67
Креоль-тіл өзінің пайда болуын пиджиннен бастап, біртіндеп
өздігінен дамып жетіледі, бірақ ол құрылымдық жағынан екінші
қосалқы тіл болып табылмайды. Пиджин-тіл ешқашан белгілі бір
этностың ана тілі болмайды, ол тек әр түрлі тілдік ортадағы қарым-
қатынасты қамтамасыз ету қажеттігінен пайда болған қосалқы
(көмекші) тіл ғана. Ал креоль-тіл ана тілі дәрежесіне (көпшілігінде
пиджин-тілді тұтынушылардың екінші ұрпағы үшін) көтерілуі
мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі тілдік ортада этносаралық, тіпті
ұлтаралық тіл қызметін атқаруы да мүмкін.
Бүгінгі таңда креоль-тілде сөйлеушілер саны күн санап өсуде.
Өйткені креоль-тілдің негізі ағылшынтілді, французтілді, испан-
тілді және португалтілді пиджиндер болып табылады [27,301-
302.].
Достарыңызбен бөлісу: