Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет3/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
5 ТІЛ ЖӘНЕ САЯСАТ
5.1. Тіл саясаты: тіл дамытудағы орны мен мәні. .......................
5.2 Тілдердің құқықтық (заңды) мәртебелері. .............................
5.3 Мемлекеттік тіл: мәні мен қызметі.. ......................................
5.4 Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді өмірге енгізу 
мен дамыту проблемалары: мемлекеттік тіл және тіл саясаты. 
6 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВСТИКАНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША №1 ҚР-дағы тілдердің құқықтық базасын қалып-
тастыруға байланысты қабылданған құжаттар. ..........................
ҚОСЫМША №2 Әлемдегі және ҚР-дағы тілдер, олардың сөйлеу-
шілері мен қолданылуы туралы статистикалық материалдар. ..
ҚОСЫМША №3 Әлеуметтік лингвистика бойынша тест 
сұрақтары.... ....................................................................................
ҚОСЫМША №4 Әлеуметтік лингвистикалық сауалнама 
үлгісі. ...............................................................................................


6
КІРІСПЕ
Еліміздің жоғары оқу орындарында тіл маманын, мұғалім-
тілшілерді даярлауда, олардың лингвистикалық танымын кеңейту 
мен тереңдетуде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» атты 
жалпылингвистикалық курстарға үлкен мән беріледі. Бұлар тіл, 
оның табиғаты, тарихы мен даму заңдылықтары, лингвистикалық 
талдау, зерттеу әдіс-тәсілдерінен біршама толық теориялық 
мәліметтер береді. Тіл біліміндегі осындай іргелі курстардың 
бірі - өзіндік зерттеу әдістері мен бағыттары бар әлеуметтік лин-
гвистика болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы қол жеткен та-
быстары мен нәтижелері ұлан-ғайыр. Соған қарамастан аталған 
жалпылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеуметтік лин-
гвистика қазіргі тіл білімінің бір бағыты ретінде жалпылама ғана 
қарастырылады. Оның өзіндік зерттеу проблемалары, ұғымдық-
терминологиялық аппараты ашылып көрсетілмейді. Ал кейбір 
негізгі мамандық топтамасындағы пәндерде тілдік материалды 
әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан қарау, талдау жағы мүлдем 
жоқ. Бұларда тілді оқыту мен меңгертудің дәстүрлі әдістері 
сөздіктер мен грамматикаға негізделіп, ол тілдің ішкі жүйесіне, 
сөзді дұрыс пайдалану мен синтаксистік құрылысқа ғана байла-
ныстырылады. 
Шындығында тілді пайдалану мен қолдану сөйлеушілердің 
әлеуметтік сипаттамасына және сөйлеу жағдаятына байланысты 
болатыны белгілі. Демек, тілді оқытудың тиімділігі сол, оны оқыту 
әдістемелерінде, оқу құралдарында тек дәстүрлі лингвистикалық 
ережелер мен ұсыныстар ғана қамтылмай, әртүрлі мәндегі 
«сыртқы» факторлармен, яғни тілдің қоғамдағы мәні, дамуы мен 
қызмет етуі, қоғамның тілге, тілдің қоғамға әсер ету мәселелерімен 
айналысатын бірден бір пән әлеуметтік лингвистикаға ерекше 
көңіл бөлінетін уақыт әлдеқашан туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет