Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты - оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.