208
басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселе бо-
лып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және діни бір-
лестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді.
3-бап.
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар
Қазақстан Республикасындағы
тіл туралы заңдар Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан,
тілдерді қолдануға және дамытуға
қатысты Қазақстан Респуб-
ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына,
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты-
настардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,
заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып
табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының
әрбір азаматының парызы.
Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті
өкілді және атқарушы
органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша
дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының
барша азаматтарының мемле-
кеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдас-
тырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін
көмек көрсетуге міндетті.
5-бап.
Орыс тілін қолдану
Мемлекеттік ұйымдарда және
жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-бап.
Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы
209
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен
дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты
тұратын жерлерде іс-шаралар
өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін.
7-бап.
Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азамат-
тардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің
қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды
адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
II тарау
Достарыңызбен бөлісу: