілдер санына қарай – монокомпоненттік және поликомпонент-
тік тілдік жағдаят түрлері ажыратылады. Жалғыз тілден тұратын 
тілдік жағдаят өте сирек кездеседі (мысалы, мұндай жағдай Ис-
ландияда бар). 
Демографиялық және қолданыс қуаттылығына қарай қуаты 
тең және қуаты әралуан тілдік жағдаят болады. Мысалы, Белги-
яда тепе-теңділік тілдік жағдаят қалыптасқан (француз және ни-
дерланд тілдері). Батыс Африка елдерінде теңестірілмеген тілдік 
жағдаят орын алып отыр (жергілікті тілдерде сөйлеушілер саны 
көп болса да, еуропалық тілдердің байланыс қуаты жоғары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет