Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет7/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Б.Н.Головин әлеуметтік лингвистика пәні мен оның міндеттерін 
қарастыра отырып, оны кең және тар мағынада сипаттауға бола-
ды дейді. Ол тілдің құрылымы мен оның қызмет етуін анықтай 
келе, тілдің әлеуметтік саралануы мәселесіне басты назар ау-
дарды. Сөйтіп, тілдің әлеуметтік саралануының төмендегідей 
жағдайларын көрсетеді:
1. Аумақ бойынша саралануы (бұл жергілікті, аумақтық 
диалектілердің болуынан көрінеді).
2. Сөйлеу материалының түрі бойынша саралануы (бұл жалпы 
тілдің ауызша және жазбаша формаларынан көрінеді).
3. Сөйлеу үдерісінің құрылымы бойынша саралануы (бұл тілде-
гі диалогтік және монологтік варианттардан байқалады).
4. Әлеуметтік ұжымның типі бойынша саралануы (бұл функ-
ционалдық стилдерден көрінеді).
5. Халықтың әлеуметтік тобы, жігі бойынша саралануы (бұл 
тілдегі кәсіптік, әлеуметтік варианттардан байқалады).
6. Сөздік шығармалардың жанры мен типі бойынша саралануы.
7. Сөздік шығармалардың авторлары бойынша саралануы (бұл 
тілдің варианттарының варианттарынан байқалады) [3].
Б.Н.Головин әлеуметтік лингвистиканы кең мағынада қарас-
тыра отырып, былай дейді: «...должна обьять всю систему» «пол-
скосных» членении языка, всю систему его вариантов». Ал тар 
мағынада: «...прежде всего то членение функционирующеге языка
которое возникает под влиянием свойстевенных обществу раз-
личных его социальных групп, - дейді [4,60.]. 
Автордың әлеуметтік лингвистиканы кең мағынада қарас-
тыруында оның зерттеу нысанына мынадай сұрақтарға жауап бе-
руді атап көрсетеді:
1. «Чем отличаетсия функционирование языка (а можеть 
быть, и какие-то элементы его структуры), когда он принима-
ется взрослыми, молодежью и детьми? Рабочими, крестьянами и 
представителями интелегенции?


16
2. Чем отличалось функционирование языка (и элементы его 
струкруры), когда он использовался в дореволюционный период 
русской истории дворянами,, купечеством , духовенством , кре-
стьянами?
3. Как влияет на структуру речи ситуация общения?» [3]. 
Б.Н.Головиннің әлеуметтік лингвистика пәнінің қарауына жата-
тын проблемаларды кең және тар мағынада толықтыруында, алды-
мен проблеманы сипаттама (синхрондық) түрде, оның ішінде екі 
не одан көп тілдің бір социумдағы қызмет етуі емес, бір ғана тілдің 
(халық тілі немесе этнотілдің) қызметімен ғана байланыстырып 
қарайтынын көруге болады. Сондай-ақ берген анықтамаларында 
кейбір мәселелер, айталық, тілдің шығуы мен дамуындағы өзара 
әлеуметтік бірлік, тілге әлеуметтік факторлардың әсерлі рөлі т.б. 
айтылмаған.
Әлеуметтік лингвистиканың проблемалары туралы көптеген 
жылдар бойында зерттеп, еңбектер жазған белгілі тілші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет